Page 118 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
118
тарихи үдерістің жанды да нақты негізі өте сирек қызықтырушы еді, қазір де ілуде бір
реттен артық қызықтыра қоюы екіталай. Олар жалпы схемаларды ғана бейнелеп сызады,
жалпылама қарапайым қағидалардың формулаларын жасайды және оларды дамыта түседі.
Бұл ретте ерінбей-жалықпай, одан-бұдан үзіп-жұлып құрастырумен айналысуы үшін
жалпы ортақ нәрселерді емес, өзіндік ерекше тарихи деректерді, «дерекнамаларды» қажет
ететін тарихшылардың не жасап жатқандарымен санаспайды да. Ал менің өзімді де
тарихшы ретінде қатты қызықтырып келген нәрсе тап әлгі ерекше тарихи деректер болып
табылады. Өйткені тарихта, шынын айтқанда, ешнәрсе де қайталанбайтыны айдай айқын.
Ол тарихи ерекше нәрсені түсіну үшін және әлдебір синтетикалық схемалар ретінде дұрыс
ұйымдастыру үшін зерттеу жұмысының бастапқы кезеңдері қандай болуы керек екені
туралы алдын ала терең ойластыру қажет болады. 50-ші жылдардың аяқ кезі мен 60-шы
жылдардың бас кезіндегі кеңінен өрістеген пікір алысулардан менің алған серпінді күш
берерлік нәрселерімнің бірі, міне, осы еді.
Жаңа кеңістіктің іргесін кеңейтуге ұмтылған мен, сөз жоқ, шамадан тыс асығыстықпен
бірнеше мақалалар сериясын жазып та, жариялап та үлгердім. Оларда бірқатар аса
маңызды проблемаларды талқылауға бел будым. Өйткені ол мақалалар маған негізінен
алғанда өзіме қажетті плацдармды тазартып алып, онда жаңаша тарихи зерттеу жүргізуді
кеңінен өрістету үшін керек болды. Сөйтіп, әлдебір жаңа ойлардың үміт оты жылтырады.
Ол ойлар қалай дегенде де ресми идеологияны сынға алуды көздеді, бірақ, әрине, ол сын
бір жағынан едәуір дәрежеде тұспалдап, жұмбақтап айтуды, баспасөз бетінде жарық
көруге болатындай сыпайы сипатта жазуды қажет етті.
Сөйтіп, мен «қоғамдық-экономикалық уклад» және «өндіріс тәсілі» деген ұғымдардың
өзара қатынасы қандай екендігі туралы мәселені қарастырдым. Мұның өзі өндіріс
тәсілдерінің ауысуы жөніндегі маңызды да негізгі қағиданың өзіне күмән тудыруға
мүмкіндік берді.
Онда мен капитализмге дейінгі кез келген коғамдық формацияда біз қағидатты түрде көп
укладтылық жағдайдың болғанын көреміз дегенді дәлелдеуге, бірақ ол укладтардың
қандай да болсын біреуін жеке бөліп алып, сол қоғамның жетекші, формациялық
дәрежедегі, негіз қалаушы уклад ретінде қарастыру тарихшы үшін тіпті де жол беруге
болмайтын өрескел қателік екенін көрсетіп беруге тырыстым. Мақала «Вопросы
философии» журналында жарияланды. Бұл жердегі ең қызықты мәселе менің әлгіндей ой
айтуға батылдығымның жеткенінде емес, қайта журнал редакциясының сол мақаламды
қалай жариялап жіберуінде еді. Менің бір әріптесімнің айтқанындай, шынында да
адамдардың «ақыл-ойында әлдебір абыржыған өзгерістің» болғаны, едәуір идеологиялық
сасқалақтап қалудың орын алғаны әбден ықтимал еді. Бәрін де жіпке тізгендей етіп, қатты
қадағалап отыратын марксистердің назарына әншейінде іліккен бойда-ақ нағыз қауіпті
қастандықтың тап өзі деп табылатын нәрселердің көпшілігі жарияланатын мүмкіндік
туды. Мен әлгі мақалада күнә жайлаған жер бетінде ешқандай да қоғамдық-экономикалық
формация дегендер мүлде болған емес, олар тарихшылардың ойлап тапқан нәрселері
деген батыл пікір айттым. Мен қазір де тап сол көзқарасымнан тайған жоқпын. Әрине,
менің бұл пікіріммен келіспейтіндер де табылар. Бірақ олар бұл пікірім үшін тап қазір
маған «учаскеге сүйрей жөнелерлік» айып тағыла қоятын болар деген күдік ешкімнің де
ойына кіріп шықпайды. Ал ол кезде болса... Сөйтіп, мақала ешқандай кідіріссіз
жарияланып кетті. Соңынан сан соғып қалғандар табылды да, мені бұршақтай бораған
сынның астына ала бастады. Бірақ айтар сөзім айтылды — болар іс болып, бояуы сіңіп
қалған еді.
Басқа бір мақаламда тарихи заңдылық туралы мәселені қозғадым. Тарихты ілгері
жылжытатын мызғымас заңдар бар, олар да табиғат заңдары сияқты объективті сипатқа ие