Page 133 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
133
Мен қызықты зерттеулерді оқыған кезде автордың жұмыс істеудегі әдісі, мәселені қай
тұрғыдан қоятыны, жасаған қорытындылары ғана маңызды деп санамаймын. Өйткені
қашан болса да менің алдымда сұрақ туындайды да тұрады. Алғашқы бір қарағанда оның
иррелевантты болып көрінуі де ғажап емес. Бірақ іс жүзінде жұмыстың мазмұнына қарай
тіпті өте-мөте релевантты екенін көремін: тарихи үдеріске өзінің көзқарасын білдіретін
адамның жеке өзі қандай, ол бұрын қалыптасып қалған көзқарасын қайта қарай ала ма
әлде бұрынғы көзқарасында қала бере ме, ал осының бәрі белгілі бір адамның жеке
басында қандай өзіндік түсінік тудыра алады?
Адам мен оның шығармашылығының бір-бірімен сөзсіз тұтасып кетуі, органикалық
байланыста болуы маған өте-мөте елеулі де маңызды мәселе болып көрінеді. Менің өз
өмірімде мұның өзі ерекше маңызды роль атқарды. Өйткені өзім әрбір қадам басқан сайын
әр түрлі жағдайларды көп көрдім: ғылыми мүмкіндігі мол әлдебір әріптесім өзінің
қолынан келетін нәрсесін жасай алған жоқ, себебі оның мінез-құлқы сай келмеді, басына
түскен азапты ауыртпалыққа шыдауға ерік-жігері, табанды төзімділігі жетіспеді, біздің
бала кезімізден-ақ басымыздан кешкен, сөйтіп жүріп, өткен ғасырдың ең соңғы кезіне
дейін қиналып өмір сүрген, адам төзгісіз жексұрын ахуалға қарамай, бәріне де төтеп
беруіне күш-жігері жетіспеді. Ақыл-ой ешкімді де адастырып, кедергі жасаған жоқ, ал
адам үшін ең басты да маңызды нәрсе — оның мінез-құлқы. Ал коп адам осыған келгенде
сүрініп кетумен болады...
Біздің өміріміз Сталин орнатқан тәртіптен әлі де толық арылып болған жоқ, «сүйреп
әкеліп, жібермей қою» әдісі, бәлкім, полицейлік практикада болмаса да, адамдар мен
өкімет билігінің санасында сірескен қалпында сақталып келеді. 70-ші жылдардың аяқ кезі
мен 80-ші жылдардың бас кезінде қоғамдық жүйе орасан зор мөлшерде әлсіреп, қайта бас
көтере алмастай күйреп тынды. Осының алдында Хрущев орнатқан қатаң тәртіптен де
ештеңе қалмады. Істі дұрыс жүргізе алмаушылық, өзара келіспеушілік, қарама-қайшылық
дегендер әр түрлі билік деңгейі қызметінің бәрінде де орын алды. Сондықтан да ол кезде
«біздің саясатымыз бір партиялық, бірақ оған кірер есік әр түрлі» деген сөздер жиі
айтылып жүрді. Орталық Комитеттің әр түрлі бөлімдерінің бір-бірімен ашықтан-ашық
қарама-қайшылықта болуын былай қойғанда, басқа да толып жатқан әлдебір өзгеше
айырмашылықтар болып тұрды. Ал мен сондай айырмашылықтардың ара-арасымен өтіп
кетіп, аман құтылдым. Ешқандай тәртіп сақталмады, адам таң қаларлықтай жағдайлар
болып жатты. Идеологиялық мекемеге ауыстыра салу кеңінен етек алды, мекеменің
бірінде қызметінен алынған адамды екінші бір идеологиялық, яғни біз басшылық
тарапынан жасалатын бақылаудың жоқтығы арқасында өйтіп-бүйтіп өмір сүре бердік.
<...>
...Менің ғылыми қызметімнің басталған уақыты шамамен 1950-ші жыл еді. Қазір, міне,
2000-шы жыл. Бұл жылдар арасында салауатты дұрыс күштердің басы біріге қойған жоқ,
творчестволық өзара қарым-қатынас та орнай алмады. Осы бір іштей ыдыраңқылық, таза
ғылыми негізде бірігуге қабілетсіздік, менің ойымша, біздегі гуманитарлық білімнің
дамуына кедергі болған аса күшті нәрселердің біріне айналды.
Тіпті жақында ғана, жетпіс жылдай кешіктіріп барып, Марк Блоктың «Керемет жасаушы
корольдер» деген кітабы ақыры орыс тіліне аударылды-ау әйтеуір. Кітапқа соңғы сөз жазу
жөніндегі өтініш маған жасалды. Оның алғы сөзін Лe Гофф жазған болатын. Онда ол
аталмыш кітаптың мән-мағынасы неде екенін ашып жазған еді. Оған қосымша тағы да не
айтуға болады? Мен мынадай нәрсені жаздым. 20-шы жылдардан бастап Старсбургте,
одан соң Парижде гуманитар ғалымдардың тобы құрылғаны және оның дами түскені
туралы айттым. Ол топта әр түрлі саладағы тарихшылар — ежелгі көне дәуірді зерттеуші,
шығыстанушы, Орта ғасырды зерттеуші медиавист мамандар, қайта өрлеу дәуірімен