Page 158 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
158
аудару керектігін айтады. «Тарихи деректі қайта қарастыру дегеніміз өз дәуірінің
көзқарасы тұрғысынан дүниежүзілік тарихтың бүкіл қозғалысын, жүріп өткен жолын
игеру үдерісі болып табылады. Ол үдеріс зерттелетін және бүгінгі таңда қолданыстан
«алынып тасталған» мәдени мұра ретінде қарастырылмайтын, бірақ өткен замандағы және
қазіргі болып жатқан оқиғалардың... «салыстырмалы түрдегі бірмезгілділігі» түрінде
алынатын деректің төңірегіне шоғырланады. Дерек қайта құрылған деп...
«дешифровщиктің» (шифрды түсінікті етіп жай жазуға айналдырушының) қызметі сол
«деректің» әлеуметтік тұрғыдан соншалықты қайталанбайтындығына қарамай, тарихи
маңызын анықтауға қосылған кезден бастап саналады. (В.С.Библер. Бұл да сонда. 101-бет.
К.Г.Левикин. «Вопросы истории» журналы, 1972. №1. 154-156-беттер).
Ғалым-марксистердің еңбектерінде тарихи дерекке берілген анықтамалардың елеулі
түрдегі кейбір өзгеше белгілері сол ұғымның өзінің екіжақты болуына, бір жағынан,
тарихи өмір шындығының бір бөлшегі деген мағынадағы дерекке жататындығына, екінші
жағынан, сол нысанның ғылыми-танымдық бейнесі мағынасындағы дерекке
жататындығына байланысты. Оларды бір-бірімен бірдей етіп теңестіруге де, бір-бірінен
бөліп алып, жекешелендіруге де болмайды. Бұл ұғымдардың бір-бірімен жақындығы
күмән туғызбайтын жағдайдың өзінде бір-бірінен елеулі айырмашылығы да бар екенін
атап көрсету үшін кейбір ғалымдар, атап айтқанда польшалық зерттеуші ғалым Целина
Бобиньская, «тарихнамалық дерек» деген ұғымды енгізуді, сөйтіп, оны ғылыми-танымдық
бейне тобына қосуды, ал «тарихи дерек» деген терминді бұрынғы заман оқиғаларының
тарихшы санасынан өтпеген, қайта тарихи даму үдерісінің тікелей нақты бүгінгі
бөлшектеріне қатысты пайдалануға болатындай етіп қалдыра беруді ұсынды. Мұндай
болу пайдалы болар деп ойлаймыз. Өйткені осы уақытқа дейін қолданыста болып келген
терминнің екі жақтылығын қалай түсінуді жеңілдете түседі және тарихи деректі «ғылыми
құрылым» ретінде анықтайтын марксистердің ұстанған гносеологиялық бағыт-бағдарына
айқындық енгізеді. (W.Kula. «Rozwazania о historii». Wroclaw, 1958). Мәселеге осы
тұрғыдан келуді бағалай келіп, Ц.Бобиньская былай деп жазады: «Дерек дегеніміз ғылыми
құрылым» деген анықтаманың бізге қолайлы болатын себебі — ол зерттеу жұмыстарының
үдерісіндегі күрделіліктің сыры неде екенін ашып көрсетеді, зерттеушінің жұмсаған
индуктивті және дедуктивті күш-жігеріне сипаттама береді, сондай-ақ сол күш-жігердің
нәтижесінде тарихнамалық деректің қалай пайда болатынын көрсетеді. Алайда бұл
формуланың қолайсыз болатын жағдайлары да бар: егер ол тарихи ақыл-ой мен тарихтың
өзінің арасындағы қарым-қатынасты білдіруі тиіс болса, егер ол тарихшылардың
творчестволық ақыл-ойының молдығы зерттеу нысаны болып табылатын нақты өмір
шындығынан пайда болған немесе пайда болатын байланыстар мен құрылымдардың
байлығын озбырлықпен басып-жаншуға және алмастыруға тиіс болса, онда оны
қолданудың қажеті болмайды» (C.Bolinska. «Historyk, fakt, metoda», Warczawa. 1964. 49-
50-беттер). Тап осындай пікірді және бір польшалық тарихшы Ежи Топольский де
білдірді. Оның «Тарих әдістемесі» деген көлемді монографиясы соңғы жылдары
Польшада кітап болып, екі рет басылып шықты. Атап айтқанда, сол кітабында ол былай
деп жазды: «Зерттеу пәні ретіндегі деректен бір айырмашылығы — мұнда тарихшы
жүзеге асырған қайта құрастыруды (бірақ әлі тарихи пайымдауға айналмай тұрып, оны
тұжырымдау үшін қажет материалды) тарихнамалық дерек деп атай бастады» (J.Topolski.
«Metadologia histori». Warszawa. 1968. 160-бет. Сондай-ақ, Ю.Дуткевичті қараңыз.
«Советское славяноведение» журналы. 1966. №5. 131-бет).
Әдістемелік әдебиетте және бір әрекетті — деректерді тарихи және тарихи емес деп
бөлуді — теориялық тұрғыдан негіздеуге тырысушылық байқалады. Бұл әрекетті едәуір
мөлшерде ойдан шығарылған деуге болады. Ал егер оның әлдебір мән-мағынасы бар
дейтін болсақ, зерттеу жұмысына қосымша ретінде тіркеуге ғана жарарлық нәрсе екені