Қазақстанның ашық кітапханасы
120
«...Жоғарыда аталған мақалалардың түпкі мақсаты Құдай жаратқан «тарих дөңгелегінің»
немесе оның үйреншікті «сорабының» идеяларын теріске шығару болып табылатын еді.
Өйткені ол идеядан зор дегенде елеусіз ғана, яғни жалпы бағытты өзгерте алмайтын
ауытқулар ғана болуы мүмкін болатын. Сондай-ақ бізге гегельшілдіктен мұра болып
қалған тарих телеологиясын (олай болса діни ілім теологияны да) теріске шығаруды
көздейтін. Ол сонымен қатар адамның ақыл-ойы мен таным нысаны арасындағы
қатынастарда
өзара
қарама-қайшылықтың
бар
екенін,
яғни
тарихи білім
эпистемологиясының маңыздылығын және өте-мөте күрделілігін ашып көрсетуді де
мақсат етті. Нақты тарихты дөрекілендіретін жүйеден арылтуды көздеді. Атап айтқанда,
материалдар байлығындағы алғашқы ұстанған бағыт-бағдарды ой елегінен өткізу
құралдарынан енді оған қандай мөлшерде кедергі келтіретін тосқауылға айналған және
оны тарихи даму қозғалысының нағыз көрінісі етіп бейнелейтін нәрсеге айналғанын атап
көрсету қажет болды.
Орта ғасыр тарихымен айналысатын медиевист ретіндегі мен үшін капитализмге дейінгі
дамудың өзіндік ерекшелігін атап көрсетудің әсіресе ерекше маңызы бар еді. Өйткені
дамудың ол түрін буржуазиялық қоғамның категориялары бойынша бірдей түсіну мүмкін
емес болатын Сондықтан да оны дұрыс түсінудің жаңа, әлгі қоғамдарға қолдануға
неғұрлым қолайлы да икемді, оларды асыра дәріптеу, шектен тыс тым жетілдіре көрсету
қатерінен аулақ, яғни нақты тарихты дөрекілендіретін жүйеге қарсы күресте
қолданылатын аппарат, яғни тиімді тетік ойлап табу қажеттігін талап етуге тура келді.
Алайда мәселенің бұлай қойылуы капитализмге дейінгі қоғамдардан тек қана
«дамымаған» ағзаларды, яғни «адаммен» салыстырғанда бейне бір «маймылдар» сияқты
жетілмеген тіршілік иелерін, казіргі жоғары дамыған қоғамға жету жолындағы әлдебір
«әзірлік» сатыларын ғана көруден бас тарту болып табылады. Мәселенің бұлай қойылуы
прогрестің өткен замандарда орын алған жағдайларға әрқашан жоғарыдан әрі менсінбей
жек көрушілікпен қараудың жексұрын әрекетінен біржола арылудың жолы болатын.
Мәселенің бұлай қойылуы —адамзат дамуының бір ғана желі бойымен жүзеге асатыны
жөніндегі қатып-семіп қалған догмаға қарсы, яғни барлық коғамдар мен өркениеттер
«бірінің желкесінен бірі тізіліп тұратыны» сияқты түсінікке қарсы өшпенділікті барынша
өршіту деген сөз. Сайып келгенде, мұның өзі әр түрлі пікірлердің еркіндігіне, параллель
жағдайлардың катар орын алуына, жекелеген қоғамдардың көп укладты болуына жол
береді.
«Соцэкгиздің» — әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерді басып шығарумен айналысатын
осындай бір баспа болған — жасаған ұсынысына жауап ретінде мен оған өзімнің
«Тарихтағы адам» деген кітабымның проспект-нобайын бердім. Менің сол өтініш-
мәлімдемемді оқып шығып, ондай кітап шығаруға болмайды деген сарапшының басқа
ешкім де емес, Тарих институтының әдістемелік секторының меңгерушісі Михаил
Яковлевич Гефтер екенін естіп-білгенімде қатты таң қалдым. Біздің өзара қатынасымыз
жақсы-ақ болатын. Сондықтан да оның өз пікірін ең алдымен менің өзіме айтуына толық
мүмкіндігі бар еді. Бірақ ол бұлай істемеді. Бұл мәселені онымен бірге жеке отырып
талқылауға менің де құлқым соқпады. Ал арада біраз уақыт өткен соң мен жағдайдың неге
бұлай болғанын түсінген де сияқтандым.
Михаил Яковлевич, сөз жоқ, дарынды ғалым адам еді. Жаратылысынан жақсы жетекші,
қабілетті ұйымдастырушы, ғажайып шешен, тыңдаушыларын қызықтыра баурап алып,
олардың ой-пікірін өзіне бағындырып әкетуге өте шебер болатын. Оның мұндай
қасиеттерін өзгелер түгел мойындайтын. Сондықтан да ол өзінің айнала-
төңірегіндегілерге күшті ықпал ететін. Тарихтың әдістемелік секторының жетекшісі
ретінде сол сектор 60-70-ші жылдар шамасында жабылып қалғанға дейін, сөз жоқ,