Қазақстанның ашық кітапханасы
160
танымдық сабақтастық желісі бойынша да дамиды. Алайда бұл жерде мұның біріншісінің
айқындаушы рөл атқаратыны айдай айқын нәрсе екені белгілі. Таным саласындағы
сабақтастықтың болуы да даусыз нәрсе. Бірақ оның атқаратын рөлін шектен тыс асыра
көрсетудің кез келген түрі буржуазиялық ғылымның қол жеткізуге қабілеті бар нақты
нәтижелерді және оның жасаған әрі назар аударуға әбден тұрарлық зерттеу тәсілдерін
игеруіміз жөніндегі мәселені шешуді оңтайлатпайды, қайта қиындатып жібереді.
Кеңестік ғалымдар, маркстік-лениндік теорияны басшылыққа ала отырып, жалпы
ғылымдық әдістеме мен тарихи ғылымның жеке әдістемесінің ажырамастай берік негіз
ретіндегі тұтастығын ұдайы назарда ұстайды. Дерек танудың теориялық және әдістемелік
мәселелері жөніндегі мақалалардың арнайы шығарылған жинағының редакциялық алқасы
өзінің жазған алғысөзінде «әдістемені әдістің өзінен бөліп алып қарауға болмайды, ал
мұның соңғысы тарихи танымның бүкіл үдерісін, соның ішінде оның кейбір жақтары мен
басқыштарының теориялық тұстарын да қамтиды» деп өте дұрыс атап көрсеткен («Дерек
көздерін тану. Теориялық және әдістемелік проблемалар». Мәскеу. 1969. 5-бет). Алайда
зерттеушілердің арасында, соның ішінде осы жинақ авторларының арасында да, зерттеу
техникасының ғалым ұстанған идеялық бағыт-бағдарға қатысты «бейтараптық» идеясына
деген қатынастың қандай екенін жеткілікті айқын және бір мағыналы етіп
тұжырымдамағандары да бар. Мысалы, дерек тану тақырыбына жазылған бірқатар
еңбектің авторы, белгілі тарихшы Б.Г.Литвак былай деп жазады: «...тарихтың ғылым
ретіндегі таптық сипатының сөзсіз екендігіне қарамай, тарихи танымда пәнді зерттеу
тәсілдері зерттеушінің таптық ұстанымына бейне бір енжар бейтараптылық танытатын
тәсілдер объективті түрде орын алады. (Б.Г.Литвак. «Дерек көздерін тану. Теориялық
және әдістемелік проблемалар». Мәскеу. 1969. 103-бет), оның үстіне, тап мұндай тәсілдер
«нақты дерек танудың діңгегі» болып табылады (бұл да сонда). Осыған ұқсас пікірлер
философ ғалымдар А.Вербин мен А.Фурманның кітабында да айтылады: «... «тарихи
зерттеу техникасының» әдістемеден айырмашылығы идеологиялық сабақтастықтың
заңдары бойынша емес, қайта танымдық сабақтастықтың заңдары бойынша дамитынында
екенін естен шығармау керек. Марксистік дерек тану шеңберінде буржуазиялық дерек
танудың көптеген тәсілдері мен әдістерінің сақталып қалып отырғанын осындай
жағдаймен түсіндіруге болады» (А.Вербин, А.Фурман. «Тарихи материализмнің
ғылымдар жүйесіндегі алатын орны». Мәскеу. 1965. 105-бет). Аты аталған авторлардың,
атап айтқанда, Б.Г.Литвактың еңбектерін мұқият зейін қоя отырып оқу бұл жерде біздің
әлдебір сәтсіз, сын ескертпелер жасауға әбден лайықты тұжырымдамаға тап болып
отырғанымызды көрсетеді. (К.Г.Левыкин. «Вопросы истории» журналы. 1972. 153-154-
беттер). Бірақ мұның өзі зерттеу техникасының әдістемелік «бейтараптығы» идеясының
кеңес ғалымдары тарапынан әлдебір саналы қолдау таба қояды дегенді тіпті де
білдірмейді.
Тарихи зерттеулер әдістемесінің тарихшының ұстанған әдістемелік бағыт-бағдарына
қатысты «тәуелсіз» болуы жөніндегі идея кеңестік ғылыми әдебиетте талай рет сынға
алынған болатын. Бұл мәселе әсіресе А.И.Даниловтың еңбектерінде кеңінен баяндалып,
түсіндірілген. Ол былай деп жазды: «Тарихи зерттеу техникасының бейтараптығы»
туралы тезис тарихи білімнің бүкіл тарихына қарама-қайшы келеді. Тарих ғылымындағы
әрбір жаңа бағыттың пайда болуы өзінің көрінісін жаңадан ашылған идеялық-әдістемелік
принциптер негізінде тарихи өмір шындығын қарастырудан ғана емес, сонымен қатар
жана дерек көздерін, тәсілдерін, тарихи құжаттарды белгілі бір бағыт өкілінің
қызығушылығын тудыратын проблемаларға қатысты қолдануға болатындай етіп
зерттеудің және пайдаланудың жаңа әдістемесін жасаудан да әрқашан тауып алады.
(А.И.Данилов. «Ерте орта ғасырдағы аграрлық тарихтың неміс тарихнамасындағы
проблемалары». Мәскеу. 1958. 8-9-беттер). Шамасы, тап осындай бағыт-бағдарды