Қазақстанның ашық кітапханасы
108
бар еді. Ол тәжірибе жеке адамның ғана емес, сонымен қатар қоғамның да тәжірибесі
болатын. Солай бола тұрса да, олардың бұл тәжірибеге баса мән бермегені, жазып
қалдырмағаны өте өкінішті — көп нәрсе олардың өздерімен бірге жерленіп, көміліп кетті.
Мен өз тарапымнан сіздерге, жастарға, басымыздан кешірген және өзім де тікелей немесе
жанама куәсі болған оқиғалар туралы айтып беруім қажет және мұның өзі борышым деп
білемін. <...>
II. Ғылымның талқандалуы
40-шы жылдардың аяқ кезінде идеологиялық және ұйымдастырушылық маңызы бар деп
танылған шараларды жүзеге асыру қолға алынды. Бұл операцияны бастаушылардың
ойынша, әлгі шаралар интеллектуалдық ақыл-ой саласындағы күштердің неғұрлым дұрыс
тепе-тендік балансын қамтамасыз етуі тиіс болатын. Ұлты орыс емес жазушыларға,
ақындарға, суретшілерге, өнер қайраткерлеріне және ғалымдарға, соның ішінде ең
алдымен әсіресе еврейлерге қатаң шектеулер қою тәртібі енгізіле бастады. Мұндайда
адамдардың ар-намысын қорлайтын, олардың тағдыры үшін, тұтас алғанда мәдениеттің
тағдыры үшін аса ауыр зардапты салдарларға толы іс-әрекеттер қолданылатын болады.
Әуелі «Батысқа бас ие табынушыларға» қарсы күрес ретінде басталған бұл науқан бірте-
бірте шыққан тегі бөтен «қаңғыбас космополиттерге» қарсы күрес науқанына ұласты.
Баспасөз беттерінде, радио хабарларында, көпшілік алдында сөйленген сөздерде еліміздің
шын патриоттары нағыз орыс адамдары ғана болып табылады деп айрықша атап
көрсетілумен болды. Ал бұл екі арада қоғамда демдерін ішіне тарта жасырын сыр
сақтайтын, ол ол ма, тіпті белсенді әрекет жасайтын, өздерін жүгенсіз кеткен жандар
ретінде сезінетін бейбастақ күштердің бар екені, олардың социализм құрылысына кедергі
келтіретіні, «бізге жат біреулердің даусымен» зар илейтіні, тағы басқа да жағдайлар
туралы жазылып та, тынымсыз айтылып та жатты. Антифашистік еврей комитетінің
жабылуы және оның мүшелерінің қамауға алынуы, партия мен мемлекеттің көрнекті
қайраткерлерінің өміріне қастандық жасады деп жан түршігерлік жаламен айыпталған
кінәсіз «дәрігерлер ісі», көрнекті артист және қоғам қайраткері Михоэлстің айуандықпен
азаптап өлтірілуі сияқты тағы басқа да толып жатқан зұлымдық істер таяуда ғана
гитлеризммен бірге біржола жойылды деп саналған «обырлы оба» қоздырғыш
бактерияларының біздің елімізде әлі де өміршеңдік танытқанының айқын дәлелі болды.
Оның үстіне, бұл науқанның енді ғана жаппай басталған «қырғи кабак, соғыспен» тұспа-
тұс келгенін де ұмытпауымыз керек.
Көп ұзамай мұның бәрі де Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетінде де,
өзге факультеттерінде де, тап солай Ғылым академиясында да толық көлемінде орын
алып, ашықтан-ашық бой көрсетті.
Сталиннің бұл операцияны жүргізуді ойлағанда қандай мақсат көздегеніне қарамай,
жоғарыдан берілген тапсырмаларды орындауға құлшына кіріскен адамдар, әдетте орын
алатынындай, ең алдымен өздерінің жеке бастарының мүддесіне барынша пайдаланып
қалуға тырысып бақты. Әлде соғыстың соңғы кезінде ме, әлде соғыс аяқталған соң ба,
жоғары мамандығы бар ғылыми қызметкерлердің, бірінші кезекте профессорлар мен
ғылым докторларының жалақысы бірден шұғыл арттырылды, ғылыми мансапқа
қызығушылық ақшалай қаржы құдіретімен күшейтілді. Ал елдегі күшті күйзеліс
жағдайында мұның өзі өте-мөте маңызды еді. Сол кезде мынадай әзіл әңгіме пайда болды:
«Еліміздің тарихында «Ұлы өзгерістер жылы» екі рет, біріншісі — орта шаруа ұжымшарға
жаппай кірген 1930 жылы, екіншісі — енді «орташа қабілеттілер» докторантураға түсуге
жапатармағай ұмтылған кезде, орын алды». Сөйтіп, қайткен күнде де докторлық
диссертация қорғаудың пайдасы арта түсті. Өйткені мұның өзі белгілі дәрежедегі