Қазақстанның ашық кітапханасы
13
Екінші мысал. Осы секілді біздің Жер де пішінсіз массадан жасалып, планетаға айналды.
Ол жасалып біткенше онда стихиялық күштер тайталасып, шайқасты, бірақ, ақырында,
әрқайсысы өзіне лайықты орнын тапты, ал енді сансыз дауылдар мен күйреулерден кейін,
бәрі де үйлесімді тәртіпке келген жер шарына кызмет етеді. Жер мен су, от пен ауа, жыл
мезгілдері, климат, жел және өзендердің тасуы, қолайлы және қолайсыз ауа-райы - бәрі де
Жер пішіні мен массасының біртұтас ұлы заңына бағындырылған, Жердің айналуы мен
Күннен алыстауын, бәрін де осы заң үйлестіріп, басқарады. Жер бетін жауып жатқан
сансыз вулкандар енді бұрынғыдай от құспайды, мұхит та біздің құрылықты басып
қалатын күкіртті тасқындар мен басқа да материалдардан қайнап, кемерінен аспайды.
Тағдыр жойылуға жазған миллиондаған тірі жәндіктер құрып кетті, сау қала алғандардың
бәрі сақталып қалды, осы сақталғандардың бәрі сан мыңдаған жылдардан бері ұлы
үйлесім мен тәртіпте тіршілік етіп келеді. Жабайы және үй хайуандары, шөп қоректілер
мен ет қоректілер, құрт-құмырсқа, балықтар, құстар мен адамдар — бәрі де өзара
реттелген, ал адамдар арасында еркектер мен әйелдер, туу және өлім, өмірдің шақтары
мен ұзақтығы, қуаныш пен қайғы, қажеттілік пен қанағат сезімдері ретке салынған.
Осының бәрі де өз бетінше және сипаты күнде өзгеретін әр түрлі түсініксіз жағдайлардың
себебінен де емес, жәндіктердің бойына біткен табиғат заңдылықтарға, біздің
планетамызда сақталып отырған және өмірге келіп жатқан барлық органикалық күштердің
арақатысының теңдігіне байланысты болады. Табиғаттың бұл заңы, бұл тендіктер әрекет
етіп тұрған кезде, оның нәтижесі де, нақты айтқанда, жаратылыстың жанды және жансыз
бөліктері арасындағы тәртіп те сақталады. Жер қойнаулары көрсетіп отырғандай бұл
үйлесімділікке жету үшін миллиондар жойылып та біткен.
Адамның адасуларының бәрі — шындықты қоршаған тұман, ал адамға тән құмарлықтың
бәрі — өзін-өзі білмейтін, бірақ табиғатынан тек жақсыға ұмтылатын күштің қаулап өскен
бұтақтары. Теңіздің жойқын дауылдары да — үйлесімді тәртіп дүниесінің тумасы;
дауылдар да дүние тәртіпке жібек самал кызмет еткендей кызмет етеді. Біз үшін
қуанышты болып шығатын бұл шындықты біржолата айғақтайтын кейбір байқауларды
мен енді түсінікті етіп баяндап бере алсам жарар еді.
I. Теңіздерде ылғи да бір желдер соғып тұрады, ал дауылдар сирек соғады, адамдар да
солай, табиғаттың ізгі заңы бойынша, жасампаздар қиратушыларға қарағанда өмірге
әлдеқайда көп келеді.
Жануарлар патшалығында құдай бекіткен заңның мәнісі мынада арыстандар мен
жолбарыстардың саны қойлар мен кептерлерден көп болуы мүмкін емес; тарихта да
осындай игі қағида бар: Навуходоносорлар мен Камбиздер, Александрлар мен Суллалар,
Аттилалар мен Шыңғыс хандар олардан анағұрлым момын қолбасшылар мен бейбіт әрі
тыныш монархтардан әлдеқайда аз. Алғаш аталғандар үшін жүгенсіз құмарлық пен
жалған болашақ қажет, міне, сондықтан да олар жайлы жарық төгетін жердегі жұлдыздар
емес, жарқ-жұрқ етіп өте шығатын акқан жұлдыздар болып табылады. Олар, әдетте,
қалыптан тыс тәрбие, сирек болса да ерте қалыптасатын дағдылар, қатаң саяси мұқтаждық
жағдайында өсіп шығады, — міне, сонда адам баласының төбесіне «құдайдың қамшысы»
үйіріліп, жазалау басталады. Сонымен, егер табиғат біздің қамымыз үшін өз бағытынан
қайтпаса, өзі жасап шығарып жатқан сансыз түрлер мен кұрамдардың арасында кей-кейде
жүгенсіз құмарлықтың құлы болып, дүниені сақтаудың орнына қиратуға ден қоятын
адамдарды да ара-тұра туғызып отырса, онда адамдардың да өз үміт-нанымын қасқырлар
мен жолбарыстарға сеніп тапсырмауға, қайта сол қасқырлар мен жолбарыстардың өзін
адамдық заңдарымен жуасытуға күштері толық, жетер еді. Еуропада қазір жабайы бұқалар
(тур) өсірілмейді, олар үшін бұрын барлық жерде ну ормандар өсірілетін, кейінірек
амфитеатрлары үшін қажет мөлшерде бұл афикалық мақұлықтарды ұстауға Римнің өзінің
де шамасы келмей қалды, — елдің мәдениеті көтерілген сайын шөл мен шөлейт те азая