Қазақстанның ашық кітапханасы
11
Егер халықтар өздері мұра етіп келе жатқан дәстүрлерге адал болғандықтан адасса, егер
олар жарты жолда тоқтап қалса, онда — олардың өз адасуларының зардабын тартқаны
және сол арқылы өз күнәларын жуғаны. Құдай олардың қол-аяғын байлап қойған жоқ,
оларды тек өздерінің болмысы — кім екендігі, қайда және қашан өмір сүргендігі, тіршілік
күшінің қалай екендігі матап ұстады. Ал олар қателескен кезде құдай келіп көмектеспеді,
бұлар үшін керемет жасай қоймады, ал қателіктің салдары іс жүзінде көрінуге, сөйтіп,
адамдар оларды түзетуді үйренуге тиіс болды.
Бұл — табиғаттың қарапайым әрі құдайға лайықты заңы, оның ішкі бірлігі мен үйлесімі
бар, одан адам баласы үшін туатын салдарлар көп. Егер тағдыр адамзатқа өзінің
болмысына тән тіршілік етуді, өзі бола алатын тіршілік иесі болуды жазған жағдайда,
оның табиғаты тәуелсіз, кызмет аясы бірде-бір әдеттен тыс керемет кедергі келтіре
алмайтын, еркін шығармашылық өрісі болар еді. Өлі материя, түйсік бағыт беретін тірі
жәндіктердің барлығы да дүние жаратылған кезде қандай болса, сол күйінде қалды, ал
адамды, құдай жердегі құдай етіп жаратып, оның бойына өз бетінше әрекет етудің
бастауын салып берді де, бұл бастауды қозғалысқа келтірді, бұл қозғалысты адам
табиғатының ішкі және сыртқы қажеттіліктері туғызады. Өзінің ақылын пайдаланбаса,
адам өмір сүре алмаған, өз өмірін сақтай алмаған болар еді, ал көп ұзамай, ақылын іске
қосқаннан кейін оның алдынан қақпа ашылды, енді ол қателіктің артынан қателік жібере
бастады, дұрыс емес әрекеттері де жалғаса берді, бірақ нақ осындай, оның өзінде, тіпті
әлгіндей қателіктер мен адасулардың арқасында, оның алдынан тағы бір қақпа - ақылды
анағұрлым тиімді пайдаланудың жолы ашылды. Адам өз қателіктерін неғұрлым тезірек
аңғарып, оларды батылырақ түзетсе, соғұрлым өзі де алға басады, адамгершілігі де арта
түседі, сондықтан ол өзінің ақыл-ойын ақырына дейін дамыта беруге тиіс, өйтпеген
жағдайда, оз кінәсінен туған ауыртпалықтың азабын ғасырлар бойы тарта беретін болады.
Біз табиғат өз заңын орнату үшін, адам баласын жер бетіне орналастыруға мүмкіндік
беретіндей, ұлан-байтақ кеңістікті тандап алғанын, сөйтіп, адамға тек адам ұрпағына ғана
тән бола алатын сан алуан құрылымдар бергенін көреміз. Ол маймылмен қатар негр
табиғатын орналастырды, содан бергі адамзаттың бүкіл ақыл-ойын, негрден бастап ең
сезімтал адам миына дейінгі ақыл-ойын адамгершіліктің ұлы проблемасын шешуге
табиғат мәжбүр етті. Жер бетіндегі бірде-бір халық өмірге қажеттің бәрін де қолдан
шығармас еді, өйткені қажеттілік пен түйсік осыған алып келеді, бірақ күнкөрістің
неғұрлым қолайлы жағдайлары қалыптасуы үшін, едәуір жұмсақ климатты аймақтарда
тұратын мейлінше сезімтал халықтар қалыптастырылды. Ал барлық жақсы мен ізгі нәрсе
екі акырғы шектің арасында жататындықтан, ақыл-ой мен адамгершіліктің неғұрлым
жетілген түрі де неғұрлым орташа, қоңыржай климатты аймақтардан орын табуы тиіс
болды. Мұның өзі де нақ солай болып шығып, жалпыға бірдей сәйкестік заңымен толық,
үйлесім тапты.
«Адамзат қай жерде де өзін неге айналдыруға қабілетті болса соған айналды, өзінен не
жасағысы келсе, соны жасады. Егер адамзат барға қанағат етсе, немесе уақыттың
ұланғайыр егін жайында жетілу құралдары әлі піспеген болса, онда адамзат ғасырлар
бойына бастапқы қалпында қалып, еш нәрсеге айналмаған болар еді. Бірақ, егер адамзат
өзіне құдай берген барлық құралдарды, яғни пайымдауды, күшті және оңынан соққан жел
әкелгеннің барлығын пайдаланған болса, онда өнер адамдарды жоғары көтерер еді,
халықтар батыл әрі табанды түрде жаңа кескін-келбетке ие болар еді. Ал халық құдай
берген мұндай құралдардың қадірін білмегендіктен, жалқаулыққа салынды, бұл оның өз
бақытсыздығын онша сезінбейтіндігін көрсетті; өйткені әділетсіздікті жан-тәнімен сезіну,
егер ол ақыл мен жігерден тыс қалмаса, қашанда құтқарушы күшке айналады. Қатыгез
билеушінің орасан күштілігі себепті халықтар оған ұзақ уақыт бойы бағынып келеді деп
ойлауға мүлде болмайды; деспоттықтың бірден-бір, ең сенімді тірегі — құлдардың