Page 114 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
114
болмаған екен. Олардың есімдері «Чейн-Сток тынысы» деген медициналық терминнен
алыныпты. Ол термин өлім алдында жатқан адамның тыныс ала алмай, жанталасқан халін
білдіреді екен. Аталмыш термин Сталиннің денсаулық жағдайы туралы оның өмірінің
соңғы күндері үздіксіз беріліп тұрған бюллетеньде қолданылыпты. Олай болса, Гастев
Чейни мен Сток мырзалардың атын атау арқылы соңғы демі таусылып бара жатқан
тиранды тұспалдап, өз тағдырына қатысты «алғысын» білдірген болып шығады. Ол кезде
біз мұндай эвфемизмдерді жиі-жиі қолданатынбыз.
70-ші жылдары бірде поэтиканың семиотикалық (таңбалар жүйесін зерттейтін ғылым
саласы) проблемаларына арналған конференция болып өтті. Ю.М.Лотманның ұлы
М.Ю.Лотман «Годунов-Чердынцевтің поэзиясы» деген тақырыпта баяндама жасады.
Конференцияға қатысушылардың бірде-біреуі әлгі Годунов-Чердынцевтің кім екені, оның
қайда туып-өскені, қайда тұрғаны, шығармаларының қайда басылғаны және басқа да
жағдайлары туралы сұрақ қойған жоқ. Өйткені жиналғандар зиялы қауым өкілдері
болатын. Годунов-Чердынцев деген Набоковтың «Сыйлық» деген шығармасындағы
кейіпкерлердің бірі екенін айтқызбай-ақ түсінді. Егер әңгіме Набоков шығармаларының
үзінділері туралы екені хабарланған жағдайда жоғарыда аты аталған баяндаманың
жасалуына рұқсат етілмеген болар еді. Өйткені ол кез Набоковтың атын атауға да,
шығармаларын оқуға да тыйым салынған кез болатын. Цензураның назарына ілінбей, оны
айналып өтуді, өзінің ойыңдағыны айтып қалуды көздейтін мұндай «ойындар» ол кезде
көп қолданылатын.
Ресми (немесе құпия жабық есіктің арғы жағында жұмыс істейтіндіктен де жартылай
ресми) цензурадан тыс, одан әлдеқайда қаскүнем әрі жауыз, өзіңе өзің цензор болу сияқты
«канцерогенді» жағдай да орын алды. Бұл жерде мен мынаны айтуым керек: цензураға
өзгелердің бәрінен де авторлардың өздері көп көмектесті. Өйткені олар нені жазып, нені
жазбауды, неше түрлі азапты қиыншылықтардан аулақ болу үшін не туралы тікелей тура
айтпау керек екенін жақсы білетін еді. Тарихшы тіпті өзінің жазу үстелінің басында
отырғанда да әділдігіне ешқандай да ерекше немесе мүлде күмән келтіре алмайтын
нәрселер туралы ашып айта алмайтын халге душар болды. Ол өзінің бұрынғы жазғанын
оқыған немесе енді жазбақ болған нәрсесін ойланған кезде ақиқаттың немесе оның
бұрмалануының өзі ұстанатын белгілі қағидаларын ғана басшылыққа алмайды, сонымен
қатар бұл мәселеге бөлім меңгерушісінің де, институт директорының, сондай-ақ олардың
үстерінен қарайтын өзге күштердің де, яғни Орталық Комитеттің Идеология бөлімінің
және басқа да бірқатар ұйымдардың қалай қарайтынын алдын ала жан-жақты ескеруге
мәжбүр болады. Қайдағы бір қолайсыз жағдайға ұрынып қалмау үшін, басын бәлеге
шалып ал мау үшін ол — мені кешіріңіздер - өзінің ойын өзі кесіп, піштіріп тастаумен де
айналысады. Сөйтіп, қоғамдық еңбек бөлінісінің заңдары бойынша, цензор атқаруы тиіс
жұмысты автордың өзінің атқаруына тура келеді. Сондықтан да ғылыми еңбектер оларды
баспаға әзірлеу барысында құлағы кесіліп құнтиған, мұрыны кесіліп шұнтиған шап-шағын
бір нәрсеге айналып шығатын. Ал оны көп жағдайда үзіп-жұлып, қиқалап кесетін
авторлардың өздері болатын. Бұл жерде мен кеңестік тарихшылардың бәрі бірдей сондай
болды дегенді айтпақшы емеспін - олар әр түрлі болды, олардың жазған еңбектерінің
тағдырлары да әр түрлі қалыптасты. Бірақ жоғарыда айтылған жағдайлар қалай дегенде де
орын алды.
Кәдімгі ресми цензурамен және өзіңе өзің цензор болумен қатар, мынадай практика да
болды: жауапты редактор немесе баспадағы редактор автордың жазған мәтініне өз
жандарынан шығарып, өз қолдарымен қосымша толықтырулар енгізуге құқықты
саналатын. Мұндай жағдайда олар әдетте цензураның жалпы қағидаттарын басшылыққа
алатын. <...>