Page 145 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
145
өлімін, менің пайымдауымша, қол астына қарайтын халық та, бүкіл қоғам да қайдағы бір
«ақыр заман», яғни адамзат өмірі осымен бітті деп саналатын апокалипсистік кез ретінде
қабылдады. Бір кезде тап осындай болжам жасаудың орын алғанын скандинавиялық
конунгтар туралы солтүстік халықтардың сагалары да растайды. Ол конунгтардың өмірі
мен өлімін қазіргі замандас ұрпақ әлеуметтік жағдайдың қаншалықты қолайлы не
қолайсыз болуымен байланыстырады.
Сонымен, ұзақ мерзімді ғылыми кызметімнің аяқталар кезінде менің осыдан бірнеше
ондаған жыл бұрын өзім зерттей бастаған тақырыптарға кайта оралуыма тура келді. Бірақ,
қалай дегенде де, мен мұны өткен күндерге қайта оралу туралы ғана әңгіме бола қоймас
деп үміттенемін. Оның есесіне, сол бір проблемалар мазмұнының бұрын белгісіз қалған
тың жақтарын - феодализм туралы жаңаша қағиданы уақытты қалай қабылдап, бағалау
туралы түсінікті, жеке адам туралы ұғымды ашып көрсетуге бағытталған әрекет туралы
әңгіме деп білемін.
Бұлар шын мәнінде таусылмайтын, сарқылмайтын проблемалар болып табылады. Тарихи
деректердің әлі белгісіз жұмбақ сырларына қаншалықты дәрежеде терең бойлай білу
зерттеушінің қабілеті мен шеберлігіне байланысты. <...>
2003 жылғы қыркүйек айы.
Тәржімалаған
Мыңбай Ілес
ДЬЯКОВ В .А.
(1919-1995 жж.)
ТАРИХТЫҢ БҰРЫНҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ӘДІСТЕМЕСІ
Кіріспе
«Методология» (әдістеме) деген термин гректің «методос» деген сөзінен шыққан. Оның
мағынасы «зерттеу әдісі», «таным тәсілі» деген мағына береді. Ғылымның әр сал
асындағы әдістемелік проблемалардың идеялық-теориялық қана емес, сонымен қатар
практикалық та мәні бар. Әдістемені жақсы меңгеру ғалымдардың өз алдарында тұрған
міндеттерді тез әрі сапалы шешуіне, оқытушылардың өздері оқытатын пәнді неғұрлым
терең әрі түсінікті баяндауына, ал оқушылардың ол пәнді неғұрлым саналы түрде әрі
толық көлемінде оқып үйренуіне мол мүмкіндік береді.
Бүкіл ғылым атаулының әдістемесі және олардың сан алуан салаларының өзіндік жеке
әдістемелері бір-бірімен өзара тығыз байланысты буындардан тұратын біртұтас жүйені
құрайды. Өзіндік жеке әдістемелердің әрқайсысы сол ғылыми пәннің өзіндік ерекшелігі
қандай екенін бейнелейді, сонымен катар аса маңызды жалпы әдістемелік қағидаларды да
қамтиды. Өйткені ғылымды тұтас алғандағы немесе өзара жақын туыстас ғылыми
пәндердің тобына, мысалы, қоғамдық, физика-математикалық, геологиялық-географиялық
немесе биологиялық ғылымдардың топтарына қатысты ондай қағидаларды қамтымай тұра
алмайды. Ғылымның белгілі бір саласына ғана тән таным тәсілдеріне байланысты
әдістемелік мәселелердің белгілі бөлігін зерттеу әдісі немесе техникасы деп те атайды.
Мұның өзі таза практикалық көзқарас тұрғысынан ғана дұрыс, ал теориялық тұрғыдан
алып қарағанда ғылымдағы әдістеменің барлық элементтері біртұтас жүйе ретінде ғана
қарастырылуы тиіс. Оларды бір-біріне қарсы қоюдың кез келген түрінің ешқандай негізі