Қазақстанның ашық кітапханасы
129
зерттеуден мәдениеттің өзі арқа сүйейтін сананың құрылымын зерттеп білуге көшу жүзеге
асады.
Алғашқы кезде мен өзімнің көптеген әріптестерімнің тарапынан бейне бір түк естімейтін
бейтарап саңырау біреулердің немесе ашықтан-ашық қарсы шыққаны айқын көрініп
тұрған адамдардың кейпіндегі біреулердің іс-әрекетіне тап болдым. Әдетте олар
менталитетті зерттеп білуге барынша қарсы бола қойған жоқ. Бірақ оны әлеуметтік-
экономикалық ғимараттың кейбір басы артық сыртқы безендірілуі немесе сәулет өнерінің
қажетсіз дарақылығы деп жариялауға бейім тұрды. Үйреншікті марксистік тұрғыдан
мейлінше қарапайым әрі тұрпайы түсіндірілетін идеология деген ұғым олардың қажетін
толық қанағаттандыра алатын еді. Ал, шынтуайтына келгенде, бұл жерде әңгіме тарихи
танымның тақырыбына қатысты түпкілікті өзгеріс жасау, олай болса, тиісінше, оның жаңа
әдістемесі туралы болып отыр.
Бірте-бірте ең басты, ең маңызды нәрсе жаңадан зерттелетін мәселелерді дерек көздеріне
қарай бұрып, біржола бағыттауда екені анық болып шықты. Мұның өзі тарихшы үшін ең
киын міндет еді. Бұл жерде қаншама көп қан, қаншама көп тер төгіледі десеңізші! Бұл
жерде қаншама найзалар, қаншама қаламұштар айқасқа қатысып, үсті-үстіне сынып,
бүлініп жатады десеңізші! Елеулі қарама-қайшылықтар туындап, шиеленісе түседі, елеулі
идеологиялық өзара айыптаулар айтылады. Ондай жағдайларды мен де, мен ғана емес,
өзгелер де бастарымыздан кешірдік. Ал мен бұл сораптың әйтеуір бір нәтижеге, бәлкім,
ешкім де күтпеген, бірақ қалай да жемісті нәтижеге қол жеткізетін жол екеніне әуел
бастан-ақ кәміл сенген едім. Бір жағынан, тарихтың жалпы тұжырымдамаларын талдауға
арналған өз еңбектеріме, сондай-ақ әдістемелік және эпистемологиялық өзінен-өзі
түсінікті қарапайым пайымдауларға сүйене отырып, ал, екінші жағынан, Блоктың,
Феврдің және олардың жолын қуушы Дюбидің, Мандрудің қалай дегенмен де біздің
кітапханаларымызда пайда бола бастаған еңбектерін оқып-білудің арқасында мен тарихи
материалдарды қалай зерттеу керек екендігін бірте-бірте үйрене бастадым. Бұл ретте
өзімді бақытты жан санаймын. Өйткені біз осында бейне бір мысықтың соқырлары
сияқты, қалай қарай жүрерімізді білмей, жол таба алмай жүрген кезімізде мен Батыстағы
жетекші тарихшылардың еңбектерінде бой көрсетіп, үн қата бастаған жаңалық атаулыға
дер кезінде құмарта көңіл бөлдім.
«Тарихшының басынан кешкен оқиғасы» (1973 жыл):
«Басқаларда қандай екенін қайдам, мына менің жеке өз басымда иррационалды (ақыл
жетіп болмайтын), интуициялық сезіммен болжам жасау, жартылай саналы пайымдаулар
жағы өз жұмысымның барысында үлкен, мен айтар едім, аса көрнекті орын алады. Олар
менің тың проблемаларды іздестіруіме, оларды қолмен ұстағандай етіп байқап көруіме,
әсіресе мәселені жеріне жеткізе терең зерттеуіме көмегін тигізеді. Менің ақылымның
философиялық сипатта болмағаны әттеген-ай дегізерлік өкінішті. Менің жүйелі түрде
категориялар жасауға деген қабілетім мен бейімім жоқ және дерексіздендірілген ұғымдар
әлемінде өзімді-өзім «суда еркін жүзетін балықтай» сезіне алмаймын. Менің әрдайым
әлдебір нақты деректердің жиынтығына арқа сүйеуіме, өзімнің көз алдыма әлдебір тарихи
нақты жағдайды елестетіп отыруыма тура келді. Мен логикашы да, әлеуметтанушы да
емеспін. Сондықтан да тарихи уақытты «өзгертіп тастауға», тарихтың материясына
«менсінбей қарауға» мүлде қабілетсізбін. (Ал бұл сөздерімде ешқандай құпия ирония жоқ,
дұрысын айтсам, оншалықты көп емес. Мен өзімді олар сияқты емес, басқаша адам
екенімді жай ғана көрсетіп өтуді мақсат еттім). Оны аз десеңіз, мына бір жағдайымды да
айта кетейін. Мен өзімнің басымда не қағаз жүзінде алдын ала жасалған жоспар бойынша
жазу өте-мөте қиын. Менің қолыма қалам алып, жаза бастауым үшін өзімнің жалпы
идеямның, нақты проблемамның, алдын ала ойша болжам жасауымның, олармен