Page 106 - ӘЛЕМДІК ТАРИХИ ОЙ 2

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
106
насихаттауға тыйым салу.
1305
Буддашылар
христиандардың
Янцзы
жағалауындағы храмдарын
тартып алды.
1312
Өзбек
Алтын
Орданы
исламға айналдырды.
1319
Парсы
несториан-
монғолдарының көтерілісін
басып-жаншу
1330
Орыс полкі Пекин маңында
пәтерлерге
орналастырылды.
1357
Алтын
Ордадағы
«Ұлы
тоқыраушылық».
Жәнібектің қайтыс болуы.
Монғол
дәуірі
мен
несториан
мәдениетінің
ақыры.
1362
Мамайдың төңкерісі және
Русь пен Алтын Орданың
дәстүрлі одағының үзілуі.
1368
Көтеріліске
шыққан
қытайлардың Пекинді алуы.
Тәржімалаған
Әбілмәжін Жұмабаев, Пернебек Бейсенов
ГУРЕВИЧ АРОН ЯКОВЛЕВИЧ
(1924 ж.)
ТАРИХШЫНЫҢ БАСЫНАН КЕШКЕН ОҚИҒАСЫ
I. 40-шы жылдардың орта кезіндегі Мәскеу университетіндегі медиевистика
...Мен бүкіл саналы өмірімде дерлік тарихшы болдым, тарихшылармен аралас-құралас
жүрдім және алуан түрлі оқиғаларды басымнан кешірдім. Егер өзімнің тарихпен айналыса
бастаған кезім сонау 40-шы жылдардың екінші жартысы екенін, ал қазір жүзжылдықтың
аяқ шенінде тұрғанымызды еске алсам, ондай дегенде де белгілі бір тарихнамалық үрдіске
тартылған болып шығамын. Кем дегенде соңғы елу жыл бойы, тіпті одан да көп болуы
мүмкін, мен осы тарихнамалық үдерістің куәгері және шама-шарқыма қарай оған
қатысушы да болдым. Бұл, біріншіден. Ал екіншіден — мұның өзі ерекше елеулі нәрсе —
парадигмалардың кенеттен тез өзгеруі менің көз алдымда өтіп жатты. Негізгі міндеттер,
принципті қағидалар, әдістемелік нұсқаулар және тарихи таным нәтижесінде алынған
нәтижелер өзгерумен болды. Менің студент немесе аспирант болған кезімде біздің істі
неден бастағанымыз, ал ұстаздарымыздың немен айналысқаны, сөйтіп, азды-көпті
табысқа жете жүріп немен айланысқанымыз немесе айналысуға әрекет жасап көргеніміз,
бүгінгі күн тұрғысынан алып қарасақ, шынтуайтына келгенде, өз алдарына мүлде бөлек
екі түрлі тарих болып шығады. Ол екеуінің арасында күмәнсіз сабақтастықтың бар екеніне
көз жеткіземіз, мұны мойындаудың да, тіпті қатты қадірлеп, жоғары бағалаудың да
маңызы зор. Қаншалықты сын тұрғысынан қарасақ та тап осылай екені даусыз. Бірақ
қалай дегенде де тарихи ғылым тарихы беттерінің ауысып кеткені де рас.