Қазақстанның ашық кітапханасы
136
адамдар өздерінің кызметімен айналыса береді деген айқын ақиқат туралы айтып
отырмын. Ол қызмет дегеніміздің өзі - тарих. Ол кызметтің өзгермейтін мызғымас шарты
мен ажырамайтын құрамдас бөлігі адамдардың ақыл-ойы мен сезімдері болып табылады.
Тарихшының ол адамдардың өмірі туралы барлап, байқап білгісі келетін нәрселердің бәрі
де тап осы тұрғыдағы мән-мағынасы жағынан алғанда олардың рухани қызметінің жемісі
болып шығады.
Ал осыдан келіп жасалатын қорытынды мынадай: қоғамның тарихы «нысандардың»
(объектілердің) немесе дерексіз абастрактылы категориялардың тарихы бола алмайды;
өйткені ол тек қана тірі адамдардың тарихы болуы тиіс — әңгіме мәселені көркем
мәнерлілік және тартымдылық мағынасы тұрғысынан алғандағы баяндау туралы емес (бұл
— мәселенің басқа жағы), қайта материалды терең ұғыну мен түсіндіре білу туралы болып
отыр. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін жаңадан жасалған ерекше әдістеме, адамның өмірін
жаңа көзқарас тұрғысынан жан-жақты қарастыра зерттейтін тың әдіс болуы тиіс.
Тарихтың барлық бөліктерін — саясатты, экономиканы, құқықты, тұрмысты, өнерді,
философияны, поэзияны және басқаларды — зерттелетін дәуірдегі адамдардың өмірлік
қызметіне терең бойлап енудің тәсілдері болатындай тұрғыдан түсіне білуді үйрену керек.
Бұл жерде әңгіме тарихты арзанқолды «психологияландыру» (көркем шығарма түріне
айналдыру) туралы емес, қайта адам қызметінің барлық саласындағы жеке адам
құрылымының, оның дүниені қалай қабылдайтынының, қалай сезінетінінің тәсілдерін,
сана-сезімі мен мінез-құлқының ерекше елеулі сипаттарын ашып көрсету туралы болып
отыр. Міне, сондықтан маған «Annales» мектебі тарихшыларының еңбектері — Марк Блок
пен Люсьен Феврдің және олардың жолын қуушы замандас шәкірттерінің, әсіресе Жак Ле
Гоффтың еңбектері ерекше жақын көрінді. Мен ол тарихшылардан өзімнің шын мәніндегі
ұстаздарымды таба білдім және мұнымды Марк Блок туралы мақаламда (оның «Тарихқа
мадақ» деген еңбегінің орысша басылымда) белгілі бір дәрежеде түсіндіруге тырысқан
болатынмын.
Тарих—қоғамның даму заңдары туралы ғылым: біздің әдебиетімізде тарих ғылымына
берілген анықтамалардың бәрі де осылай деуден танбайды. Ал мұның өзі мүлде дұрыс
емес. «Тарих заңдары» туралы сөз болған кезде ол жұрттың ығырын шығарған әрі
мазмұндық мән-мағынасынан жұрдай болған әңгіме сияқты әлдебір нәрсеге ұқсайды.
Ол заңдарды тұжырымдау үшін тарихты оқып жатудың тіпті де қажеті жоқ.. Ал ол
заңдарды білудің тарихты оқып үйренуге ешқандай да көмегі тимейді! Философтардың
жалпы тарихи заңдар туралы қаншалықты қажет етсе, соншалықты сөз ете берулеріне
әбден болады. Ал тарихшы өзінің материалында ол заңдарды іздемейді, іздеуге деген
ондай бос қиялға беріле тұрса да, іздемейді. Тарихи танымның нысаны — нақты тарихи
өзіндік жеке адам, яғни мәдени, саяси, әлеуметтік өмірдегі қайталанбас жағдайлардың
жиынтығы. Мұндай өзіндік жеке адам ешнәрсемен де катар қарастыруға және
салыстыруға жатпайтын бірден-бір бірегей құбылыс дегенді тіпті де білдірмейді. Солай
бола тұрса да, бір нәрсені бір дауыспен, бір ырғақпен міңгірлеп қайталай берген жерде
тарихтың аяқталатыны аян.
[...] Нақты тарихи өзіндік даралық өз бойында әрқашан әлдебір қайталанбас нәрсені
әдеттегі үйреншікті үлгімен байланыстыра қамтиды. Оны қандай да болсын белгілі бір
үйреншікті арадағы арақатынас айырмашылықтарын белгілеу мүмкін болмайтын жерде ол
түсініксіз жұмбақ қалпында, танылмай қала береді. Егер белгілі бір үйреншікті үлгіге
толық сәйкес келіп, ешқандай айырмашылығы білінбесе, онда ол тарихи нәрсе болудан
қалып, дарынсыз схемашылардың ойдан шығарған нәрсесіне айналар еді. Мектептердегі
(мейлі, ол орта кейде тіпті жоғары мектеп болсын бәрібір) тарих пәнінің іш пыстыра
жалықтырып жіберерлік тартымсыз болуының себебі неде? Мұның себебі ең алдымен