Page 144 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
144
жалпылама партиялық тезистердің төңірегінде бас қатыратынбыз. Тіпті халықаралық
қатынастар дегеніміздің өзі тап күресінің өзіндік бір түрі деп далбасалайтынбыз. Мен
ондай деңгейге дейін көтеріле алмаған болып, мұның бәрі де Құдайға құлшылық етіп, дұға
оқудан айырмасы жоқ нәрсе екенін толық түсіндім де, уақытымды босқа өткізбейін деп,
қолымды бір сілтеген бойы кетіп қалдым.
Сөйтіп, мен өзімше ғылыми семинар ұйымдастыруға бел будым. 1987 жылы ондай
семинар аштым да, белгілі бір мөлшерде Б.Ф.Поршнев семинарының дәстүрін
жалғастырған болдым. Оны мен де тарихи психология жөніндегі семинар деп атадым.
Бірақ соңынан біздің бәріміз де әңгіме тіпті де тарихи психология туралы бола
алмайтынына көз жеткіздік. Сөйтсек, істің шын мәнісінде жатқан қарама-қайшылық бар
болып шықты - психологияның категорияларын қалай пайдалануды біле бермейді екен.
Сондықтан да семинардың атын тарихи антропология жөніндегі семинар деп өзгерттік.
Ал менің жеке өз басыма келетін болсақ, әй-шайға қарамайтын әрі апатты қатерге толы
сексен жасқа келіп қалсам да мезгіл-мезгіл белгілі бір проблемаларды талқылауға
қатыспақ болып, тырысып келемін. Кейде ол проблемалар өзімнің бұрынғы жасаған
қорытындыларымнан туындаса, енді бірде ұдайы өзгеріп отыратын тарихнамалық
жағдайға байланысты болып шығады. Бұл ретте мен «Одиссей» журналының соңғы
сандарында жарияланған екі мақалама тоқтала кеткенді жөн көрдім.
Ол мақалалардың бірінде мен «феодализм» деген ұғымның төңірегіндегі пікір таласына
қайта оралдым. Осыдан отыз жылдан астам бұрын мен осы мәселені «Батыс Еуропадағы
феодализм генезисінің проблемалары» деген кітабымда көтеремін деп мойнымды үздіріп
ала жаздаған болатынмын. Батыста таяуда дерлік жарық көрген еңбектерде бүкіл
ортағасырлық дәуірді түгелдей «феодалдық дәуір» деп орасан зор көлемде ой елегінен
өткізе мақұлдаудың қисынсыз екені жөніндегі пікір қолдау тапқан сияқты көрінді. Жаңа
заманның бас кезіндегі ойшылдардың, заңгерлердің және тарихшылардың теориялық,
құрылымдары ешқандай тиісті негізсіз-ақ өткен заманның Еуропа мың жыл бойы үстем
болған қағидаларын қолдау ретінде барлық институттар мен тәртіп жүйесіне таратылды.
Өткен дәуірдің әлеуметтік және мәдени өмір шындығындағы алуан түрлі нақтылығы мен
қағидатты түрдегі көпукладтылығы соның салдарынан елеп-ескерілмеді. Осы бір жойып
жіберу мүмкін емес алуан түрлі құрылым біржақты стильдендіру жолына құрбандыққа
шалынды. Мен жаңа бақылау нәтижелерінің жиынтығы және, ең бастысы, Гегель мен
Маркстің заманындағы қатып-семіп қалған аса ауыр догмалардан, философиялық-тарихи
құрылымдардың мол мұрасынан арылу Еуропаның өткендегі өмірінің неғұрлым
объективті және әбден сенімді көріністерін қайтадан қалпына келтіре алатынына кәміл
сенімдімін.
Жаңа ғана жарық көрген екінші мақаламда мен қайтыс болған Рим папасының немесе
қасиетті зиялы монархтың мәйітін қорлап, балағаттаудың мәні туралы мәселені
талқылауға араласып кеттім. Бұл көне тақырып, неміс зерттеушісі Р.Эльценің көрсетіп
бергеніндей, бүкіл ортағасырлық дәуір кезіндегі ескерткіштерде бір емес, бірнеше рет
көтерілген болатын. Менің өз пайымдауымша, осы жағдайға қатысты екі мәселе өзіне
қызықтыра назар аудартады. Біріншісі: қазіргі тарихшы ортағасырлық шіркеу
авторларының қалдырған хабарларына қандай мөлшерде сеніммен қарай алады деген
сұрақты қамтиды. Шіркеу авторларының назарында мемлекет басшысы мәйітінің
аянышты мүшкіл халі туралы хабар ұдайы тұрады. Ал масқара ауыр халге душар болған
бұқара халықтың үрейлі қорқыныштан зардап шеккен жағдайы туралы хабар елеусіз
қалып, кейінгі орынға сырғытыла салатыны несі? Екінші мәселе де мені ойландырмай қоя
алмады. Ол — уақыттың басынан ауыр қасіреті. Оны басынан кешіретін де, заманды
билеп-төстеуші де ол кезде мемлекеттің басшысы деп саналатын. Сондықтан да оның