Қазақстанның ашық кітапханасы
116
Әрине, менің бұл сөздерімде қарадүрсін пайымдаудың болуы ғажап емес: тарихшы
материалға талдау жасап болып, оны толық көлемінде жайып салған кезде қоғамдық
формацияның жалпылама түсініктемесінен кейбір алшақ кетушіліктер аяқ басқан сайын
кездесіп отырады. Ал оларды тарих дегеніміз алуан түрлі болады, сондай-ақ жалпы заңдар
өздеріне алуан түрлі тап сондай ауытқып, алшақ кетушіліктердің қалың қабатын бұзып-
жарып жол табады деп, әрқашан оп-оңай әрі адал ниетпен елеусіз қалдыра салуға да болар
еді. Энгельстің пайымдауы бойынша, жалпы тарихи заң іс-әрекетінің векторынан
ауытқулардың барлығы да бірін-бірі өзара теңестіріп отырады, ал кең ауқымды негізгі
заңдылық бұрынғы белгіленіп, бағыт алған жолымен одан әрі ілгері баса береді. Мұның
өзі философияның әлдебір дерексіз қарапайым қағидаларына сай келетін ой болуы әбден
мүмкін, бірақ ол тарих туралы білімнің өз табиғатынан және тарихи өмір шындығынан
туындамайды әрі оған мүлде сай келмейді. Сіздің бақылаған нақты өзгерістеріңіздің бірін-
бірі өзара жойып жіберетін ауытқушылық болып шықпайтынына кім кепілдік бере алады?
Бәлкім, бұған керісінше, ол ауытқулардың тұтас формацияның бүкіл болмыс-бітімін
біржола өзгертіп жіберуге алып барып соқтыруы да, сөйтіп, оның теория бойынша болуы
тиіс түрінен жалпы алғанда тіпті басқаша болып кетуі де мүмкін шығар?
Тап күресінің алуан түрлерін — көтерілістерді, ереуілдерді немесе шаруалардың соларға
ұқсас ишара әрекеттерін — қашып кетуін, міңгірлеген наразылығын зерттеу әбден
үйреншікті әрі дем беріп, қолдау көрсетіп отыруға лайық саналатын. Наразылықтың
барлық
түрлері
де
экономикалық
қарама-қайшылықтардан,
шаруалардың,
жүмысшылардың, сондай-ақ басқа да әлеуметтік топтардың қаналып, күйзелуінен
туындаған «тап күресі» деп қабылдағаны әбден табиғи нәрсе еді. (Дегенмен де
«әлеуметтік күрес» ұғымы тап күресінің шеңберімен ғана шектеліп қалмайды). <...>
Сталиннің өлімі, партияның XX съезі қоғамның өміріміздегі ғана емес, сонымен қатар
ғылымымыздың тарихындағы мейлінше маңызды кезең болды. 50-ші жылдардың аяқ
кезінде өзіндік айтар ойлары бар ғалымдар үшін кейбір мүмкіндік туа бастады. Зиялы
қауымның өте көп өкілдері, оның ішінде орта буын ұрпақтың тарихшылары да аз болған
жоқ — ол кезде біздің жасымыз отыз-қырықта, кейбіреулеріміз тіпті бұдан да жас едік —
әлгі азды-көпті мүмкіндіктерді пайдаланып қалуға, көнерген ескі қағидаларды қайта
қарауға, жаңа идеялардың негізін қалауға, сол арқылы өздеріміздің тың ойларымызға
шұғыл түрде неғұрлым кеңірек жол ашуға тырысып бақтық. Біз тарихты зерттеу ісіне
алып баратын неғұрлым тәуелсіз әрі жемісті жолдарды іздестіріп көруге, бәрін де түгел
қамтитын, қатып-семіп қалған догматикалық формациялар теориясының шырмауынан
шығуға әрекет жасай бастадық.
Сөйтіп, дәстүрлі ескі көзқарастардан қалай арылудың немесе оларды қайтадан басқаша
қарастырудың бір-біріне тіпті де ұқсамайтын екі түрлі жолы пайда болды. Оның біріншісі
- шын мәніндегі Маркске, Энгельске және Ленинге қайта оралу, олардың ақыл-ой
қазынасын Сталиннің қосқан қатпар-қатпар қоқыстарынан тазарту арқылы нағыз идеялық
мол байлыққа ие болу керек деп анда-санда жар салған, бірақ өмірмен байланысы жоқ, тек
ауада қалқып, естіліп жүрген жарнамалық ұрандардың әсерімен пайда болуы ғажап емес.
«Марксті жаңаша оқу керек» деген формула өте жиі қолданылды. Маған бұл жағдай
«жылымық» кезіндегі әдістемелік ақыл-ойдың неғұрлым кеңінен тараған бағыты сияқты
болып көрінген еді. Әр түрлі конференциялар, семинарлар өткізіле бастады, тиісінше
мақалалар да жарияланып жатты. Бұл ретте Марксті шын мәнінде жаңаша оқу жөніндегі
ұранның кейбір жағдайларда қызықты нәтижелер беріп қалуы да мүмкін еді. Атап айтар
болсақ, Маркстің 1858-1859 жылдары жазған, орыс тіліне әлдеқашан аударылған
философиялық-экономикалық еңбектерінің қолжазбалары оның капиталистік өндірістен
бұрынғы өндіріс тәсілдері туралы барынша күрделі логикалық пайымдауларын түсінуге
ақыл-ой өресі жете бермейтінін тарихшыларымызға мүлде белгісіз қалпында қалып келді.