Қазақстанның ашық кітапханасы
110
тұрғысынан ғана дұрыс тактика деп саналмаған шығар. Звавич өзінің қателіктерін
мойындауға мәжбүр болды. Бірақ «байқамай қалыппын, жете ойластыра алмаппын, өзімді
дер кезінде тура жолға салған жолдастарға шексіз ризамын» деген сияқты себептерді
айтып, ақталуға тырысып бақты. Жалпы алғанда, қалай да бас сауғалап, құтылып шығуды
көздеді.
Біз, жастар, сол бір жасы ұлғайған карт адамның биік мінбеде тұрып, өзін-өзі айыптап,
өткір сын айтуға мәжбүр болғанын көргенде мұның өзі біз үшін адамға тән кәдімгі
қасіретті, профессорға деген күшті аяушылықты сезінумен катар, белгілі бір дәрежеде
тағлым аларлықтай мектеп те болды. Сол бір аса ауыр әсерлер біздің енді-енді
қалыптасып келе жатқан саяси санамызға өшпестей із қалдырды. Бізге, дәлірек айтқанда,
казіргі болып жатқан оқиғаларға мұқият көз жіберіп, тереңірек түсінуге әзір жастарға,
біздің қазіргі коғамымыздағы ресми насихаттың күнделікті құлағымызға құйып жүргені
сияқты жағдай тіпті де ойдағыдай сәтті емес екенін, елдің өз ішінде іс-қимыл жасап, 1937-
1938 жылдардағы оқиғалардың қайталануын көксейтін күштердің бар екенін айдай айқын
көрсетіп берді.
Ал Звавичтің өлердей өкініш білдіріп кешірім сұрауымен іс біте қойған жоқ. Келесі сөз
бір жас жігітке, Халықаралық қатынастар институтының көркем жүзді, сымбатты
доцентіне берілді (сөз реті келгенде айта кетейін, ол В.М.Молотовтың туған күйеу баласы
болатын). Ол былай деді: «Сіздер қазір ғана профессор Звавичтің сөйлеген сөзін
тыңдадыңыздар. Оның сөзінің тіпті де адал ниетпен айтылмағанын, осындағы принципті
әділ сыннан қайтсем жалт беріп, құтылып кетсем екен деген мақсатты ғана көздеуге
жанталаса тырысқанын айқын аңғардыңыздар ғой деп үміттенемін. Ол өзінің қалай
қателескенін әлі де түсінген жоқ немесе түсінгісі де келмейді». Одан әрі Звавичтің
көзқарасын жеке-жеке пункттер бойынша талқылау жалғаса түсті, ешқандай дәлелдер
келтіріп жатудың тіпті де қажеті жоқ, бәрі де өзінен-өзі түсінікті деген сөздер айтылды.
Өйткені берілген «тапсырма» айқын еді - ғылым тұрғысынан алғанда Звавичтің көзін
біржола жою, оған аяусыз қатаң әкімшілік шараларын қолданудың қажет екендігін
негіздеп беру болатын. Ал Звавичтің одан арғы тағдырының қалай болатынын оның ісімен
арнайы айналысатын тиісті органдар ғана шешетіні белгілі еді.
Мұндай «сорақы істер» әр түрлі ғылыми мекемелерде барынша жиі жүріп жатты. <...>
IV. Жаңа ізденістер
50-60-шы жылдар, Эренбургтің өте дәл айтқанындай, «жылымық» ала келген уақыт еді.
Шынында да, образды тілмен бейнелеп айтқанда, Сталиннің өлімінен кейін сірескен көк
мұз еріп, күннің көзі жылы шуақ шаша бастаған болатын. Дегенмен де бұл әлі ұзақ
қарғалардың біржола кайта оралғанын білдірген жоқ еді. Ол кез - менің өмірімдегі
маңызды кезен. Өйткені отыз-отыз бес жасқа келдім. Бұл ақыл тоқтатып, бәрін де жаңадан
әрі елеулі түрде қайта қарайтын, өзімнің бағыт-бағдарымды айқындап алатын, кезінде
біліп үлгере алмағанымның есесін толтыратын кезім болатын. Ал ондай есесін
толтыратын нәрселер тым көп екен.
Өздеріңізге әбден белгілі себептер бойынша, отандық ғылымның, соның ішінде тарих
ғылымының да, атап айтқанда, орта ғасырларды зерттейтін медиевистика саласының
дүниежүзілік ғылыммен байланысы ондаған жылдар бойы үзіліп қалған еді. Соның
салдарынан да бізде ең жаңа батыстық тарихи әдебиетке деген қызығушылық жойылған
болатын, оған қарап бағыт белгілеу, оны оқып үйрену мүмкіндігі де қалмаған-ды. Егер
ондай әдебиеттер біздің кітапханаларымызда бола қалған күннің өзінде де онда тіпті Орта
ғасырлар тарихы жөніндегі еңбектер, былайша алып қарағанда, біздің қазіргі
заманымыздағы саясатымыздан, кезек күттірмейтін шұғыл проблемаларымыздан