Page 139 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
139
Бірақ, егер мұндай түсінікті қабыл алсақ деседі маған қарсы дау айтушылар, онда
тарихтың ғылым болып табылмағаны! Шынын айтсам, мен тарихты ғылым деп атап
көрсетіп, оны қайткен күнде де дәлелдеп шығуға күш-жігер жұмсаушылардың әрекетін
онша түсіне бермеймін. Мен өзімнің мақалаларымның бірінде белгілі карт тарихшының
«Тарих дегеніміз — ғылым, бұдан артықта емес, кем де емес» деген пікіріне қарсы
шығып, мұның өзі XIX ғасырда, тіпті біздің жаңа ғасырымыздың бас кезінде де, барынша
нанымды естіліп, кімді болса да иландыратын бұл сөздердің қазір көбінесе екіұшты, тіпті
орынсыз талап қою тұрғысынан айтылатынын, сондықтан да көп жағдайда шындыққа сай
келмейтінін жазған болатынмын. Жалпы алғанда, маған мейлінше дәлме-дәлдікке,
барынша толық ақиқатқа, адами атаулы өте-мөте стерилді нәрселердің бәріне де —
идеяларға да, құмарлықтарға да, талғам түрлеріне де — қатысы бар зор талап қоюды
басшылыққа алатын ғылымның бейнесі коп жағдайда жалған, өтірік сияқты болады да
тұрады. Мұның өзі әсіресе мәдениет туралы ғылымдарға келгенде ерекше маңызды!
Адами ақиқат атаулының бәрі де әрқашан әрі қайткен күнде де антропологиялық сипатта
болады. Адамның басындағы сана-сезімде болатын, үздіксіз соғып тұратын жүректерді
билейтін ақиқат атаулы адамдарды белгілі бір іс-әрекет түрлеріне бағыттап отырады. Ол
сонымен қатар өзі де әр түрлі сезімдерге бөленеді, мақсатты нұсқауларға бағынады,
сондай-ақ тіпті эстетикалық сипат түрлеріне де енеді. Бұл жерде оның өзімнің «химиялық
тап-таза» бейтараптылығымнан айырылып қалдым-ау деп қамыға жылауының тіпті де
реті жоқ. Өйткені ондай бейтараптылыққа ол ешқашан ие болып көрген емес. Ақиқаттың,
ғылымның адамдарға қызмет етуі үшін солардың тыныс алатын ауасын бірге жұтуы,
солардың бет алған ұмтылыстары мен құштарлықтарына қанығуы тиіс. Ғылымның
жезөкше бикештің кейпіне түсуінен жаман нәрсе жоқ. Бірақ жер бетінде қалыптасқан
дәстүрлі нәрселерден үрейлене қорқа беретін бұзылмаған қыз өмір бойы бедеу қалпында
қала береді.
Шамасы, мен көпірме көп сөзділікке салынып кеттім-ау деймін. Мәселе мынада: ескі
сенім күшінің жаны сірі келеді, сондықтан да «объективті» ғылымның бейнесін жою
мүмкін емес дерлік деуге болады. Оны жақтап, бар дауыстарымен айқай салып, шырылдап
шыға келетіндер — ең алдымен ғылымды өйтіп-бүйтіп жүріп өздерінің мүдделері мен
мұқтаждарына бейімдеп алатындар. Алғышарттарсыз ғылымның болуы мүмкін бе? Ол
алғышарттардың тамыр жайған жері қайсы? Қоғамның ғылыми талдауды тудыратын
қажеттіктері қайдан және қалай пайда болады?
Биологтар мен математиктер пәндерінің қаншалықты бұра тартпайтын әрі барынша әділ
екенін өздері айта жатар. Ал менің тарихқа байланысты машақаты мол азапты әуре-
сарсаңға түсетін шаруаларым басымнан асып жатады. Өйткені мен тарихты нағыз бұра
тартатын ғылым деп есептеймін. Тарихшы өзінің ұнататын және ұнатпайтын нәрселері
болмай, бір нәрсеге қызықпайынша және бейімделмейінше, тіпті алдын ала мақсат еткен
идеялары болмайынша, жұмыс істей алмайды. Себебі ол қоғамда әрекет ететін, әр түрлі
қылықтар жасайтын, ақыл-ой мен қызығушылығы арқылы тынымсыз іс-қимыл танытатын
адамдарды зерттейді. Мәселенің бұл жағын оның ғалымдар аксиологиялық жағы деп
атайды, ал мен адами жағы деп білемін.
Әр дәуір, кез келген қоғам өздерінің тарихын неге қайта қарауға кіріседі? Бұрынғы ескі
(кейде тіпті онша ескі де емес) тарихшылардың жазған еңбектері мен негізін қалап кеткен
құрылымдары неге тез тозып, тез ескіріп қала береді? Тіпті қазірдің өзінде, 70-ші
жылдардың бірінші жартысында, өз университеттеріміздегі көзі тірі тарихшы
ұстаздарымыздың кітаптарын оқу неге мүмкін болмай қалып отыр? «Ғасырлар бойы»
өзгермейтін еңбек жазуға неге болмайды?! Олай болмайтын себебі біздің дүние көз
ілеспес жылдамдықпен тез өзгеріп барады, онымен бірге біздің тарихты қарастыратын