Қазақстанның ашық кітапханасы
109
жеңілдіктер мен артықшылықтарға ие болу үшін профессордың қызмет орнын алуға
тікелей жол ашатын мүмкіндік беретін еді. Ендігі жерде көптеген адамдар өздерінің
ғылымға бейімділігі мен қабілеттілігінің қаншалықты екенін емес, кайта ғылымға мүлде
жат мүдделерді басшылыққа алып, жанталаса әрекет ететін болды. Бұдан бұрынғы
онжылдықтар кезінде орын алған нағыз ғылыми ортада әлі де сақталып қалған қатаң
сынақтардан өтудің жоғары этикалық талаптар қою жүйесінің быт-шыты шықты.
Ал тарихшыларға келетін болсақ, көп ұзамай-ақ ұлты еврей профессорларды қуғын-
сүргінге салу сериясы кеңінен етек алды. Олармен катар арий қанын бүлдіруге кінәлі емес
кейбір басқа адамдар да қуғын-сүргінге ұшырады. Өйткені олардың отырған
профессорлық орындықтарын тартып алуды мақсат еткен мансапқорлардың жолына кесе-
көлденең тұрып алып, кедергі келтіретіндер тап солар еді. Әуелі студент, содан соң
аспирант болған мен де өзіммен замандас өзге тарихшылармен бірге сол бір жексұрын
жүгенсіздіктердің талайын көзіммен көріп, басымнан кешірдім. Алғашқыда біз
оқиғалардың үн-түнсіз қуәгерлері ғана болып едік, кейіннен оларға өзіміз де қатысты
болып шыға келдік.
Әлі есімде. Тарих факультетінің жалпы жиналысы өтіп жатты. Үлкен мәжіліс залында ине
шаншар жер жоқ. Күн тәртібінде бір мәселе — көрнекті профессорлардың бірі Исаак
Семенович Звавичтің идеологиялық және саяси тұрғыдан шалыс басқан қадамдары
туралы. Звавич Англия тарихы бойынша маман еді. Алғашқыда оның Орта ғасырдағы
тарихымен айналысса, кейін Жаңа және Ең жаңа тарихын зерттеуші маманға айналған
болатын. Оның оқыған лекцияларын студенттер өте-мөте ынта қойып, қызыға тыңдайтын.
Өйткені ол Англияда Кеңес Одағы елшілігінің қатардағы қызметкері, соңынан тіпті Л. Б.
Красиннің — Лондондағы алғашқы кеңес елшісінің - жеке хатшысы ретінде ұзақ жылдар
бойы тұрып, қызмет істеген болатын. Сондықтан да ол 20-30-шы жылдардағы Англияның
саяси қайраткерлерін өзінің бес саусағындай жақсы білетін, Англияның жаңа тарихын
алдын ала белгіленген жалпы желі бойынша оқытып қана қоймай, оны өз көзімен көрген
оқиғалардың қызықты деректерімен жандандырып, тартымды түрде баяндап шығатын.
Алайда оған тағылған кінә Макдональд туралы айтылған әлдебір әңгімелерге тіпті де
қатысты емес еді, мүлде басқаша болатын. Себебі — оның жазған еңбектерінде марксизм
талаптарына жауап бермейтін зиянды жат идеяларға қасақана әдейі жол беріліпті-міс.
Олай болса, профессор Звавич қандай кінә тағып, аяусыз айыптауға әбден лайық еді.
Талқыға салып, аяусыз айыптаудың сценарийі қалай жасалған деңіз. Әуелі партия
ұйымының хатшысы сөз алады. Ол тап күресі ушыға шиеленісіп отырған жалпы
жағдайды, буржуазиялық идеологияның біздің қатарымызға кіріп алып, іріткі салу үшін
жасайтын әрекеттерін еске салып өтеді. Ондай идеологияны тықпалаушы адамдардың
аты-жөндері аталады. «Жолдастар, біз ондайларға барынша батыл тойтарыс беруге
міндеттіміз» деп хабарланады. Осындай «увертюрадан» кейін баяндама жасау үшін сол
талқылауды ұйымдастырушылардың біреуіне сөз беріледі. Ал ол профессор Звавичтің
зиянды көзқарасын егжей-тегжейлі баяндап, айыптап шығады. Содан соң әлгі сыналып,
айып тағылып отырған адамға объективтілік сақтау деген сылтаумен жауап қайтару
құқығы ұсынылады. Ал ондай объективтіліктің шылғай жалған екені, әрине, екі бастан
белгілі. Звавич ондағы қатысып отырғандардың барлығы сияқты, бұл мәселенің немен
тынатынын өте-мөте жақсы түсінген болатын. Әңгіме тіпті де әлдебір мәселеде аяғын
шалыс басқан жолдастың қателігін түзеуіне жәрдемдесу туралы емес, оны қайткен күнде
де факультеттен қуып шығып, аластау туралы еді. 40-шы жылдардың аяқ кезіндегі
жағдайда мұның өзі ол адамды құлдырата құлатудың бастамасы ғана болатын. Содан
кейін қамауға алу, жер аудару немесе басқа да азапты жапа шегулер сияқты қатаң
шаралардың қолданылуы әбден мүмкін еді. Сондықтан да Звавичтің мүмкін болатын
бірден-бір дұрыс тактиканы таңдауына тура келді. Бәлкім, мұның өзі тек оның көзқарасы