Page 107 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
107
Өзіме белгілі екеніндей, тарихшылардың өткен жарты ғасыр туралы жазған естеліктері
саусақты санап аларлықтай өте аз. Естуімізше, жекелеген мәтіндердің жарық көргені,
сондай-ақ жарық көргелі жатқандары бар деседі. Мұның өзі жақсы нәрсе. Бірақ, сонымен
катар, тарихқа әркімнің өз көзқарасы, болып өткен оқиғаларға берер өз бағасы бар.
Сондықтан да жекелеген әр түрлі адамдардың жеке дара оқиғалар туралы естеліктерін бір-
бірімен салыстырып оқу да белгілі бір қызығушылық тудырмай тұрмайды. Маңдайыма
жазылған тағдырымның, сонымен катар өзімнің ынта білдірген ерік-жігерімнің арқасында
мен де оқиғалардың қалың ортасында жүрген болып шықтым, күш қолданудың кейбір
оқиғаларына душар болдым. Сондықтан да әлдебіреулердің айтқанынан естуім бойынша
емес, жеке өз басымнан кешкен оқиғаларды тікелей өзім айтып, өзім куәлік бере аламын.
Әрине, бұл ретте көптеген шектеулер мен түзетулердің болғаны да рас. Өмірбаяндық
мемуар жазушының мұндай талаптарға құлақ аспауы мүмкін емес. Жазғандарымның бәрі
де болып өткен оқиғалар туралы өз түсінігім, оларға берген өз бағаларым. Сондықтан да
олардың субъективті болмауы да, болған оқиғаларды толық көлемінде қамтуы да мүмкін
емес. Өйткені кейбір нәрселер есте жақсы сақталады, ал кейбір нәрселер бұлыңғыр
тартып, кейінгі кезекке қарай ығысады. Мен олардың бірқатарына ерекше мән берсем,
енді бірқатарын онша елеулі нәрсе деп білмеймін. Санадағы қыруар көп нәрсе көз
алдыңнан тізіліп етіп жатады. Бұл — өмірбаяндық мемуарды жазған адамның өз
көзқарасы, еске алынып отырған уақыттың әсері болатыны әбден табиғи нәрсе.
Өзімнің жеке көзқарасым бойынша, соңғы елу жыл ішінде біздің тарихты білудегі және
оны оқытып, одан әрі дамытудағы сабақтастық елеулі түрде үзіліп қалды. Былай деп
батыл айта аламын: біздің жастарымыз — студенттер, аспиранттар, тіпті өз беттерінше
дербес жұмыс жүргізу тәжірибесіне едәуір ие болып қалды деуге болатын жас ғылыми
қызметкерлеріміз де бірқатар себептерге байланысты ен жаңа отандық және дүниежүзілік
ғылымның тарихынан не мүлде хабарсыз, не оны өте нашар біледі. Бұрыннан бар ғылыми
дәстүрдің бұзылуы мен нақты перспективаның болмауы, менің ойымша,
тарихшыларымыздың шын мәніндегі толық құнды жасампаздық танытуына елеулі түрде
кедергі келтіреді. Ал олар қазір құлаққа жиі естіліп жүрген немесе бір-бірімен шиеленісе
қақтығысып жатқан идеялардың қайдан пайда болғанын, өздерінің жеке көзқарастарын
білдірген және оларды қорғап қалған күрескер адамдардың немесе өздерінің мүлде
басқаша идеялары болғаны үшін қуғын-сүргінге ұшыраған тарихшылардың тағдыры
қамдай күйге ұшырағанын білу керек. Ал біздің жастарымызға өткен заманды, онда өмір
сүрген адамдарды, онда болған оқиғаларды білу, оларды кітаптардан оқу, пікір
таластарына қатысу арқылы канығу жағы жетіспейді. Сондықтан да олар өте аз біледі.
Мен мұны өте үлкен олқылық, оның есесін толық толтыру қажет деп білемін. Рас, мен бұл
ретте мынадай жағдайға да тап болдым: кейбір жастарымыз таяуда ғана болып өткен ең
соңғы оқиғалардың өзін білмейтіні былай тұрсын, тіпті бұл ретте принципті түрде теріс
бағыт ұстанып жүр: мұның өзі бізге тіпті де қызық емес, ескі-құсқы ұсақ-түйек
нәрселермен басымызды қатырудың не қажеті бар, одан да бүгінгімізді, бұдан да қызықты
болашағымызды білгеніміз жақсы емес пе? «Өлі жандар өз мүрделерін өздері жерлей
берсін!» деуден тайынбайды.
Ал мен біздің жастарымыздың арасында бұған қарама-қарсы көзқарастарды ұстанатындар
да жеткілікті болар деп үміттенемін. Атап айтқанда, сіздердің осында қатысып
отырғандарыңыздың өзі мұның айқын дәлелі бола алады. Оның үстіне, кейбір
жастарымыздың нигилистік көзқарасты ұстануы аға ұрпақтың олармен өз тәжірибелерін
кеңінен бөлісуіне тіпті де кедергі бола алмайды. Ал ол тәжірибені не істейтіндеріңіз, оған
қаншалықты құлақ асатындарыңыз — ол өз еріктеріңіздегі іс. Бірақ маған ол тәжірибе
бізбен бірге із-түзсіз жоғалып кетпеуі тиіс сияқты көрінеді. Ал, үлкен өкінішке орай,
соңғы онжылдық ішінде көптеген тарихшылар дүниеден озды. Олардың бай тәжірибесі