Қазақстанның ашық кітапханасы
149
айқын мысалын италиялық неогегельяншы Д.Джентиле көрсетті. Ол былай деп мәлімдеді:
философия рухани нақты шындықты түгел қамтиды да, тарихтың пайда болуы үшін
«қолайлы шындықты» қалдырмайды (Э.Гарин. «XX ғасырдағы Италия философиясының
хроникасы». 1965.251-бет). Бұған неғұрлым айқын қарама-қарсы пікір білдірген де
италиялық философ әрі тарихшы Б.Кроне (1866-1952) болды. Джентиленің бұл отандасы
философияның өзін тарихтың қойнауындағы ерітіндіге айналдырып жіберу оп-оңай деп
санады және тарихи танымды «бірден-бір ақиқат таным» деп жарияламақ болды
(Б.Р.Лопухов. «Вопросы философии» журналы. 1970. №1. 101-109 беттер).
Мәселенің басын ашып, анықтап алу үшін марксизм ілімінің негізін қалаушылардың
ғылымдарды қалай жіктегеніне назар аударайық. Біз жоғарыда олардың табиғат туралы
ғылым болып табылмайтын ғылымдардың барлығын да бірқатар жағдайда тарихи
ғылымдар деп атағанын айтып өткен болатынбыз. Ф.Энгельс Ф.Мерингтің бірқатар өте-
мөте әдістемелік сипаты бар сұрақтарына жауап қайтара келіп, атап айтқанда, 1893 жылғы
14-шілдеде жазған хатында «тарихи идеолог» деген сөздерге мынадай түсінік берді:
«...бұл жерде «тарих» деген сөз саяси, заңнамалық, философиялық, теологиялық деген
ұғымдардың жинақы термині» дегенді ғана білдіреді, — қысқартып айтқанда, тек
табиғатқа ғана емес, қоғамға қатысты салалардың барлығы үшін тап солай...» (К.Маркс,
Ф.Энгельс. Сочинения. Том 39, стр 83). Ғылымдарды жіктеудің және бір нұсқасы
Ф.Энгельстің «Анти-Дюрингінде» беріледі. «Танымның бүкіл саласын, — деп атап
көрсетілген онда, — біз өзімізге атам заманнан белгілі тәсіл бойынша, үш ірі тарауға
бөлеміз». Оның біріншісіне «мол немесе аз мөлшерде математикалық өңдеуге болатын
жансыз табиғат туралы ғылым атаулының бәрі», екіншісіне — «тірі ағзаларды зерттейтін
ғылымдарды», ал үшіншісіне — ғылымдардың тарихқа қатысты тобы, яғни «олардың
тарихи сабақтастығы және қазіргі жағдайында адамдардың өмір сүру тіршілігінің қандай
дәрежеде екенін, олардың қоғамдық қатынастарын, философия, дін, өнер сияқты тағы
басқа да тамаша қондырғыларымен қоса алғандағы құқықтық және мемлекеттік үлгілерді,
тағы басқаларын» зерттейтін тобы жатқызылған (К.Маркс, Ф.Энгельс. Сочинения. Том 20,
стр.88-90).
Сонымен қатар Ф.Энгельс «тарих» терминін бұдан басқа, неғұрлым тар мағынада талай
қолданған болатын. Алайда, сөйлемнің мазмұнына қарағанда, марксизмнің негізін
қалаушылардың тарих пен философияны мейлінше дербес екі ғылыми пән ретінде
қабылдағаны ешқандай күмән тудырмайды. Мысалы Ф.Энгельс «Анти-Дюрингке» жазған
алғы сөзінде Дюринг мырзаның және сол сияқты басқа біреулердің де «поэзияда,
философияда, саясатта, саяси экономикада, тарихта...» пәтуасыз лепіріп, босқа сөйлей
беретінін сынға алады (бұл да сонда. 7-бет).
Философия табиғат пен қоғам дамуының барынша жалпы заңдары туралы ғылым
болғандықтан да, қоғамдық нақты ғылымдардың бірі ретіндегі тарихтан өзгешеленбей
тұра алмайды. Ол өзгешеліктері оның зерттеу пәнінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты
болып келеді. Алайда бұл ретте ең алдымен олардың құралдарының бірдей емес екендігі
көзге түседі. Танымның тарихи және логикалық деп аталатын негізгі екі түрі бар екені, ал
олардың бір-бірімен өзара байланысты екендігі, сондай-ақ бір-бірінен елеулі түрде
өзгешеленетіндігі де бұрыннан белгілі. Тіпті олардың зерттейтін құбылыстары бірдей
болған күннің өзінде де философия басым көпшілігінде танымның логикалық әдісін, ал
тарих саласы — сол салаға тән әдісті қолданады. Ғылымның табиғаттағы зерттеуіне
жататын таным нысандарының объективті түрдегі айырмашылығы, бір жағынан, олардың
нақты және әр кезде өзгермейтін тұрақты ішкі құрылымынан, ал, екінші жағынан, —
олардың себептік байланыстағы генезисі мен дамуынан көрінеді.