Page 152 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
152
мөлшерде бөлініп шығарыла алады. Ульмердің пікірі бойынша, әлеуметтану заңдар
туралы ғылым болып табылады, ал тарихты жекелеген бірегей деректер мен оқиғалар
туралы ғылымдар қатарына қосуға болады (Н.Ирибджанов. Бұл да сонда. 182-185 беттер).
Тарих пен әлеумет танудың арасындағы айырмашылықтарды анықтау үшін буржуазиялық
авторлар жалпы мен жекені бір-біріне қарсы қоюды ғана емес, сонымен қатар оған
себептілік байланыстың белгісін де пайдаланады. Әлеуметтанушы, деп мәлімдейді олар,
жаппай болатын құбылыстарды зерттейді және оның міндеті олардың неге солай
болуының себептерін іздестіру болып табылады. Ал тарихшы, олардың пікірі бойынша,
тарихи оқиғалардың қалай болғандығының себептері туралы ұғым ол үшін «бекер
қызықтайтын бос қиялға» айналған кезде ғана табысқа жете алады. Ол үшін тарихшының
зерттеу пәні тарихи дерек көздерінде бейнеленген әлдебір «ерекше, көрнекі, нақты,
бірегей және жеке» нәрсе болуы тиіс, сондай-ақ ол өзінің зерттейтін нысанына қатысты
индетерминистік (себептік байланыстылықты теріске шығаратын) көзқараста болуы
керек.
Алайда буржуазиялық кейбір ірі-ірі көрнекті тарихшылар мен әлеуметтанушылар
индетерминизм қағидаттарын қабылдай алмады және қабылдаған да жоқ. Олар былай деп
мәлімдеді: тарихшы басы бірікпейтін әр түрлі деректерді жинау арқылы және олардың
арасында қандай себептік байланыстардың бар екенін ескермей жұмыс істеу арқылы
әлдебір пошта маркаларының алуан түрін жинайтын қатардағы қарапайым
коллекционерге ұқсап кетеді. Тарихи үдерістің детермирлендірілгеніне деген сенім әдетте
тарих пен әлеуметтану бір-біріне қарсы қойылмауы тиіс деген кәміл сенім ұялатады. Бұл
ретте ағылшын тарихшысы Э.Каррдың көзқарасын айта кетуге болады. Оның пікірі
бойынша, жинақтап қорытындылау әдісі тарихқа жат деген сөздерде ешқандай мән -
мағынаның болуы мүмкін емес. Тарих, деп атап көрсетеді Карр, жинақтап қорытындылар
жасау арқылы өсіп-жетіледі, ал тарихты зерттеу дегеніміз себептік байланыстарды зерттеу
болып табылады. Мұның өзі — жай ғана суреттеу емес, мәселенің мән-мағынасын
түсіндіру (А.М.Нейман. «Тарихи ғылым және қазіргі заманның кейбір проблемалары.
Мақалалар мен талқылаулар». Мәскеу. 1969. 177-191-беттер).
Осы айтылғандардан мынадай жағдайды айқын көруге болады: буржуазиялық ғылымда
тарихты әлеуметтанудан бөліп қарастыратын да, оларды бір-біріне жақындастыруға ықпал
ететін де бағыт бар. Таяуға дейін бір ғылымды екінші ғылымға қарама-қарсы қою бағыты
тым басым болып келді. Олардың бір-біріне өзара жақындасуға ұмтылуы 60-жылдардың
бас кезінде байқалды. Мұның өзіне әлеуметтану эмпиризм! мен идиографизмге риза
болмаушылық елеулі ықпалын тигізді... Бұл екі ғылымның да әдістемелік дағдарысының
кезекті күшейе түсуі жағдайында буржуазия идеологтары тарихи материализм
идеяларының Батыстағы қоғам танушы ғалымдарға тигізетін ықпалын мейлінше кемітудің
жолын іздеп табуға тырысып бақты.
Мамандар буржуазиялық «тарихшылдық дағдарысының» осымен үшінші рет күшейіп
отырғанын өте әділ атап көрсетуде. Мұндай жағдай бірінші рет XIX ғасырдың аяқ кезінде
позитивизмді жақтаушылар Леопольд Ранкенің заманынан бері келе жатқан дәстүрден
басым түскен кезде орын алды. Екінші дағдарысты кезең XX ғасырдың 20- 30-жылдарына
сай келді. Бұл кезде классикалық позитивизмді Ницше мен Шпенглердің идеялары
арқасында едәуір «жетілдіріле түскен» неокантшылдық әдістеме ығыстырып шығарды.
Дағдарыстың ендігі жаңа, үшінші кезеңі, міне, өзіміздің көз алдымызда кеңінен етек алып
келеді. Бұл дағдарыс маркстік тарихи ғылым ықпалының арта түсіп отырғандығына
тікелей байланысты... (К.С.Гаджиев. «Вопросы истории» журналы. 1972. №7, 182-189-
беттер).