Қазақстанның ашық кітапханасы
128
көре аламын ба? Бәлкім, солай болуы да мүмкін. Себебі жастың ұлғаюына байланысты
менталитет те өзгеретін шығар. Бірақ ондай өзгерісті сезіну өте қиын. Сондықтан да мен
бүгінгі таңда кешегі 50-60-шы жылдарды есіме алғанда өзімнің санамды сол жылдардағы
құрылымындай етіп барынша толық қайталауға кепілдік бере алмаймын.
Адамның экономикалық, саяси, күнделікті үйреншікті әдеттегі, жыныстық қатынас
сияқты кез келген мінез-құлқын түсіну үшін тарихи дамудың тап сол кезеңіндегі белгілі
бір топта, белгілі бір тапта, белгілі бір қоғамда менталдылықтың қандай тұрпаты үстем
болып отырғанын көз алдымызға айқын елестете алуымыз керек. Мұның өзі жеке
адамның санасының ұжымдық мазмұны болып табылады. Ол мазмұн жеке адам
санасынан әрқашан жоғары тұрады. Ол — тек менің өзіме ғана тән емес, тұтас алғандағы
бүкіл елге немесе тіпті бүкіл қоғамға ортақ мазмұн. Соның өзінде ол әрбір жеке алғандағы
адамның санасында жасырын жұмбақ түрінде жатады және әрбір өзгерістер болып тұрған
сайын әр түрлі үлгіде бой көрсете алады. Солай бола тұрса да, біз белгілі бір кезеңдегі
адамдардың мінез-құлқының жалпы «грамматикасын», ойлай білу тәсілдерінің жалпы
ережелерін қолымызда бар дерек көздерін өте мұқият және қағидатты түрде жаңаша
зерттеудің нәтижесінде белгілі бір мөлшерде айқындай аламыз.
Бұл ретте тек француз ғалымдарының ғана емес, сонымен қатар американдық,
итальяндық, германиялық зерттеуші ғалымдардың қыруар мол еңбектерімен жақсы таныс
болуыма, өз отандастарымыздың кейбір жұмыстарына, сондай-ақ жеке өзімнің де ғылыми
еңбектеріме арка сүйегендіктен де, қазір маған мұның бәрі де салыстырмалы түрде
алғанда айқын болып көрінеді. Мен өзімнің тыңдаушыларымның немесе болашақтағы
оқырмандарымның белгілі бір бөлігіне осы айтқандарым едәуір мөлшерде белгілі екеніне
күмән келтірмеймін. Со¬лай бола тұрса да, мен осы бір салыстырмалы түрде алғандағы
айқын мәселеге тым болмаса қысқаша ғана тоқтала кетуге мәжбүр болып отырмын .
Өйткені бұл жерде әңгіме 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы жылдардың бас кезіндегі
орын алған жағдайда тарихшының ішкі жан дүниесі мен көзқарастарының түбегейлі терең
қайта құрылғаны туралы болып отыр. Маған осындай ойлар алғаш рет қаптап келе
жастаған кезде менің басымда біздің қоғамдық және менің жеке өз басымның даму
барысында көптен бері жинақталған көне деректер мен клишелер молынан қордаланып
қалған еді. Алғашқыда мұнын бәрі де маған мейлінше жоғары дәрежеде былығып
кеткендей, түсініксіз әрі толық емес нәрселер сияқты болып көрінген еді. Сондықтан да
әлгі жаңа ойлар қыруар көп күш-жігер жұмсауыма душар етті.
Мен мынадай бір жағдайды байқадым. Тап осы бағытта, мейлі қарсы жағынан
болғанымен, басқа да гуманитарлық пәндердің мамандары қазба жұмыстарын жүргізіп
жатыр екен. Тап сол 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы жылдардың бас кезінде екінші
рет үлгі жасайтын белгілердің жүйесі туралы ілім — семиотика да өзінің алға алып барар
жолын іздестіре бастаған еді. Семиотиктердің де, менталдылықты зерттейтін
тарихшылардың да Орта ғасырмен айналысатын медиавистика саласындағы және ерте
Жаңа заман саласындағы ойларының қозғалысы бір бағытта әрі бірдей дамып келе жатқан
болып шықты. Семиотика созбен айтып жеткізу жоспарлары мен мазмұн беру
жоспарлары арасындағы қарама-қайшылықтар мен айырмашылықтар туралы сипаттап
жатуды қажет етпейтін қарапайым қағиданы ұсынады. Сіз ол мәтінді талдай бастайсыз.
Оның шын мәніндегі ақиқат немесе жалған нәрсе екендігіне, оның ішінде ішкі мән -
мағынасына терең бойлап, жете түсіну үшін ол мәтіннің сыртқы бейнесінің көрінісінен
гөрі ішкі жағында жасырын жатқан мән-мағынасының қалың қабаттарына жіті үңілу
керек. Ол құпия жатқан мән-мағынаның тіпті автордың өзіне де белгісіз болуы әбден
мүмкін. Істің шынтуайтына келгенде, бұл жерде әдеттегі әдеби және басқа да мәтіндерді