Қазақстанның ашық кітапханасы
14
береді, шөл жануарлары да сирек кездесетін болады. Адам ұрпағында да солай —
мәдениет өскен сайын оның табиғи қайнарларының көзі ашыла түседі, денедегі хайуандық
күш әлсірейді, сонымен бірге болашағы жоқ жабайы құмарлық та басылып, семе
бастайды, сөйтіп, неғұрлым нәзік адамгершілік өркені бұтақ жаяды. Бірақ, көп ұзамай,
адамдардың арасында да әр түрлі, түбінде жақсылыққа апармайтын жосықсыздықтар
шығуы мүмкін, ал мұндай құбылыстар балалық дәрменсіздіктің негізінде пайда
болатындықтан, — Таяу Шығыстың деспоттық мемлекеттері, қатыгез Рим билігі осының
айғағы, — қанқұмар жыртқыштан гөрі еркетотай баланы жуасыту оңай, өйткені табиғат,
оның бәрін жеңілдететін тәртібі бізге барлық жөнсіздіктерді түзетудің және барлық
жабайылық пен қанағатсыздықты ауыздықтаудың жолдарын да көрсетті. Қазір жер
бетінде айдаһарлар тұратын мекендер жоқ, алғашқы қауымның дәулері енді оларға қарсы
соғыс ашпайды, және адамдарды жеңу үшін енді Геркулестің жойқын күші керек емес.
Оған ұқсас батырлар бола қалса, өздерінің қанқұйлы ойындарын Кавказда немесе
Африкада жүргізе берсін, өздерінің ойына келген жерде Минотаврды аулай берсін, ал егер
олар адамдар қоғамында өмір сүретін болса, онда адамдардың Герионның от құсатын
бұқаларымен шайқасу үшін өз күштерін қолдануға құқығы бар екені даусыз. Мұндай
батырларға өзін ерікті түрде құрбандыққа ұсынған коғам азап пен сорға қалады, бұған
оның өзі кінәлі: Римге қарсы бірігіп қарсылық көрсетпегені, барлық күшін жинап Римнің
тонаушылық жорықтарын тоқтатпағаны, сөйтіп, әлемнің бостандығын қорғап қалмағаны
үшін халықтардың өздері кінәлі.
2. Тарихтың барысы, әзәзіл перілердің шынайы адамгершілігінің артуына қарай, адамдар
арасындағы бүлдірудің шынында да азайғанын және мұның ақыл-ой мен мемлекетті
басқару өнерінің ағарту ісіне қатыстырылған ішкі заңдылықтары бойынша іске асқанын
көрсетеді.
Адамдардың ақыл-ойы кемелденіп келеді, енді оларға адамды жек көретін шексіз
әміршінің айбынынан асқан айбын бар екені, жерді бүліншілікке ұшыратудан оны
өңдеудің, қалаларды қиратудан — салудың жақсы әрі, тіпті ауыр екені бала кезінен-ақ
анық бола бастайды. Еңбексүйгіш египеттіктер, терең ойлы гректер, саудагер-
финикиялықтар қиратушы парсыларға, жаулап алушы римдіктерге, қазына жинаушы
карфагендіктерге қарағанда, тарихқа анағұрлым биік, анағұрлым жарқын бейне болып
енді, әрі олардың өмірі де тартымдырақ, пайдалырақ болды. Египеттіктер,
финикиялықтар, гректер әлі де әлем жадында, жер жүзінде олардың даңқы арта түсуде,
олардың жемісті еңбегі өлмейді, ал қырып-жоюшылар өздерінің бүкіл жын-перілік
қуатымен бір нәрсеге ғана жете алды — олар жаулап алған патшалықтардың
қирандыларында байлық пен кедейлік те бірдей өмір сүрді, ақырында, өздері тартар
жазаның улы ішімдігін өздері дайындады. Ассириялықтар, вавилондықтар, парсылар,
римдіктер осындай болды; ал гректер зиянкестікті жауларынан гөрі өздерінің ішкі
алауыздығынан, Грекияның бірқатар облыстары мен қалаларындағы тым аста-төк өмірден
көрді. Тарихтың аталған принциптері — табиғат белгілеген тәртіп болғандықтан, оларды
дәлелдейтін жекелеген оқиғалар да, кездейсоқ мысалдар да емес, олар өздеріне-өздері
негізделетіндіктен, яғни алдын-ала белгілі жәйттерге: адамдарды құл етуге, болмыстан
астам билікке, жеңістің зардаптарына, сән-салтанатты өмірге, тәкаппарлық пен
менмендікке, басқаша айтқанда, бұзылған тепе-теңдік заңдарына негізделетіндіктен,
бұдан кейін бұл заңдар жердей істердің барысымен белгілі бірлікте болғандықтан, —
табиғаттың бұл заңдарын да адамдардың танып-біліп алатынына, ал танылған заңдардың
табиғаттың басқа да барлық заңдары секілді, табиғаттың болмысына тән, көрінбей
қоймайтын күшінің бәрін көрсетеріне, оның үстіне, өздерінің мәнісі тереңірек байқалған
сайын мұндай күшін көбірек көрсетеріне қалайша күмән келтіруге болады?
Математикалық дұрыстыққа, саяси есепке жатқызуға болатынның бәрі, ерте ме, кеш пе,