Қазақстанның ашық кітапханасы
124
тарихшылар неокантшыл теоретиктер сияқты тарихи зерттеулер жай ғана деректер
жинауға арка сүйемейді деген пікірді басшылыққа алады. Бұл жаңа ағымның негізін
қалаушы Марк Блок пен Люсьен Февр тарих ең алдымен өз заманының проблемаларын
зерттейді деген қағиданы баса көрсете келіп, тарихнама «жинаушылыққа» қарсы, сондай -
ақ жалпы алғанда позитивистік оқиғалы тарихқа қарсы барынша батыл шайқасты.
Сөйтіп, Еуропаның гуманитарлық және жалпы ғылыми ақыл-ой жүйесінде едәуір ортақ
қозғалыс өріс алды: ендігі жерде Эйнштейннің және классикалық емес физиканың,
математиканың басқа да пәндердің көрнекті өкілдерінін еңбектері жана сананың, жаңаша
ғылыми ойдың символы саналды. Сананың жалпылама жаңа мақсат-мұраттары тарихи
танымның жалпылама жаңа негіздерінің қалануына алып барып соқтырды.
Кеңес Одағының тарихшылары үшін бұл «Коперник төңкерісі» (аталмыш жаңалық
кейінірек батыс тарихнамасында осылай аталып кеткен болатын) құлыптаулы жеті қабат
темір сандықтың ішіне тығып тасталған құпия кітап тәрізді қол жетпес нәрсеге
айналдырылды. Блок пен Феврдің шығармалары сонау 20-шы жылдардың өзінде-ақ
жариялана бастаса, олардың неғұрлым күрделі де іргелі еңбектері 30-шы жылдардың аяқ
кезі мен 40-шы жылдары, ал Феврдің кейбір кітаптары 50-ші жылдарда жарық көрген
болатын. Алайда біздің елімізде ол еңбектерді тарихшылардың тар көлемдегі шағын
тобының ғана оқи алатын мүмкіндігі болды. Бірақ өздерінің лекцияларында ол еңбектер
туралы ештеңе айта алмайтын, олардың авторларының аттары көп жағдайда атала
қоймайтын, ал атала қалса, сын тұрғысынан ғана аталатын. Аталмышфранцуз ғылымдары
қаншалықты көрнекті тарихшылар бола тұрса да, қалай дегенмен де, ол кездегі көзқарас
бойынша, «буржуазиялық» ғалымдар деп саналатын. Сондықтан да оларға соншалықты
қатаң сақтықпен қарауға тура келетін. Осыған байланысты бір мысал келтіре кетейін.
Жасы жиырма бес-жиырма жетілердегі жас тарихшы А.И.Неусыхинге М.Вебердің
еңбектері орасан зор әсер етіпті. Сөйтіп, ол өзінің мақалаларында Вебер туралы кеңестік
оқырмандарға кеңірек айтып беруге бел буады. Адамзаттың алдыңғы қатарлы басқа да
барлық ақыл-ой жетістіктері сияқты, Вебердің еңбектерін де оқып-үйренуге тиістіміз деп
пайымдайды. Ал мен Неусыхиннің сол мақалаларын оқыған кезде мынадай бір нәрсені
айқын аңғардым: Автор Веберді Маркске соншалықты жақындата түсуге, ол екеуінің
көзқарасындағы көзге бадырая көрініп тұрған қарама-қайшылықтарды жуып-шайып,
тігісін жатқыза баяндауға, бізде қолдануға болатын етуге тырысып бағыпты. Солай бола
тұрса да алған бетінен қайтпайтын ортадокстар оны жалма-жан өткір сынның астына
алды.
Ғылыми білім қалай дамиды? Ғылыми мектептердің қабырғасында ғалымдардың дәстүрлі
проблеманы және тиісті материалдарды түбегейлі тауыса зерттеуі арқылы бірте-бірте
дамиды деген түсінік бұрын да бар болатын, шамасы, қазір де солай болуы керек.
Олардың осылай тұйыққа тірелуді сезінуі жаңа проблемаларды қалыптастыруға, жаңа
көкжиектерді ашуға мәжбүр етеді. Міне, сол кезде олар талдау жасаудың басқа, неғұрлым
биік деңгейдегі кезеңіне көтерілеміз десті. Менің жеке өз басымнан өткерген тәжірибем
мен әріптестерімнің тәжірибелерінен байқағандарым бұған тікелей қарама-қарсы екенін
барынша ашық айтуға тиістімін. Біз кабинетіміздің шеңберінде алдымызға контурлы
карталарды жайып салып, бір орында табандап тұрып алдық, жаңа проблематикаларға
ұмтылуға мұршамыз келмеді. Ал, сайып келгенде, егер біздің кейбіреулеріміз, мысалға
алатын болсақ, мына менің өзім, бәрімізді тұтқында ұстаған қоршауды байырғы ескі
кәсібімізбен айналысудың барысында әлдебір проблемаларды қалыптастыра білгендіктен
бұзып шықтық дей алмаймыз.
Тарихи ғылымға жаңа проблемалар XX ғасырдың бірінші жартысы мен орта кезінде
гуманитарлық ғылымның өзге саласынан ауысты. Тарихи ғылымның өзі тұйыққа тірелді.