Қазақстанның ашық кітапханасы
12
ынжықтығы мен оңай алданғыштығы, олардың нанғыштықтан бұл әдеттерге үйреніп
кетуі, ал кейінірек мұның жалқаулық пен көнбістікке айналуы. Өйткені төзу өмірді
табандылықпен жетілдіруге қарағанда, әрине, оңай, — міне сондықтан да көптеген
халықтар өздеріне құдай берген құқықты, құдай сыйы - ақылды пайдаланбайды.
Алайда жер бетінде жүзеге асып болмағанның бәрі де болашақта жүзеге асатынына күмән
жоқ; өйткені адамзаттың құқықтары ескірмейді және оның бойына құдай еккен күштер де
түп-тамырымен жойылып кетпейді. Бізді гректер мен римдіктердің санаулы ғана ғасырда
өз елдерінде қаншама көп нәрсеге қол жеткізгені таңдандырады; іс-қимылдарының
мақсаты үнемі мейлінше таза бола қоймағанымен, олар, қалай дегенмен, сол мақсатқа
жете алатынын дәлелдеп шықты. Гректер мен римдіктер көрсеткен үлгі тарихта нұр
шашып түр, әрі ол кім-кімді де, тағдыр гректер мен римдіктерді сақтағандай сақтайтын,
тағдыр гректер мен римдіктерге қарағанда көбірек қолдайтын қандай бір жанды да
осындай істерге, тіпті бұлардан да биік ұмтылыстарға жігерлендіреді. Осы тұрғыдан
алғанда, халықтардың бүткіл тарихы — адамгершілік пен адамдық қасиеттің ғажап биік
мұраты туралы өзара айтысатын халықтардың бәсекесі, жарысы. Өздерін даңққа бөлеген
ежелгі халықтар аз емес, бірақ олар жеткен мақсаттар онша оңды болмаған; ал енді
біздердің неғұрлым таза және ізгі мақсаттарға жетуімізге болмай ма? Олар адам еді, біз де
адамбыз, олар өмір сүрді, ап біз әлі өмір сүрудеміз, олар адамгершілік рухын мейлінше
жақсы орнықтыруға бейім болды, біз де жағдайымызға, ар-ұжданымызға, борышымызға
сәйкес осыған бейімбіз. Кереметті тудырмай-ақ олар жасағанды біз де жасай аламыз,
біздің оған құқымыз да бар, ал құдай бізге тек өз күш-қуатымыз, ақыл-ойымыз, ынта-
жігеріміз арқылы ғана көмектеседі. Жерді және жердегі барлық ақылсыз жәндіктерді
жасап болған соң құдай адамды жаратты, содан кейін оған былай деді: «Менің бейнем
бол, жердегі құдай бол! Патшалық құр, билік ет! Өз табиғатың бойынша қолыңнан келетін
барлық игілік пен барлық жақсыны жаса; мұнда саған тылсым-керемет көмектеспейді,
өйткені мен адам тағдырын адамдардың өз қолына ұстатамын, бірақ саған табиғаттың
қасиетті, мәңгілік заңдары көмектесетін болады».
II.
Табиғаттың күйретуші күштері уақыт өте келе жасампаз күштерге жол беріп қана
қоймай,
ақырында өздері де бүтінді құруға қызмет ететін болады
Бірінші мысал. Шексіз де түпсіз кеңістікте болашақ дүниелерді құрайтын материалдар әлі
қалықтап жүргенде, оларды жаратушыға материяны әр дүниенің құдай берген ішкі
күштерімен үйлесімді ретпен жарату туралы ой келді. Өздерінің бөлекше бір жолын
таппаған немесе Күн өзінің қуатты өрісіне тартқан нәрсенің бәрі де соған — күллі
жаратылыстың орталығы Күнге қарай ағылды. Ал өзіне басқа тартылыс орталығын
тапқандар соған тартылып, біртүтас дене құрады, содан бүл дене өзінің алып фокусы мен
орталық нүктесінен айналып эллипс сыза бастады немесе параболалар мен гиперболалар
бойынша ұшып жоғалды да кайтып оралмады. Эфир тазарды, қалқып, құйылып,
сапырылысып жатқан хаостан ғаламның үйлесімді жүйесі пайда болды, содан бері,
қаншама дәуірлер бойы планеталар мен кометалар Күннің төңірегінде, өз орбитасымен
айналып келеді, — бұл табиғат заңының, Ғаламда тіршілік ететін құдай күштері хаосты
тәртіпті дүниеге айналдырады дейтін табиғат заңының дұрыстығына мәңгі дәлел. Осы бір
қарапайым әрі ұлы заң күштерді есептеп, тепе-тендікке келтірген күшінде тұрған кезде
біздің Ғаламның ғимараты да мызғымайды, өйткені ол құдайдың қасиет-киесі мен қағида-
заңдарына сүйенеді.