Қазақстанның ашық кітапханасы
148
жатады: дерек көздерін тану (тарихи дерек көздерін оқып үйретудің, зерттеудің және
пайдалана білудің теориясы мен әдістемесі); археография (жазбаша дерек көздерін басып
шығару мәселелері); палеография (жазу тарихы, оның графикалық түрлерінің даму
заңдылықтары); дипломатика (заңнамалық, әлеуметтік-экономикалық және басқа да
тарихи актілердің түрлері мен мазмұнын оқып үйрену); генеалогия (рулардың,
әулеттердің шығу тегін зерттеу және шежірелер жасау); геральдика (герб (елтаңба)
түрлерін зерттеу); метрология (өткен замандарда қолданылған ұзындық, аумақ, көлем,
салмақ өлшемдерін зерттеу); хронология (өткен замандарда қолданылған жыл санау және
уақытты күнтізбелік өлшем бойынша санау жүйесін зерттеу); нумизматика (өткен
замандардан сақталып қалған металл және қағаз ақшалар, басқа да ескерткіш заттар
бойынша металл және қағаз ақшалар басып шығару мен ақша айналымының тарихын
зерттеу); сфрагистика (мөрлердің тарихын зерттеу). Тарих ғылымдарының тобындағы өз
алдына дербес пәндер болып археология мен этнография саналады. Өйткені бұлар зерттеу
жұмыстарының өзіндік ерекше әдістемесін талап ететін дерек көздерінің түрлерімен
жұмыс жүргізуіне тура келгендіктен де, өз алдарына жеке дара бөлініп шыққан болатын.
Бұл ретте тарихнаманы ерекше бөліп, атап айту керек. Өйткені ол тарих пәндерінің
әрқайсысының және жалпы тұтас алғандағы тарих ғылымының қалыптасу және даму
үдерістерін зерттеумен айналысады. Тарихнама ең алдымен тарихи дамудың жалпы
тұжырымдамаларының ауысу үдерісін зерттей отырып, бір жағынан, қоғамдағы
әлеуметтік-экономикалық және идеялық-саяси ілгері басуға тигізетін ықпалын және,
екінші жағынан, сол тұжырымдамалардың жаңадан жинақталған тың дерек көздерімен
байланысын және бұрыннан белгілі тарихи дерек көздерін одан әрі игеруді қамтиды.
Тарихнамалық зерттеулердің өз пәні мен өз міндеттері бар. Ал олардың негізгі мазмұны
мен аса маңызды қорытындылары жалпы алғандағы тарих әдістемесін зерттеуге қажетті
аса құнды материалдар бере алады. <...>
IV. Тарихтың ғылымдар жүйесінде алатын орны туралы пікірталасы
Кей-кейде тарихты «бірден-бір» немесе «ерекше» ғылым, «барлық ғылымдардың
ғылымы» деп жар салушылар бар, ал енді бір жағдайларда оны шын мәніндегі ғылым бола
алмайды, ондай ғылым болуға ешқандай қисыны да жоқ деген пікірді ауыздарынан ақ
көбік шашырап, қызыл өңештері жыртылғанша дәлелдеп бағуға тырысатындар да
табылады. Тарихтың қамқор қорғаушысы Клионы біреулер «барлық қамқор
қорғаушылардың арасындағы ең қаталы» деп бағаласа, басқа біреулер оны «көптің көңілін
табатын бойжеткен» «нағыз зинақордың тап өзі»(«Н.Ирибаджаков. «Клио буржуазиялық
сот алдында». Мәскеу. 1972. 9-11 беттер) деп атаудан еш қысылып-қымтырылмады. Бұл
талас пікірлердің белгілі бір мөлшерде әдістемелік мән-мағынасы бар. Олар тарих
ғылымының пәнін және оның өзге пәндермен өзара байланысын неғұрлым дәлірек
анықтауға мүмкіндік береді.
Жоғарыда біз тарихтың қандай жағдайларда да көптеген гуманитарлық, сондай-ақ
жаратылыс тану ғылымдарымен жанасып, өзара араласып жататынын айтқан болатынбыз.
Оның үстіне, тарих көп жағдайда оларға деректі материалдар беріп тұратын негізгі
жабдықтаушы болып табылады. Басым көпшілік жағдайда олардың арасындағы өзара
байланыстың сипаты барынша айқын келеді және арнайы түсіндіріп жатуды қажет
етпейді. Бұл ретте тарихтың философиямен және әлеуметтанумен арақатынастары туралы
сөз болған кезде істің жайы едәуір басқаша болып шығады.
Ғылым тарихында мынадай жағдайдың жиі кездескені жақсы мәлім: философия
тарихнаманың саласына баса-көктеп кірген бойда оның тарихи оқиғаларға өзінше
түсініктеме беру сияқты елеулі қызметін өзіне тартып алуға әрекет жасап бағады. Мұның