Page 151 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
151
Тарихты әлеуметтануға айналдыруға, оны кеңінен танымал болған әлеумет тану
ғылымының жұтып қоюына бағытталған көзқарастардың бірі, міне осындай. Бұған
тікелей қарама-қарсы көзқарас та болды. Ол әлеуметтанудың өзін тарих ғылымының бір
бөлігі ғана деп білді. Бұл көзқарасты жақтаушылар әлеумет тану салыстырмалы түрде
алғанда тарихи дамудың әлеуметтік элементтеріне байланысты тар көлемді міндеттерді
шешумен ғана айналысуы тиіс, ал кен көлемді, бәрін де қамтитын жинақтаушылық әдіс
тарих ғылымының еншісіндегі нәрсе деп мәлімдейді.
Тарих пен әлеумет танудың әдістемелік тұрғыдан алғандағы бір-бірімен өзара жақын
екені туралы қорытындыға неокантшыл Г.Рик- керт, Э.Мейер және басқалары мүлде басқа
уақытта және басқа жолмен келді. Риккерт, «ешқандай да заңдылықты мүлде қажет
етпейтін ғылымдар да өмір сүре алады» деп санай келіп, тарихты тап сондай ғылымдар
саласына жатқызды және ол нақты өмір шындығындағы жалпы сипаттағы нәрселерді
емес, жеке сипатты нәрселерді зерттеумен айналысуы тиіс деп пайымдады. Ол былай деді:
«бұдан ол өзінің ғылыми маңызын тіпті де жоғалтпайды, өйткені [...] жеке сипатты
нәрсенің өзі де ғылыми қызығушылық тудыра алатын пән болып табылады» (Э.Мейер.
«Тарихтың теориялық және әдістемелік мәселелері. Философиялық-тарихи зерттеулер. 2-
ші басылуы. Мәскеу. 1911. 35-ші бет). Тап осындай бағытты Э.Мейер де ұстанды. Ол
былай деп жазды: «...менің көпжылдық тарихи зерттеулер жүргізуімнің барысында бірде-
бір тарихи заңды ашуымның сәті түскен жоқ. Сондай-ақ өзге тарихшылардың
еңбектерінен де ондай заңдарды кездестіре алмадым. Сондықтан да мен тарихи заңдар
дегеніміз тек идея жүзінде ғана өмір сүреді, сипаттап жатуды керек етпейтін постулаттар
түрінде ғана кездеседі деп батыл айта аламын. Тап осы сияқты жалпылама жаппай
құбылыстар саласында да, мысалы, экономикалық тарих саласында да, ешқандай заң
атаулы жоқ, оның есесіне салыстырулар жасау жолымен жасалған тәжірибеге негізделген
эмпириялық жалпы қорытындылар ғана бар...» (Бұл да сонда. 36-бет). Жоғарыда аттары
атап көрсетілген ғалымдар қоғамның даму заңдылықтарының бар екенін әлеумет тану
саласындағы және тарих саласындағы мән-мағынасын да жоққа шығара отырып, бұл
ғылымдарды бір қатарға қойып, бір-бірімен жақындастыра түсті. Бірақ оларды
соншалықты дәрменсіз төмен деңгейде жақындастырды.
Осы атап көрсетілген екі бағыт та, өздерінін бір-біріне қарама-қайшы екендігіне қарамай,
қайткен күнде де тарих пен әлеумет тануды өзара біріктіруге бағытталды. Бірақ
буржуазиялық әдебиетте соңғы бірнеше онжылдықтар ішінде бұл ғылымдарды бір-біріне
түбірімен қарама-қарсы қоюға тырысатын, оларды бір-бірінен толық және біржола
бөлінуге шақыратын тұжырымдамалар барған сайын едәуір жиі ұшырасатын болды.
Оларды мұндай қарама-қарсылыққа қоюдың көп жағдайдағы теориялық негізі
неокантшылар жақтаған, содан кейін кеңінен етек алып кеткен ғылымдарды заңдар ашуға
қабілетті (бұған әлеумет тану ғылымы жатқызылды) және суреттеме жасауға ғана
қабілетті (бұлардың қатарына тарих ғылымы қосылды) ғылымдар деп бөлуде жатыр. Бұл
жерде неопозитивист К.Поппердің және экзистенциалист К.Ульмердің пайымдауларын
айқын мысал ретінде келтіруге болады.
К.Поппер өзінің «Ашық қоғам және оның жаулары» деген кітабында ғылымдарды
теориялық немесе жинақтап қорытындылаушы, және қолданбалы немесе тарихи деп екі
топқа бөледі. Мұның соңғыларының қызығушылығы әмбебап заңдарға емес, тек
жекелеген оқиғаларға ғана шоғырландырылады. Бұдан келіп, Попперде әлеумет тану
ғылымдардың бір тобына, ал тарих — екінші тобына жатқызылады. Сонымен қатар ол,
айталық, теориялық физика сияқты заңдар тудырып, қалыптастыратын ешқандай да
әлеуметтік ғылым бар деп мойындамайды. Ал К.Ульмердің ұстанған бағыты «заңдар
туралы ғылымдар» мен «жеке оқиғалар туралы ғылымдарды» бір-біріне қарсы қоюға
негізделген. Олар табиғат тану ғылымдарынан да, қоғамдық ғылымдардан да бірдей