Page 122 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
122
Ал ең маңыздысы, яғни мәселенің мазмұны қандай болуы керектігі, тағы да қайталап
айтамын, оған, яғни зерттеушіге, күні бұрын айтылып қойған болатын. Ал, Макс Вебердің
айтуы бойынша, тарихшы не істеуі керек? Оның жүріп өтер жолы тіпті бөлек. Тарихшы
жалпылама тұжырымдамадан бастайды, тарихи нақты өмір шындығының өзі зерттеуі тиіс
үзінді қалдықтары туралы алдын ала түсінікті қалыптастырып, құрап алады. Бұл жағдай
— өзіндік «ең жоғары тұрпатты» дәріптеу, тарихи нақты өмір шындығынан жоғары
көтеріліп, шарықтап ұшу деген сөз. Мұның өзі «ең жоғары тұрпатты» ілімнің нақ өзі
болып табылады. Тарихшы соның негізінде дерек көздерінің қойнауына неғұрлым терең
еніп, одан өзіне қажетті нақты материалдарды іздеп таба алады.
Ал, алдын ала жасалған болжам мен дерек көздерінің материалдары арасында қарама-
қайшы жағдайлар болып, олар ең жоғары тұрпатты ілімді құрайтын түсінік жүйесінің
ауқымына сыйыспай әрі үйлеспей жатса, онда не істеу керек? Мұның өзі — зерттеу
жұмысының шешуші кезеңі. Бұл сұраққа Вебер былай деп жауап береді: ол материалдар
ең жоғары тұрпатты ілімді құрайтын түсінік жүйесінің ауқымына сыйыспайды. Тап
сондықтан да оны Idealtynus деп атайды кейбір жекелеген жағдайларда ең жоғары
тұрпатты ілім жинаған нақты материалдардың бір-бірімен сәйкес келетіндігі байқалып
қалады. Бірақ әдеттегі көп жағдайда мұндай сәйкестік тіпті қағидатты түрдің өзінде де
бола бермейді. Ең жоғары тұрпатты ілімнің және оны толтыру үшін жинақталған нақты
материалдың арасында әйтеуір бір үңірейген ашық саңылаулар әрқашан байқалады да
тұрады. Осындай қарама-қайшылық орын алып отырған және құлағына тынымсыз
құйылып, санасына эсер етіп отырған жағдайда зерттеушінің не істеуі керек? Мұндай
жағдайда марксистік схема бойынша кедергі келтіретін нақты деректерді біржола алып
тастауға, оларға мүлде назар аудармай, дерексіздендіре немесе жай ғана бұл әдеттегі
типтік сипатқа сай келмейді, сондықтан да ол оншалықты маңызды нәрсе емес, коғамдық
формациялық құбылыстардың төңірегіндегі ұсақ-түйек нәрселер, тіпті пайдаланылған
құралдың дұрыс көрсете алмаған олқылығы ғана деп түсіндіруге тура келеді. Прокруст
төсегіндегі жан қиналып, ажал аузында жатқан кезде осының бәрі де қажет болады.
Ал Макс Вебердің пайымдауы бойынша әрекет еткен кезде бәрі де осыған керісінше
болып шығады. Егер жинақталған, мұқият талдаудан өткізіліп, жүйеге келтірілген нақты
материал ең жоғары тұрпатты ілімнің түсінік жүйесіне қарама-қайшы келсе, онда оның
түрін өзгертіп, модификациялауы қажет. Яғни мен зерттеу ісін теріс алғышарттан
бастаған екенмін-ау, зерттеудің ендігі барысында азды-көпті, немесе тіпті түбегейлі
өзгерістер жасау арқылы қайта жұмыс жүргізуге тиістімін деп ойлап, батыл шешім
қабылдайды. Олай болса, ең жоғары тұрпатты ілім дегеніміз жинақталған нақты
материалдарды қалай еткен күнде де бағындыру қажет болатын, күні бұрын дайын тұрған
схема емес, қайта зерттеу құралы болып табылады. Осы құралдың көмегімен нақты
материалдарды жинақтауға, зерттеп білуге, бір жүйеге келтіріп, жалпылама
қорытындылар жасауға болады. Бірақ пайдалануға тиісті бұл құрал өз орнымен ғана
жұмсалуы тиіс. Ал оның пайдалануға жарамсыз екеніне көз жетсе, оны лақтырып тастау
қажет.
Менің М.Вебердің жұмыстарымен таныстығым 50-60-шы жылдардың барысында
басталды. Ең қиын нәрсе ол еңбектерді оқып шығуда болған жоқ. Өйткені олар біздің
кітапханаларымызда бар болатын. Ең маңыздысы қай мәселені қалай түсіну керек
екендігін, қай ізбен ілгері басу қажет екендігін айқын білуде еді. Сөз арасында айта кетуге
тура келеді, мұның өзі Ресей әлемінен қол үзіп, шетелдерде тұруға мәжбүр болғандардың
ғана проблемасы емес болатын. 1911 жылы менің Парижге алғаш рет жолым түсті. Сол
жолы Лe Гофф менің баяндама жасауымды өтініп, ұсыныс жасады. Мәжіліс залында
«Анналдар» журналы редакциялық алқасының мүшелері түгелдей дерлік қатысып
отырды. Мен бұл журналдың редакциясымен көптен бері байланыс жасап, мақалалар