Қазақстанның ашық кітапханасы
112
ойлау тым қарадүрсінділік болар еді деп пайымдаймын. Бір күні Исландия сагалары
бойынша Эдинбург қаласында өтуі тиіс халықаралық конференцияға шақыру келді.
Шақыру М.И.Стеблин-Каменскийдің және менің атыма жіберіліпті. Михаил Ивановичтың
менімен салыстырғанда шетелге «жиі шығып тұратын» артықшылығы бар еді. Бірақ бұл
жолы екеуіміз де бара алған жоқпыз. Біздің орнымызға Эдинбургке Тіл білімі
институтының директоры Ярцева мен тағы бір әйел, — институт партбюросының
хатшысы, — және институттың Ленинградтағы бөлімшесінің директоры Десницкая кетті.
Осы «үш сымбатты сұлудың» біреуі іссапардан қайтып оралғаннан кейін Михаил
Ивановичке: «Конференцияны ұйымдастырушылар бізді барынша жақтырмай қарсы
алды» деп шағым жасапты. Себебі өзінен-өзі түсінікті еді — «Шақырылмаған қонақ
татардан да сүйкімсіз...» болатын.
Тыйым салулар мен қатты қадағалаулар біздің өміріміздің, соның ішінде академиялық
ғылым саласының да, ілгері басқан қадамын кері кетіретін керітартпа ескішілдіктің тап өзі
еді.
Бір естелік мысал келтіре кетейін. Рас, бұл оқиға сәл кейінгі кезеңде - 70-ші жылдар мен
80-ші жылдардың бас кезінде болған еді.
—
Жалпы тарих институтының халықаралық істер жөніндегі Ғылыми хатшысы Елена
Ильинична Агаянц, егде жастағы едәуір еңселі де келісті кісі, менімен ресми емес, жай
әңгіме жүргізуге құмар еді. Мысалы, ол шынымен-ақ ашу-ызаға булығып: «Арон
Яковлевич, өзіңіз-ақ айта қойыңызшы, мына бір нәрсені қалай түсінуге болады?
Төлқұжатымызда әрқайсымыздың ұлтымыз бадырайта жазылып тұр. Ал өзімізді
интернационалистерміз деп көкірегімізді ұрғанда да алдымызға жан салмаймыз! Сіз ірі
ғалымсыз, бірақ сізді шетелге шығуға жібермейді! Бұл қалай болғаны сонда?» Мен не
дерімді білмей қиналғандықтан едәуір үнсіз отырып қалдым. Бұл не өзі, шынымен-ақ
шырылдап шыққан жан айқайы ма? Әлде мына үстелдің бір қуысында менің қайтаратын
жауабымды жазып алатын бір нәрсенің тұруы да мүмкін болғаны ма? Ол да мүмкін, әбден
ықтимал. Мені қорықты деуге болмайтын еді, бірақ үн-түнсіз отырып бәрін де тыңдай
беруді мақұл көрдім. Тағы бірде ол маған былай деді: «Сіз білесіз бе, жоқ па - мен
байырғы барлаушымын. Мен қазір сізге бір нәрсе көрсетейін». Сөйтті де ол сөмкесінен
соғыс кезінде түсірілген бір суретті суырып алып, маған ұсынды. Бір топ офицер —
югославиялық және кеңес офицерлері — алқа-қотан тұр. Отарларында екі адам жұбын
жазбай би билеп жүр — біреуі маршал Тито, екіншісі - осы отырған Елена Ильинична.
Бұл да әскери киім киген екен. Ол әңгімесін жалғастыра түсті: «Сіз білесіз бе, бұлардың -
ол бұл жерде басшылар туралы айтып отыр, — иә бұлардың не істегісі келгенін? Бұлар
маған өзіміздің қызметкерлеріміздің жүріс-тұрысына мұқият бақылау орнатуды
тапсыратынын қалайтынын айтты! Бірақ бұл менің ведомствомның міндетіне жатпайды
ғой. Менің мұндағы жұмысым халықаралық қатынастар проблемасына қатысты. Бүкіл
ішкі тәртіпке бақылау орнатуға тиісті кадрлар бөлімі бар емес пе?»
Бірақ мұның бәрі де біздің күнделікті академиялық өміріміздің үстіңгі қабаты ғана
болатын. Ең бастысы, тарихшылардың ақыл-ойының тоқырап қалуында еді. Тек жас
ұрпақтың ғана емес, сонымен қатар аға ұрпақтың да қазіргі оқырман өкілдері кеңес
тарихшыларының 30-50-шіжәне одан кейінгі жылдарда жарияланған еңбектерін оқу үшін
қолға алғанда (егер қолдарына ала қойса) көп жағдайда ыңғайсыздана таңданып, абыржып
қалады. Өйткені қазір біздің ол еңбектердің, оларда айтылатын ақыл-ой қисынының
деңгейінен қаншалықты алыстап әрі биіктеп кеткеніміз, ол еңбектердің қатып-семіп
қалған догматтық қағидалардың шырмауында қаншалықты қалып қойғаны және
тарихшыларымыздың, тіпті кезінде өз ісін жақсы білетін барынша ысылған жоғары