Қазақстанның ашық кітапханасы
126
Алайда Блок пен Февр 20-шы және 30-шы жылдардың кезеңінде антропологтардың
баяғыдан бері пайдаланып келе жатқан сұрақтар тізімнің «ыстық» халықтардың
еуропалық тарихын зерттеп жүрген медиевист үшін тіпті де жат, бөтен, иррелевантты
(алмастыруға болмайтын) нәрсе емес екенін алдын ала болжап білді. Ерте және
Классикалық Орта ғасырлар кезіндегі Еуропа аумағын мекендеген адамдар өмірінің
ерекшеліктеріне сәйкес түрі өзгертілгені өзінен-өзі белгілі бір сұрақтарды тарихшының да
пайдалануына бола алатын еді.
Бір мысал келтірейік. «Суық» қоғамдардың халықтары уақыттың желілік ағыны дегенді -
өткен заманның бүгінгі, бүгінгі заманнан болашақ заманға өтуі дегенді білмейді. Олар
үшін бәрі де бір шеңбердің бойымен жүріп отыру арқылы пайда болады, М.Элиаденің
сөзімен айтқанда, «мәңгілік қайталану туралы аңыз» болып табылады. Уақыт
категориясын өзінше түсіндіру сол қоғамға тән құрылым құруға қажетті құрамдас
бөлшектердің бірі болып шығады екен. Ал еуропалық тарихта ше? Бұған дейін уақытпен
байланысты нәрселер олардың техникалық жағынан ғана зерттеліп келген еді: сағаттың
қалай ойлап табылғаны, олардың XIII ғасырдың аяқ кезі мен ХІҮ ғасырдың бас кезінде
үлкен шіркеулер мен қалалық ратушалардың мұнараларына қалай орнатылғаны, уақыттың
сағат арқылы қалай өлшене бастағаны және басқа да жағдайлары зерттеліп келген
болатын. Сонда уақыт тұжырымдамасы туралы мәселенің, Орта ғасырларда Еуропаның
«ыстық» қоғамдарында үстем болып келген мәселенің күн тәртібіне қойылуға шынымен-
ақ құқығы жоқ па? Уақытты жеке адам немесе әлеуметтік топ, немесе бүкіл әлеуметтік
үлкен қауым қалай сезіне алмақ? Бұл мәселе ақыры күн тәртібіне қойылды. Сөйтіп, Ерте
және Классикалық Орта ғасырлар кезіндегі еуропалықтардың уақыт туралы түсініктері
мен Жаңа қалыптасып, Ең жаңа заманда одан әрі дамып келе жатқан түсініктердің бір-
бірінен мүлде алшақ екені белгілі болды. Шамасы, мұның өзі дүниені жалпы қалай
қабылдаудың өзіндік ерекше құрылымына байланысты болса керек.
Уақыт категориясының соңғы жағынан басқа да проблемалар туындап, тізіле түседі.
Мысалы, тарих және оның мәнін терең түсіну, тарихи және рулық естеліктер, тірілер
әлемі мен өлілер әлемінің бір-бірімен өзара қатынасы (мұның уақыт қозғалысы туралы
мәселеге тікелей қатысы бар), сондай-ақ басқа да сюжеттердің кез келген гуманитарлық
білімнің түбегейлі терең мәселесіне дейінгі толып жатқан кешендері, яғни әлеуметтік
және мәдени институттардың белгілі бір жүйесіндегі адамдар дегеніміз кімдер, адам және
оның табиғаты туралы не ойлауға болады, ол адамның өзі туралы қалай ойлайды деген
сияқты проблемалар. Ал антропологтар баяғыдан бері қарастырып келген мәселелердің
көпшілігі ендігі жерде медиевистердің проблематикасына тікелей қатысты болып шықты.
Тарих ғылымы адамның дүниені қалай кабылдау жүйесін зерттеуге ден қойды. Адамның
санасында әбден рефлекстендірілген, қисынды тұжырымдалған, философиялық тұрғыдан
ой елегінен өткізіліп, мән-мағынасына көз жеткізілген немесе қайтадан ой елегінен
өткізуге болатын категориялармен қатар кез келген адамда болатын, оның қандай да білім
деңгейіне мүлде тәуелсіз өзіндік жұмбақ құпия деңгейі деген де бар. Мұның өзі, бір
қарағанда, әлдебір ретсіз былыққан түсініктер, сезім арқылы алынған әсерлер, дүниені
қалай қабылдау туралы ойлар сияқты болып көрінуі мүмкін. Дүниеге осы тұрғыдан
қараудың
mentalite
деген ұғым арқылы бейнеленетін ерекшелігін зерттеп білмей тұрып,
адамдардың кез келген қоғамдағы, соның ішінде ортағасырлық қоғамдағы да мінез-құлқы
түсініксіз күйінде қала береді. Адамның өзі Мольердің проза деген сөздің мән-мағынасын
ұғына алмаса да, бүкіл өмір бойы прозамен сөйлеп өткен кейіпкері Журден мырза сияқты,
Mentalite-нің не екенін біле алмайды. Алайда дерек көздеріне жіті қарап, мұқият зерттеген
адамның санадағы әлгі өзіндік жұмбақ құпия деңгейді байқай алуы әбден мүмкін.