Page 141 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
141
Қазіргі тарихшы қанша нәрсені білуі және жасай алуы тиіс?! Оның қыруар нәрсені қайта
оқып шығуына тура келеді. Міне, осының бәрінің сыртында мынадай да жағдай бар. Бізде
тарихшы аталатындар соншалықты көп бола тұра шын мәніндегі нағыз тарихшы тіптен
дерлік жоққа тән. Сондықтан да бізге тарих туралы, қаттырақ айтқанда, мүлде тарихшы
емес басқа мамандық иелері (мысалы, Ю.М.Лотман, Вяч.Вс.Иванов, С.С.Аверинцев
сияқты адамдар, ал олар шала-шарпы білімі бар тарихшылардан әлдеқайда жоғары
тұрады) көп нәрсені айтып бере алады.
Көп нәрсені шұқшия қайта оқу өте киын. Мұны мен соншалықты кеш басталған өз
тәжірибемнен жақсы білемін. Қасіретті өкініштісі сол - біздің жоғары оқу орындарымызда
дәстүрлі, әбден ескірген тарих оқытылады, оның үстіне, негізінен алғанда көне
көзқарастағы бұрынғы тарихшылар, білімі мен қабілеті қазірдің өзінде өте аз пайда
келтіретін мамандар оқытып жүр. «Бізді» дәріс оқуға жолатпайды. Менің барлық
достарым мен әріптестерімнің студенттерді ізденістің жаңа жолдарына түсуге бағыт-
бағдар сілтеп, ойлануларына түрткі сала аларлық қабілеті мол. Бірақ іс жүзінде олардың
ешқайсысының да өз шәкірттері жоқ. Сондықтан да олар өздері оқып, өздері ізденуге
қабілетті, жаңа ғылымның принциптеріне өздерінше терең ойлану арқылы бірте-бірте
жете алатын жастарға ғана үміт арта алады.
«Тарих деген жаңа ғылым керек пе өзі?» — эстон тарихшысы Ю.Кахк «Вопросы истории»
журналында мәселені тап осылай қойды. Ол бүл ретте әңгіме қазіргі бар ғылымның өзін
жетілдіре түсу туралы ғана, оны техникалық тұрғыдан одан әрі жабдықтай түсу жөнінде
ғана болуы тиіс деп пайымдайды. Техникалық, даму орасан зор шапшаңдай түсіп отырған
қазіргі ғасырда барлық қиындық атаулыдан құтқара алатын әмбебап әдісті барлық жерде
де тек техникалық жетістіктерден — электрондық есептеу машинкаларынан, өте-мөте
дәлме-дәл тәсілдерді қолданудан, математиканың тілін енгізуден іздеу дәстүрі пайда
болып отыр. Тарихи білімді математикаландыру жөніндегі мәселені былай ысырып қоя
тұрып [...], мен тарихты «жақсарта түсу», «жетілдіре беру», әлдебір нәрселермен
«толықтыру» шараларының өзі де әбден жеткілікті болар еді деген пікірмен мүлде
келіспейтіндігімді білдірген болар едім. Жоқ, тарихтың терең де қағидатты түрдегі ілгері
жылжуы туатын күн жақындап келеді. Бұл ретте тарихшылар өздерінің сциентистік
(ғылым туралы бұлдыр түсінік) қиялдардан неғұрлым тезірек арылса, тарихтың мәдениет
туралы ғылым ретіндегі өзіндік ерекшелігін терең түсінсе, тарих болашақта солғұрлым аз
шығын жұмсайтын болады, [...] тарих саласындағы білім біздің қоғамымыздағы өзінің
міндетін солғұрлым мол мөлшерде орындай алады. Ал, менің ойымша, тарихтың ол
міндетті орындауы коғам үшін өте-мөте елеулі әрі маңызды болып табылады.
Менің бұдан әлдеқайда бұрын, 60-жылдарда жазған мақалаларымда айтылған ойларымды
неғұрлым толықтыра және дәлірек баяндай түсуге бағытталған бұл пікірлерім тарихи
танымның ерекшеліктеріне қатысты. Кезінде ол мақалалардың өз цензурамнан да, оларды
жариялаушы баспагерлердің цензурасынан да мұқият қатал тексеруден өткені табиғи
нәрсе еді. Ол мақалалардан менің тарихи ақиқат туралы «бірден-бір мүмкін болатын»
көзқарасты ғана ұстанып келмегенім айдай айқын көрінеді. Тарихқа әр түрлі тұрғыдан
келген сайын оны әр түрлі түсіндіру мүмкін ғана емес, сонымен катар қалай деген де
солай болуы тиіс нәрсе екенін көреміз. Тарихи құбылыстарды түсінудегі әрі түсіндірудегі
пікірлердің әр түрлі болуы - зерттеушілер қолданатын призманың қалай қарай
бағытталғандығының заңды түрдегі нәтижесі. Зерттеу барысындағы әр түрлі қарастыру
ракурстарының саны неғұрлым молырақ болған сайын «ақ алқаптың» кең учаскелері
уақытша болса да солғұрлым көбірек ашылып, тазара түседі. Уақытша болса да дейтін
себебіміз тарихтың «түпкілікті ақиқаттары» мен басқа да жетістіктері оншалықты
оңайлықпен қолға түсе бермейді. Тарих саласындағы білім туралы П.Гейлдің «Таусылып
бітпейтін дау-дамай» деп берген анықтамасын өз басым қатты ұнатамын. Өйткені бұл