Қазақстанның ашық кітапханасы
131
көрдім. Олардың бәрі де, көз алдыма елес беріп, шалыс қадам жасауымнан әрқашан
сақтандырып келеді.
Мынаны да естен шығармауым керек: мен өзімнің санамды түбегейлі қайта құруды
жападан-жалғыз дерлік өз бетімше әрі өз әріптестерімнің бір тобы маған деген күдігін
барған сайын арттыра түскен ауыр жағдайда жүзеге асырдым. Сондықтан да үстем болып
тұрған ақыл-ой ырқына берілмеудің, сондай-ақ жалпы көпшілік мақұлдаған ғылыми және
идеологиялық нұсқаулардан ықпай, оларға қарсы болудан қорықпаудың маңызы
соншалықты күшті сезілді.
Алайда өзіммен пікірлес жандар жоқ еді десем, менің мұным дұрыс бола қоймас еді. Мен
студент және аспирант кезімнен бастап-ақ өзімнің жұмыстарымды жүргізудің бүкіл
барысында менің ізденістеріме ұдайы қызығушылық таныта бақылап, байқап отыратын
жанашыр жанның сын тұрғысынан айтылған ескертпелерін әрқашан айқын сезініп келдім.
Кей жағдайда ол маған alter ego ретінде өзінің сұрақтарын беріп, күмән келтіріп және
қарсы пікір айтып, ал енді бір жағдайда ешнәрсе айта қоймаса да, менің жұмысыма
өздерінің қанағаттана қоймағанын айқын сездіріп жүрді. Менің ол сұхбаттасым, кей
жағдайда қарсы пікір білдіруші оппонентім, сындарлы сын айтатын, тіпті кей-кейде
уытты ащы мысқылымен аяусыз сойып салатын аяулы да адал зайыбым Эсфирь болатын.
Жоғарыда атап өткенімдей, шектен тыс атаққұмар еді, бірақ жеке өзі үшін емес, мен үшін,
менің жұмысым үшін сондай болды. Сондықтан да менің ең бірінші міндетім оның
қолдауына лайық болудың қамын жеу еді. Оның өмірден озғанына көп болды. Бірақ
жоғары адамгершілік пайымды пікірлеріне және ғылыми тұрғыдан беретін бағаларына
әрқашан лайық болуға тырысуым өзіміз бір шаңырақтың астында жарты ғасырдан астам
уақыт өмір сүрген кездегі баяғы сол қалпында қалып келеді.
Өзі қайтыс болардан бірнеше жыл бұрын менің «Тарихшының басынан кешкен оқиғасы»
деген қолжазбамды қайта көшіру кезінде оның бір жақ шетіне өзі қолымен жазып
қалдырған бір жазуына көзім түсті. Ол жазу 1997 жылғы 2 наурызда жазылған екен.
Эсфирь сол жылы тамыз айында қайтыс болды. Оның жазғаны мынау:
«Осынау орасан зор кен дүниеде ол жалғыздық көрумен келеді. Ле Гоффтың мемуарлық
жазбаларын оқысаң, орасан зор мәдени қатынастың куәсі боласың. Дүние жүзінің түпкір-
түкпіріндегі, әр түрлі саланың ғұлама ғалымдарымен жасалған байланыстар, олармен
бірлесіп жазған мақалалар, проблемаларды терең талқылаулар қаншама десеңізші! Ал
мұнда оның ешкімі жоқ. А.Я. (Арон Яковлевич) кеше (1997 жылғы 1 наурызда) маған
былай деді: сен менің өмірімдегі бірден-бір сұхбаттасым әрі сыншым болдың!». <...>
Біздің ақыл-ойымыздың саяси бұғау қыспағынан арылуы Сталиннің жеке басына
табынудан кейін ғана мүмкін болды. Біз бір жағынан, рұқсат етілетін, мүмкін болатын
нәрселердің шеңберлі шегін кеңейте түсуге, бұрын жасырын түрдегі құпия болып келген
нәрселерді жария етуге тырыстық, ал, екінші жағынан, эпистемологиядағы жаңа
жолдарды, тарихи зерттеулердің материалдарына басқаша, яғни жаңаша тұрғыдан келудің
жолдарын іздестірдік. Мұның бәрі де менің санамда да, кейбір әріптестерімнің санасында
да бір-бірімен жақындаса түсіп, бірте-бірте бірігіп кетті әрі тарих саласындағы зерттеулер
жасауға жаңадан кең өріс ашты.
Жаңадан ашылған осы бір кең өрістің берген мүмкіндіктерін игеруде біз қаншалықты
мөлшерде жетістіктерге ие бола алдық? Біздің еліміздегі тарихи білім соңғы отыз-қырық
жылдың ішінде түбегейлі батыл өзгерістерді басынан кешірді деп айта аламыз ба? Едәуір
маңызды алға басушылықтың орын алғаны күмән тудырмайды. Тарихшылардың
мұрағаттық материалдарға қол жеткізуіне неғұрлым кең жол ашылды, бұрынғыға
қарағанда Батыстағы, сондай-ақ өз еліміздегі тарихи және теориялық ақыл-ойдың