Қазақстанның ашық кітапханасы
132
жетістіктерімен әлдеқайда кең мөлшерде таныса алатын жағдай туды. Халықаралық
ғылыми байланыстар кенеттен кеңейіп сала берді. Бұл ретте жастардың алдынан едәуір
кең мүмкіндіктер ашылды, олардың жағдайы біздің ұрпақтың тап кешегі күнге дейін
бастарынан кешіріп келген жағдайымен салыстыруға да болмайтын дәрежеге жетті. Біздің
соңғы уақытқа дейін дерлік ойымызға да кіріп-шығуы мүмкін болмаған проблемаларды
зерттеу қолға алына бастады. Қысқасын айтқанда, ендігі жерде тарихшылар
шығармашылық бостандықтың бұрынғыға қарағанда теңдесі жоқ дәрежедегі еркіндігіне
ие болды. Ендігі жерде басы ашық қалып, шешімін таппай тұрған бір мәселе бар: тарихшы
осы бостандықты қаншалықты мөлшерде жемісті пайдалана алар екен?
Мен де өз әріптестерімнің қайсысына болса да тарихи-антропологиялық зерттеу
қағидаттарын жасырын түрде еріксіз тықпалайын деген ниет атымен жоқ, ондай ойдан
мүлдем аулақпын. Бірақ ол қағидаттарды білу қажеттігіне кәміл сенімдімін. Өйткені
позитивтің тарихнаманың кертартпа ескішілдігі әлі де ерекше күшті ме деп қауіптенемін.
Дегенмен де XIX ғасырдағы тарихи ғылымның дәстүрлері тек біздің елімізде ғана күшті
болып қалып отырған жоқ. Осыдан бірнеше жыл бұрын Парижде Лe Гоффпен әңгімелесіп
отырып мен ол және оның пікірлестері ұсынып отырған ғылыми бағыт Сенаның сол жақ
жағал ауында да салтанат құратын болар деген үмітімді білдірдім. Ол менің қателесіп
отырғанымды, шынтуайтына келгенде, жағдайдың тіпті де олай емес екенін айтып жауап
қайтарды.
Тіпті таяуда ғана Ю.Л.Бессмертный маған мынадай бір жағдайды айтты: қазір Францияда
тарихи антропологияның қағидалары мен әдістемелерін ұстанып жүрген екі-ақ қылжақбас
қыңыр адам, атап айтқанда Жак Ле Гофф пен Жан-Клод Шмитт қана қалыпты. Ал
көптеген француз тарихшылары тарихқа мүлде басқаша, жаңа тұрғыдан қарау жолдарын
іздестірумен бас қатырып жүрген көрінеді. Бұл пайымдаудың шындыққа қаншалықты сай
келетіндігін Бессмертныйдың жеке басының ар-ожданына түгелдей қалдырамын. Мен
оның айтқанының жалған екеніне ешқандай күмән келтірмеймін. Өйткені тарихи
антропология қайдағы бір жеке әдістемелік тәсіл емес. Тарихшы оны ілуде бір кездейсоқ
жағдайларда пайдаланып қана қоймайды. Тарихи антропология біздің пәнімізге жаңаша
тұрғыдан қарау қажеттігін жүзеге асырады. Ендігі жерде тарихи зерттеулердің
орталығында заманның барысына қарай ұдайы өзгеріп отыратын адам және әр кез
өздеріне тән мәдениетіне қарай өзінше ұйымдасатын адамдардың топтары тұратын
болады. Мәселені әлеуметтік-антропологиялық тұрғыдан түсінудегі мәдениет XX
ғасырдың бірнеше онжылдықтары барысында — біздің қалаған немесе қаламағанымызға
қарамай — тарихи сананың орталығына ауысты. Менің жеке өзімнің көзқарасым
бойынша, қазір біздің ғылыми пәніміз басынан кешіріп отырған «кооперниктік
төңкерісінің» мән-мағынасы тап осы түбегейлі ілгері жылжуда болып табылады. <...>
VI. Феодализм туралы кітапты талқылау және айыптау
...Біз үшін тарихшы жазушы сияқты, әлдебір еңбекті жасаушы ретінде ғана маңызды емес.
Тарихшының жасаған қорытындылары мен бақылау-зерттеулерін пайдалануымызға
болады, оның еңбектеріндегі нақты материалдарды, қажетті деректерді көптеп таба
аламыз. Ал мені тарихшы, егер ол өзінше дербес ойлай алатын тұлға, ірі ғалым болса,
онда ол көрнекті жеке адам ретінде де қатты қызықтырады. Сонда ол қандай адам? Өзім
оқыған университеттің кафедрасына сипаттама берген кезде ондағы әрбір ұстазға жеке-
жеке тоқталып өтетінмін. Тап сол сияқты Батысқа іссапарға бару дегеннің мән-мағынасы
ең алдымен Лepya Ладюри, немесе Жак Ле Гофф немесе Карло Гинцбург дегендердің
кімдер екенін көру болғаны ма?