Қазақстанның ашық кітапханасы
119
деген марксистік идея қағидатты түрде алғанда мүлде жалған нәрсе екенін айттым.
Өйткені табиғат заңдарының гносеологиялық және онтологиялық мәртебесі тарих
заңдарымен салыстырғанда мүлде басқаша. Себебі тарихты адамдар жасайды, бірақ олар,
Маркстің сөзімен айтқанда, тарихты өздерінің жасап жатқанын білмейді. Бұл ретте маған
тарихтың жалпы заңдары деп аталатын қағидаттарды еске алуымның өзі де жеткілікті
сияқты көрінеді. Өйткені ол заңдардың мән-мағынасыз деңгейде жиі айтылып, жұртты
ығыр етіп біткеніне кәміл көз жеткізу үшін жетіп жатыр. Мысалы, марксизмнің қайталап
айта беретін қағидасы мынадай: өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың
өзгеруіне алып барып соқтырады; адамдар әлдебір идеяларды қалыптастырудан бұрын
күнделікті қарын тойдыратын тамақ табуға мұқтаж болады... Бірақ адамдар әуелі бидай
егіп, астық өндіреді. Содан кейін барып оның ойында бидай егу идеясы келеді деген
қағиданы кім дәлелдеп бере алады? Ондай идеядан хабары жоқ адамның жалпы алғанда
бидай егуі мүмкін нәрсе ме?
Тарихшы жалпы тарихи заңдардың қандай кызмет атқаратынын зерттемейді, шын мәніне
келгенде, оның мұнымен ешқандай да жұмысы жоқ. Тарихшылар нақты тарихи
заңдылықтарды, атап айтқанда, нақты жағдайлар мен оқиғалардың қалай нақты тоғысуын,
яғни уақыттың шектеулі бір кезеңінің барысында әрекет ететін әлдебір вектордың
жасалуына қалай алып барып соқтыратынын зерттейді. Қысқаша айтқанда, бұл мақаланың
шабытты пафосы жалпы тарихи заңдар туралы ілімге тікелей қарсы бағытталған болатын.
«Тарихшының басынан кешкен оқиғасы» (1973);
«Қоғам өміріндегі заңдылықтың, жүйеліліктің табиғаты туралы, тарихи үдерістің «алдын
ала бағдарланып қоймайтындығы» туралы ойлар: яғни дамудың желісі қандай болатынын
белгілеуге белсенді түрде катысатын, өзі сол дамудың өзінің арқасында ғана анықталып
қоймайтын әрбір тарихи оқиғаның елеулі маңыз алатындығы туралы; тарихтың дамудың
себептері мен желілерін қарапайым «жинақтаудан» ғана көрінбейтін, қайта оларды белгілі
бір құрылымға айналдыратын, тарихтың әр түрлі жоспарларын бір-бірімен үйлестіріп
отыратынын «көпфакторлылығы» туралы ойлардың барлығы да әрқашан ең басты да
маңызды идеяның төңірегіне — адамның әлеуметтік үдерістегі атқаратын рөлі төңірегіне
шоғырланып келеді. Менің тарихи заңдылық туралы 1965 жылы «Вопросы истории»
журналында, содан кейін едәуір өзгертілген түрде «Тарих ғылымының философиялық
проблемалары» деген жинақта көшіріп басылған мақаламда бұл мәселелердің көтеріліп,
алға қойылуы барынша қарапайым шамалап болжам жасау түрінде ғана болғанына, тіпті
өз дәрежесіне дейін жетілдірілмей, атүсті көтеріле салған әрекет деңгейінде қалғанына
кейіннен кәміл көз жеткіздім».
Сол мақала [...] халықтық демократия елдерінде, тіпті үш ұйықтасам, түсіме де кіріп
шықпаған жерде — АҚШ-та жарияланды. Колумбия университетінің бір студент қызы
маған сол мақаланы тарих факультеті студенттерінің өздерінің семинарында талқыламақ
та болғанын айтты. Алайда студенттердің ереуілі басталып кетуі салдарынан
университеттің уақытша жабылып қалуына байланысты ондай талқылаудың да, пікір
сайысын өткізудің де реті келмепті. Сондай-ақ американ көсемсөзшісі G.Mendel-дің менің
сол мақалама (Гулыганың және басқа да кеңес авторларының мақалаларына) талдау
жасап, АҚШ-та жарияланған үш шолу мақалада ерекше назар аударуы да сол кездегі
жағдай тұрғысынан алып қарағанда кісі таң қаларлықтай қызық оқиға болған еді. Оның
біржақты бұрмалау тұрғысынан берген бағаларын айтпай, былай қоя тұрғанда біздің не
жазып, не қойып жатқанымыз сырттан бақылаушының өзі үшін де мейлінше күтпеген
нәрсе болып шыққанын атап өткеніміз жөн...».