Page 150 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
150
Болгариялық философ Н.Ирибаджаков философия «тарихтың әдістемелік рөлін ақтармай
тұра алмайды» (Н.Ирибаджаков. Бұл да сонда. 177-бет) деген кәміл сенімде екенін айтады.
Кеңес тарихшысы М.В.Нечкина өзінің бұл мәселеге қатысының қандай екенін былай
тұжырымдайды: «Тарихшылар тарихтың әдістемесін қолданумен айналысуы, оның үстіне,
тікелей етене әрі күні бойы айналысуы тиіс... Сонымен қатар тарихтың әдістемесін тарихи
материализмнен бөліп қарудың ешқандай қажеттігі жоқ. Өйткені тарихтың әдістемесі —
оның жүйесінің бөлінбес органикалық элементі» (М.В.Нечкина. «Тарих және әлеумет
тану», Мәскеу, 1964. 226-бет)...
Тарих пен әлеумет тану арасындағы байланыстар бұдан да тығыз. Өткен заманға
бағытталған тұрғыдан қарағанда бұл ғылымдардың алдында тұрған міндеттер бірдей
дерлік. Ол міндеттер - адамзат қоғамын тұтас алғандағы оның даму заңдылықтарын ашу.
Әлеумет тану ғылымының XIX ғасырға дейін алғаш пайда бола бастаған нышандары
әдетте ғылым тарихында онды рөл атқарды — қоғамдық дамудың себептік жағдайларын
іздестіру барысындағы күш-жігерді біріктіре жұмсауға ықпал етті. Жалпы әлеумет тану
теориясы ретінде пайда болған тарихи материализм гуманитарлық ғылымдардағы өз
мақсатын көздеген көзбояушылық идеалистік доктриналарға батыл соққы берді және
ғылыми әлеумет танудың негізін қалады. К.Маркс, Ф.Энгельс, В.И.Ленин жалпы
теориялық проблемаларды талдап қана қойған жоқ, сонымен қатар бірқатар жағдайларда
қоғамдық құрылысты зерттеудің тәжірибеге негізделген эмпириялық әдістерін де
пайдаланды. Оның үстіне, мұның өзін сан алуан түрлі салаларда практика жүзінде
қолдану үшін көп нәрсе жасады. Марксистік ғылымдағы әлеумет тану мен тарих барлық
уақытта да бір-бірінен ажырамас бірлікте дамытылып отырды.
Әлеумет танудың марксизмнен тыс дамуы мүлде басқаша жолдармен жүріп өтті.
Буржуазиялық әлеумет танудың шежіресі позитивизмнің негізін қалаушы О.Конттан,
оның қоғамдағы даму заңдарын тәжірибеге негізделген эмпириялық жолмен ашпақ болған
«әлеуметтік
физикасынан»,
сондай-ақ
антропологиялық
және
этнографиялық
материалдарға негізделген орасан зор көлемдегі әлеумет тану жүйесін құрған
Г.Спенсерден бастау алады. XX ғасырдың бас кезінде әлеумет тану саласындағы
антипозитивистік ағым Э.Дюркгеймнің «әлеуметтік шыр бұзарлық қылықтарды»
зерттеуге жол ашқан өзіне-өзі қол жұмсап, өлтіру статистикасы туралы кітабынан және
әлеуметтану - тарихи танымның өзіндік ерекшеліктерін зерттеуге әрекет жасап көрген
М.Вебердің жұмыстарынан айқын көрінді. Қазіргі буржуазиялық әлеумет тану қоғамның
даму және өмір сүру заңдылықтарын оны тұтас көлемінде алып та, сондай-ақ жекелеген
топтар, мекемелер, кәсіпорындар көлемінде алып та зерттей береді. Капиталистік
елдердегі әлеумет тану ғылымы бұрыннан келе жатқан дәстүрді едәуір бұзды және
тәжірибеге негізделген эмпириялық қолданбалы ғылымға айналды. Қазір оны тап осы
сапасында буржуазиялық мемлекет те, жекелеген монополиялар да немесе ірі-ірі
кәсіпкерлер де кеңінен пайдаланады.
Тарих пен әлеуметтанудың буржуазиялық ғылымдағы өзара қарым-қатынасы әр түрлі
жолдармен қалыптасты. Байырғы қарт позитивистерге нақты тарихи зерттеулер мен
олардың қорытынды нәтижелеріне деген менсінбеушілік, жек көрушілік қатынасы тән
болды. Мұның өзі тарихшылардың әлеумет танушылармен жақындаса түсуіне, сөйтіп, ол
екі ғылым арасындағы өзара үйлесімді қарым-қатынастар орнатуына игі ықпалын тигізе
алған жоқ. О.Конт пен оның жолын қуушылар тарихты жекелеген деректерді суреттеумен
айналысқанға дейін өз алдына ғылым бола алған жоқ деп санады. Сонымен қатар олар бұл
айтқандарынан бас тартып, тарих әлеумет тану ғылымының құрамына еніп кетті, яғни
тағы да өз алдына дербес пән болудан қалып, әлеумет танудың құрамдас бір бөлігіне ғана
айналды деп пайымдады.