Page 113 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
113
дәрежелі деген мамандарымыздың ой-өрісі қаншалықты тар болғаны айқын көрініп
тұрады!
Бұл жерде мен бір-бірінен барынша бөлек, бірақ өзара байланысты екі түрлі жағдайға баса
назар аудармақпын. Өйткені бұл жағдайлар кеңестік тарих ғылымының жалпы жағдайын
едәуір дәрежеде анықтап отырды.
Біріншіден. Идеологиялық бақылаудың күшті кезінде неғұрлым білімді әрі талантты
тарихшылар, былайша айтқанда, ішкі эмиграцияға кетуді артық санады. Оларға неғұрлым
тар көлемді мамандық таңдау, әдеттегі үйреншікті, бірақ маңызды болуы да мүмкін
тақырыпқа құштарлық таныту, дерек көздерімен айналысу, мейлінше нақты сюжеттерді
қандай да болсын кең көлемде жинақтап қорытынды жасамай талдау тән еді. Ал кең
көлемді терең қорытындылар жасау басталған жерден-ақ сіз идеология үстемдігі
саласындағы шырмауға түсетін боласыз.
Екіншіден. Міне, мұның бәрі де елімізде қатаң цензураның болуымен өте-мөте тығыз
байланысты еді. Ол цензура баспа өнімдері атаулының бәрін мұқият тексеруден өткізіп
отырды — газеттер мен ғылыми басылымдардан бастап көркем әдебиет шығармаларына
дейін, тіпті бөтелкелер мен қораптардың сыртына жапсырылатын жарнама қағаз
мәтіндеріне дейін назардан тыс қала алмайтын. Кеңестік өмір шындығындағы көзге оғаш
көрінетін нәрселердің бірі мынау еді: цензура аяқ басқан сайын алдыңнан шығып отырса
да, бізде цензура деген атымен жоқ деп жарияланып келді. Автор, әдеттегі қалыптасқан
дағдылы ереже тәртібі бойынша, цензормен кездесе алмайтын (бәлкім, кейбір ерекше
жағдайларда, сирек те болса, кездескен де болуы мүмкін). Қайда барсаңыз да бізде
цензура деген атымен жоқ деген сыңай танытатын. Ал нақты цензура мекемесі бар
болатын - ол Главлит, яғни Әдебиеттің бас басқармасы деп аталатын. Былайша қарасаңыз,
мейлінше стерилдендірілген кіршіксіз тап-таза мөлдір атау сияқты. Ал цензор кез келген
баспаның оңаша бір жабық бөлмесінде отырып алып, жарыққа шығатын баспа өнімдерін
мейлінше қырағы сақтықпен шұқшия оқумен болатын.
Егер ол ресми идеологияның талаптарына сай келмейді-ау деп тапқан әлдебір нәрседен
әйтеуір бір сезіктене қалса, оны (мен бұл жерде әскери және мемлекеттік құпиялар туралы
тіпті де айтып отырған жоқпын), яғни қандай да болсын өзіне күдікті көрінген сөздер мен
сөйлемдерді, тұжырымдамаларды, ой-пікірді, қысқасы, өзімізге жат көрінеді-ау деген
ортодоксті нәрселердің бірде-біреуін жарық көруге «өткізбей, ұстап қалуы» тиіс. Сонда ол
не істейді деңіз? Ол баспаның редакторын өзіне шақырып алып, оған сіз рұқсат етілмейтін
мынадай - мынадай нәрселерді жіберіп қойыпсыз деп көзіне шұқып көрсетеді. Ал
редактор өз кезегінде авторды шақырып алып, оның қандай түзетулер енгізуі тиіс екенін
өз атынан сыпайы түрде үйреткен болады. Сонда бәрі де реттеледі дегенді айтады. Ондай
цензуралық түзетулердің бәрі де әдетте әншейін ұсақ-түйек нәрселер болып келеді,
оларды өзара ымыраға келіп, қандай нәрсені соншалықты турасынан айтпай-ақ, әлдебір
тұспалмен, бірақ бәрі де түсінікті болатындай етіп баяндауға болатынына келісумен
тынатын.
Тұспалмен айтылған мәселені түсінуге болады деген пікір кеңінен етек алған еді. Мысалы,
мейлінше анекдот сияқты мына бір жағдайды айта кетейік. Белгілі логик ғалым Ю.Гастев
(ол кейінірек эмиграцияға кетіп, шетелде қайтыс болды) Брежнев реакциясы кезінде өзінің
монографиясын кітап етіп шығарған болатын. Оның алғысөзінде автор бұл еңбекті жазу
барысында өзіне көмек қолын созған әріптестеріне алғыс айтатынын, солардың арасында
әсіресе Чейн мен Стокқа ерекше ризашылығын білдіретінін айтқан еді. Кітап жарыққа
шығып кеткен соң біреу тұрып, «осындағы Чейн мен Сток деген мырзалар кім өзі? Олар
Гастевке қандай көмек көрсетті екен?» деп сұрақ қойған ғой. Сөйтсе, ондай ешкім де