Қазақстанның ашық кітапханасы
146
жоқ және олардың әлдебір зиянды әрі зардапты салдарларға алып барып соқтыруы
ықтимал.
Зерттеушінің ғылыми әдістемесі оның өз басының дүниеге көзқарасының қандай
екенімен, яғни оның негізгі философиялық мәселелерді, ең алдымен дүниенің
материалдық негізі бар екенін және даму заңдылықтарын танып білуге болатынын
мойындауымен мейлінше тығыз байланысты. Сондықтан да бұл мәселелер бойынша
негізгі келіспеушілік бар жерде белгілі бір ғылыми пәндердің барлық әдістемелеріне ортақ
тұтастықтың болуы жөнінде сөз етудің де қажеті жоқ. Қазіргі кезде бірден-бір дұрыс және
жемісті ғылыми әдістеме диалектикалық және тарихи материализмге негізделген әдістеме
болып табылады. Өзге кез келген теориялық негізде жасалған әдістемелік доктриналардың
алғашқыда кейбір жекелеген табыстарға жеткізуі мүмкін болғанымен, ақыр соңында
тұйыққа тірейтіні сөзсіз. Сондықтан да біз ғалымдардың көптеген ұрпақтары жинақтаған
әдістемелік тәжірибені тиімді пайдалануымыз керек. Бірақ соның өзінде әрқашан есте
болуы тиіс бір нәрсе бар. Ол мынау: әдістемедегі ешнәрсені де, тіпті зерттеу тәсілдерінің
өзін де қалай болса солай, мән-мағынасын терең түсінбей жатып, тиісті сын көзімен қарап,
ой елегінен өткізбей тұрып қабылдай салуға болмайды. Бұл жағдай мәселенің қоғамдық
ғылымдарға, әсіресе тарихқа қатысты болған кездерінде өте-мөте маңызды.
Тарихи ғылымның соңғы жүз жыл ішіндегі дамуы маркстік-лениндік идеялардың барған
сайын кеңінен таралуына және тарихтың сол идеялар негізінде қалыптасқан әдістемесіне
байланысты болды.
I. Тарих ғылымының пәні және оның құрамдас бөлімдері туралы
«Тарих» (History) деген сөз грек тілінен алынған. Болған оқиғаны баяндау осылай аталған
көрінеді. XIX ғасырға қарай бұл термин неғұрлым кең мағынаға ие болды: енді ол
табиғаттағы және қоғамдағы дамудың кез келген үдерісіне сипаттама беру үшін
пайдаланылды. «Біз тек бірден-бір ғылымды ғана, тарих ғылымын білеміз, — деп жазды
Маркс пен Ф.Энгельс «Неміс идеологиясында». — Тарихты екі тұрғыдан табиғат тарихы
және адамдар тарихы деп екі бөліп қарастыруға болады. Алайда ол екі тұрғыдан
қарастырғанда да бір-бірімен ажырамастай тығыз байланысты; адамдар өмір сүріп
отырған кездің бәрінде де табиғат тарихы мен адамзат тарихы бірін-бірі өзара
толықтыратын байланыста болады» (К.Маркс, Ф.Энгельс. Сочинения, т.З. стр.16).
Бүгінгі таңда «история» (тарих) деген терминнің бұдан кең көлемді әрі терең түсініктемесі
кездеспейді деуге болады. Қазір біз бұл сөзді, біріншіден, адамзат қоғамы дамуының
үдерісіне, екіншіден, әңгіме сол үдерістің барысы туралы болғанда оны зерттейтін
ғылымға байланысты түсініктерді білдіру үшін қолданамыз... Қазір тарих деп адамзат
қоғамының өткен өмірін, оның даму заңдылықтарын танып білу мақсатымен, сондай -ақ
сол заңдылықтардың кезінде орын алған қоғамдық қатынастарға және қоғамның болашақ
құрылымы қандай болатынына тигізетін ықпалын анықтау мақсатымен жан-жақты
зерттейтін ғылым аталады.
Адамзат қоғамының әр түрлі жағдайлардағы даму барысы, бәрімізге де белгілі екеніндей,
тек тарих үшін ғана емес, сонымен қатар білімнің өзге салалары үшін де зерттеу пәні,
зерттеу нысаны бола алады. Олардың жиынтығы қоғамның өзіне тән барлық
заңдылықтарымен бірге қосыла келіп, әрқашан даму үстінде болатын қоғам туралы шын
мәніндегі ғылыми түсінік бере алады. Тарих ғылымының өзіндік ерекшелігі неде, оның
өзге де қоғамдық және гуманитарлық ғылымдармен жанасатын шекаралары қайда?
Тарих ғылымы қоғамның толып жатқан сан алуан көріністері мен жағдайларының
барлығындағы әлеуметтік-экономикалық және мәдени өмірін зерттейді. Кейбір жекелеген