Қазақстанның ашық кітапханасы
137
тарихтың стандартты схемаға айналдырып жіберілуінде, оның өзіндік дербес бет-
бейнесінен айырылуында болып табылады.
Тарихшының назары көп нәрсенің мән-мағынасын ашуға бағытталмай тұра алмайды,
заңдылықты, жүйелілікті, қайталанып отыратын үдерісті тек сол нақты нәрседен, оның
ішкі құрылымынан ғана іздеп табады. Мәдениеттің нақты өзіндік дара бейнесін
«жинақтап біріктіретін» және «даралап көрсететін», «заңдастыратын» және суреттеп
беретін ғылымдардың неокантшылдық бөлімінің ақиқаттығы, міне, осында. Осы бір
қарама-қарсылықтың тұжырымдамасы (әрине, абсолютті түрдегі емес, сөз арасында айта
кетейік, Риккерт оны ешқашан тап осындай деп елестетіп көрген жоқ) мәдениет туралы
ғылымдарды жаратылыстану-ғылыми ойлау жүйесінің рахымсыз зорлығынан арылту
жолындағы үлкен, бәлкім, шешуші қадам шығар.
Тарих — мәдениет туралы, нақты тарихи жеке тұлғалар туралы ғылым. Сондықтан да ол
қайдағы бір «заңдарды ашуға» қызмет етпейді, оның өз алдына шешетін міндеті бар.
Менің бұл туралы талай рет айтуыма тура келген болатын. Егер тарих өз алдына әлдебір
заңдарды тұжырымдау міндетін қоятын болса, онда ол кімге керек болар еді деп сұрауға
тура келеді?! Тарихтың заңдары аз ғана адамды толғандыра алады. Солай бола тұрса да,
өткен өмірді есінде сақтай алмайды дейтін зердесіз, парасатсыз, барып тұрған жабайы әрі
дамудың ең төменгі сатысында қалған халықтардың өздерінде де бұрынғы өткен өмірі мен
тарихы түрлі аңыз әңгімелер, әпсаналар, шежірелер түрінде болса да, сақталып қалған.
Тарих саласындағы білім қоғамдық сана-сезімнің бөлінбес бір түрі, яғни мен бірде
дәйексөз ретінде келтірген J.Huizinda болып табылады. Онда өркениет өзі туралы өзіне
есеп береді. Тарихтың аса терең мәнінің өзі де осында емес пе?
Егер біз осы анықтаманы мақұлдайтын болсақ, онда одан тағы да кейбір қорытындылар
жасауға тиістіміз. Солардың бірі, бәлкім, көптеген кәсіпқой тарихшылардың ашу-ызасын
да тудыратын шығар. Олардың мені тарихты бұрмалауды жақтайды, аңыз әңгімелер мен
әпсаналарды пайдалануға және басқа жағдайларға кең жол ашады деп айыптаулары да
ықтимал. Ал мен ондай ниеттен мүлде аулақпын. Дегенмен де былай деп пайымдауға
батыл тәуекел ете аламын: өткен өмір туралы әңгімелер түріндегі тарих қоғамның,
мәдениеттің сана-сезімінің (өзін-өзі тануының) түрі, өркениеттің өз бейнесін өзі көре
алатын айнасы болғандықтан да, (объективті түрде, тарихшылардың ең ізгі адал
ниеттеріне сай және қарама-қарсы түрде) мынадай мақсатты көздейді — қоғамды өзінің
құндылықтарын, оның дүниені тарихтың экранынан да көріп-біліп, тану тәсілінен,
уақыттың қалың қабатына арқа сүйей отырып, оның бүгінгі бет-бейнесін анықтап шығуға
итермелейді. Сол арқылы тарих өте ауыр күнә жасауға, оның өз көзқарасы тұрғысынан
қарауға, тарихтың өзіне қарсы күнә жасауға бейім екенін көрсетеді. Өткен өмір бүгінгі
өмірдің бейнесіне сай үлгіде беріледі. Олай болса, бүгінгі өмір тарихтың терең қойнауына
еніп кете барады. Әдетте былай деп саналады: бүгінгі заман өзінің талап-тілектерімен
және мұқтаждықтарымен, мүдделерімен және құндылықтарының белгілерімен бірге
тарихшылардың өткен замандарға қоятын сауалдарын қалыптастырады. Бұл дұрыс-ақ
дейік. Бірақ тарихшылардың өздері қойған сауалдарына алған жауаптары бүгінгі өмір мен
әлдебір нәрселер бойынша үндес келген жағдайда ғана анық естіледі — атам заманғы өтіп
кеткен дәуір үндерінің бәрі бірдей естіле бермейді және түсінікті бола да алмайды. Біз
тарихтың терең түкпірінен келіп жататын ақпараттар тасқынынан тек релевантты, өзімізге
қызықты және мән-мағыналыларын ғана іріктеп аламыз. Біз олардан әуе толқындарының
белгілі бір диапазонындағы ақпараттарды ғана қабылдаймыз.
Бірақ бұл айтылғандарды тым сөзбе-сөз әрі сол қалпында ғана түсінбеу керек! Бір
жағынан, қоғамның тарихқа қатысты талап-тілектері мен мүдделерінің және, екінші
жағынан, тарихшылардың тарихқа талдау жасау жөніндегі кәсіби қабілеттерінің