Page 123 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
123
жазып тұратынмын. Менің оларға бір жағынан, Макс Вебердің және басқа да неокантшыл
неміс ғалымдарының, ал екінші жағынан, Февр мен Блоктың көзқарастары арасындағы
ұқсастық пен айырмашылық туралы тақырыпта ғана баяндама жасап беруіме тура келді.
Менің кәміл сенімім бойынша, бәріне ортақ бір мәселеге әр түрлі жағынан - біреулер
эпистемология деңгейі тұрғысынан, ал екінші біреулер нақты зерттеулер жүргізу деңгейі
тұрғысынан келген.
Мен баяндамамды жасап біттім. Сонда тұрып бір әйел былай деді: «Сіз бізде басқа да
ұстаз ғалымдарымыздың бар екенін ескермедіңіз ғой. Мысалы, Дюркгейм!» деді. Пікір
таласы бола қойған жоқ. Ле Гоффтың өзі де аса байсалдылықпен үн-түнсіз отырып алды.
Бірақ үнсіз қалуы бәріне де келіскендіктің белгісі емес еді. Иә, Дюркгейм! Ал менің бұл
аудиторияда ол туралы айтып жатуым едәуір ыңғайсыз еді. Франция мен Германия бір-
бірімен іргелес жатыр. Тап сол жылдары Вебер Германияда жұмыс істейтін, ал Блок
Германияда ғылыми іс-сапармен жиі-жиі болып тұратын. Блок, әрине, Вебер
шығармаларын оқығанында дау жоқ. Бірақ одан қандай әсерлер алғаны жөнінде ешқандай
дерек сақталмаған-ау, шамасы. Оның «Тарихты мадақтау» деген еңбегінен Вебердің
эпистемологиясымен жете таныс емес екендігі айқын байқалады. Сөйтіп, Рейн өзенінің
екеуі екі жағалауындағы француз «анналшылары» мен неміс неокантшылары арасында
өзара байланыстың болғаны байқалмайды.
Қазір біреулер маған Демулен атты француз тарихшысының М.Блокқа арналған кітабын
оқып береді. Ол тіпті таяуда ғана жарияланған материалдарды пайдаланыпты. Фашистер
Францияны басып алған кезде М.Блоктың мұрағат материалдарын тәркілеп, Германияға
алып кеткен болатын. Ал соғыстан кейін сол материалдар Мәскеуден бір-ақ шықты.
Ішінара ма, толық па — ол жағын біле бермеймін. Әйтеуір, көптеген қызықты да құнды
материалдардың бар болғаны рас. Демуленнің кітабынан маған әдістемелік тұрғыдан
алғанда тарихтың кейбір түбегейлі мәселелері жөнінде Блок айтып кеткен аса маңызды
пікірлерін оқып берген болатын. Бірақ оның бұл пікірлерін өзі аяқтай алмай кеткен
«Тарихты мадақтау» деген кітабынан кездестіре алмадым. Демулен Германиядағы
неокантшылдық желісі мен Франциядағы Блоктың желісі арасындағы өзара жақындасуы
туралы кейбір пікірлерін айтып өтіпті. Тап сондай пікірді Парижде болған кезімде мен де
айтқан болатынмын.
Неокантшылдық әдістемеде тарихи ұғымдардың зерттеу жұмыстарында пайдаланылатын
құрал ретіндегі рөлі әдеттегіден тыс мейлінше табандылықпен атап көрсетіледі. Ал мұның
өзі тарихи таным ісінде шын мәніндегі революция боды. Қазіргі тарихи білімнің өмірге
келген уақытын неокантшылдық еңбектердің жазыла бастаған кезінен бастау алады деп
көрсетуге әбден болады. Табиғат туралы ғылыммен салыстырғанда тарих ғылым ретінде
білімнің дербес саласы деген мәртебені неокантшылар позитивизмнің қағидаттарын және
нақты материалдарды ой елегінен өткізуге кедергі келтіретін, бәрін де қамтитын
схемаларды жойған кезден бастап алды.
Бұл жердегі қызықты нәрсе қандай? Неокантшылар өздерінің осы идеяларын дамытып
жатқан тап осы кезде француздардың тарих ғылымында Эмиль Дюркгеймнің, Анри
Беррдің және басқа да бірқатар әлеумет танушылардың, философтардың, теоретиктердің
тікелей немесе жанама ықпал етуімен орта ғасырларды зерттейтін тарихшы-
медиевистердің, сондай-ақ Ренессанс дәуірін және Жаңа заманның бастапқы кезеңін
зерттейтін мамандардың алғашқы еңбектері жарық көре бастады. Ол еңбектерде
неокантшылардың ықпалынан тыс және ең жоғары дәрежелі тұрпаттар туралы тиісті
білімнің болуымен ғана тарихи зерттеулердің жаңа бағытының туа қалуы екіталай нәрсе
еді. Ол бағыт «ментальдықтар тарихы» деген атпен белгілі болды, ал арада он жылдай
уақыт өткен соң «тарихи антропология» деген мәртебені иеленді. Бұл бағыттағы