Page 127 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
127
Бұл ұғым алғаш рет Прусттың романында кездеседі. Ондағы кейіпкерлердің бірі былай
дейді: «Жуырда ғана mentalite деген жана сөз пайда болды. Осы бір қызық сөздің тілімізге
сіңісіп кетуі екіталай болар-ау. Кейіпкердің болжамы теріс болып шықты. Тіпті 20-шы
жылдары Леви-Брюльдің «La mentalite primitive» деген кітабы жарық көрді.
Осы еңбекті оқып, жете танысқан Блок пен Февр папуастардың немесе эскимостардың
«ежелгі логикалық ойлану» табиғаты туралы Леви-Брюль жасаған қорытындыларды Ерте
және Классикалық Орта ғасырлардағы Еуропаның әлдеқайда неғұрлым күрделі
құрылымдары болған қоғамдарда өмір сүрген адамдардың санасына қалай болса солай,
оп-оңай сіңіріп, кеңінен тарата қою туралы ойдан мүлде аулақ болғаны күмән
тудырмайды. Бірақ, олар, шамасы, адамзат қоғамының кез келген даму сатысындағы
адамдардың санасында түсінік-елестердің, түйсіне сезінулердің, психологиялық
мақсаттардың мағынасы — mentalite-нің болатынын болжап білген де шығар. Ол әр кезде
даму сатысына тәуелді екендігіне қарай, қоғамның сипатына қарай, басқа да көптеген
факторларға қарай әр түрлі бола алады. Ол бір ғана әлеуметтік үлкен қауымның
қойнауында да бір-бірінен бөлек байқала алады. Мұның өзі кімдер туралы - білімді де
зиялы адамдар туралы ма немесе қарапайым топас адамдар туралы ма - сөз болып
отырғанына байланысты байқалады. Бұл жағдай барлық уақытта да орын алады, бірақ оны
байқап, анықтау өте қиын.
Мен өзімнің оқыған лекцияларымда мынадай салыстыру жасауға талай рет барып жүрдім.
Егер сіз бір адамға «Сіздің саяси көзқарасыңыз қандай?» деген сұрақ қоя қалсаңыз, оның
нақты нәрселерді айтуы мүмкін. Ал егер «Сіздің философиялық көзқарастарыңыз
қандай?» деген сұрақ қойсаңыз, оған екінің бірі жауап қайтара алмайды. Дегенмен де
біреудің: материя бірінші, ал сана екінші деп, енді біреудің: бір арнадағы ағын суды екі
рет кешіп өту мүмкін емес» деп жауап беруі әбден мүмкін. Осы сияқты басқа да
сұрақтарға жауап алуға болады. Ал егер «Сіздің діни көзқарасыңыз қандай?» деп сұрақ
қойсаңыз, ол: агностикпін, атеистпін, протестантпын, католикпін, православиелікпін,
буддистпін, мұсылманмын деген жауаптардың әйтеуір біреуін қайтарар еді. Ал «Сіздің
менталитетіңіз қандай?» деп сұрап көріңізші.
Бұл сұрақтың оны тұйыққа тіреп, жауап қайтара алмайтындай ететіні сөзсіз.
60-шы жылдары мен де, басқалар да «ментальность», «менталитет» деген сөздерді орыс
тіліндегі айналымға қостық. Қазір осы сөздің қадірі кетіп болғаны сонша, мен тарихшы
ретінде оны аузыма алуға да қауіптенемін. Өйткені былайғы жұрттың мені дұрыс түсінбей
қалуы ғажап емес. Менің ол сөзді тарихи таным категориясы ретіндегі мағынасында
айтып тұрмын ба, әлде Думаның биік мінберінен әлдебір депутаттың «Біздің бұлай
етуімізге орыс халқының менталитеті мұрша бермейді...» деп сөйлеген сөзіндегі
мағынасында айтып тұрмын ба, оны ешкім де аңғара алмас еді.
Менталитет дегеніміз — біздің санамыздың орасан зор шексіз деңгейі, бүтіннің жай
бөлшектерге айналып, әбден реттелген және сонымен қатар мейлінше былыққан
категориясы. Ол категория, әдетте, өзіне-өзі талдау жасау тақырыбы бола алмайды.
Алайда менталитет тап солай жете танылмаған немесе тек қана ішінара танылған
категория болғандықтан да мені кез келген идеологиямен салыстырғанда өзіне әлдеқайда
баурап алады. Менталдылық өзгеріп отырады, бірақ ол — өте баяу, ептеп-ептеп қана
болатын үдеріс. Ол біздің санамызда идеологияның кем дегенде діни наным-сенім немесе
басқа да түрлері сияқты, ұдайы бақылауда бола алмайтындығынан да солай өзгереді.
Оның бізге кызмет етуінен гөрі бізді қанап қинауы күштірек. Мен өзімнің идеологиямды
немесе саяси көзқарасымды өзгерте аламын ба немесе өзімнің кешегі менталитетімнен бас
тартып, одан қол үзіп кете аламын ба және ертеңгі менталитетімді артық санап, жақсы