Page 9 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
9
5 - тарауда келесі мәдениетті құраушылар қарастырылады: басымды онтология, мораль
және ізгіліктің сыртқы құндылығы. Біз олардың алғашқысының бағалауға келетінін
көрдік. Дәл солай мораль да бағалана алады. Әлеуметтік топтарда қабылданған моральдік
ереже белгілі бір конституцияға, яғни белгілі бір ұйымдасушылық пен күшке ие, ал
мұндай қасиеттерге ие болатын барлық нәрсе сандық өлшеу мүмкіндігін білдіреді. Ал
ізгіліктің сыртқы құндылығына келетін болсақ, оның өлшемі — әлдеқайда күрделі мәселе.
Себебі, мәдениетті ізгілікті етіп жасайтын заттардың көрініс табу дәрежесі, олардың
көлемі бойынша бүкіл болмыстан азырақ болған жағдайда ғана анықтала алады; бірақ та
мәдениеттің тұтастай болмысы үшін ізгілігі және сыртқы құндылығы адам түсінуінің
шектерінен тыс шығады. Болмыс игеретін барлық нәрселер өлшеу өнері үшін ашық, деді
Платон, бірақ та оның болмыстың бүкіл тұтастығын айтқаны күдік туғызады. Анықтама
бойынша, барлық болмыс шексіз, ал шексіз болса, тағы да анықтама бойынша, өлшеуге
келмейді.
5-тарауда (әлеуметтік) институттардың иерархиясы сипатталған. Мәдениет құндылығы
координаттарының бірі, мүмкін, оның институттарының саны мен тұрақтылығы болып
табылады. Олар өздеріне мәдениетте берілген орнын жалпы мәдениет құндылығына зиян
келтірмей, жоғалта алмайды, яғни өздеріне тиесілі тұрғыдан жоғары көтеріле жөне төмен
түсе алмайды. Берілген мәдениет институттарының саны мен тұрақтылығын бағалау,
сонымен бірге оларды иерархияда дұрыс орналастыру мәдени құндылықтарды өлшеудегі
салыстырмалы жеңіл міндеттердің бірі болуы керек.
6 - тарауда мәдениеттің өр түрлі типтері қарастырылады және оның жеті бөлек типтері
қысқаша түрде талданады; сонымен бірге көптеген типтер тармақтарының бар болуы
мүмкін. Мәдениет типтерін зерттеу нәтижесінде алынатын салыстырмалы деректер
өлшемдердің кең жүйесін құрастыру үшін негіз туғызады. Әр түрлі типтерге тиесілі
деректерді салыстыру, ал осы салыстыруларды мәдениеттерден таңдаулы түрде бөлінген
элементтердің негізінде, олардың институттарының саны мен тұрақтылығы негізінде, біз
барлық мәдениеттерге тон деп басқа тарауларда айтқан барлық дерлік қасиеттер негізінде
бағалау үшін жетерліктей коп амалдары бар. Сонымен қатар, мәдениет типтері оларға өлі
қолданылмаған әдістер арқылы зерттеле алады. Мәдениеттердің дамыған типтері,
мысалға, антропологиялық тұрғыдан зерттеуге болады. Линдтердің істегенін жалпы
алғанда қазіргі мәдениеттерге де жасауға болады. Бұл жерге статистикалық жағынан
кемірек және гипотезалар жағынан әлде қайсы соны басқа да зерттеулерді қосуға болады.
7 - тарауда мәдениеттердің бастаулары, пайда болуы, дамуы және құлдырауы —
қысқаша айтқанда, олардың дамуының бүкіл жолы қарастырылады. Мәдениеттер
дамуының анықталған үлгісі бар, сондықтан да ғылым үшін мәдениеттің дамуы онда
белгілі бір үнемі болатын қызметтердің көрініс табуына байланысты ғана қызықты болып
табылады. Логикалық талдау үшін мәдениеттердің дамуы мен құлдырауы трансформация
деңгейін қоспағанда, ешқандай ықылас танытпайды. Мәдениет туралы ғылым өзін мәдени
өзгерістер тұрақты шамасында көрініс тапқан қызметтерді зерттеуге сарып етсе болатын
еді. Сонымен қатар, мәдениеттер дамуы туралы тарау ғылыми ізденістердің басқа да
бағыттарын ашады. Мәдениеттер сыртқы ықпалымен де, ішкі әлсіздігіне байланысты да
өзгереді. Мәдениеттердің қарқынсыз мен қарқындылығын олардың қозғалыста болған
жағдайында, яғни, олардың өскен, дамыған және қиындықтарға тап болған кездерінде
ғана көруге болады. Мәдениет туралы ғылым мәдениеттердің өздерінде қаншалықты көп
нәрселерді қамтитынын және олардың құрамында бар нәрселердің қаншалықты берік
тамырланғанын айқындағысы келеді. Бұл үшін ол мәдени құндылықтың екі маңызды
координаттарына: мәдениеттерге тән құндылықтардың өздеріне және оларды
ұйымдастырудың кемелдігін зерттеуге көңіл тоқтату керек. Бұл міндетті шынайы
мәдениеттерді, яғни қозғалыстағы мәдениеттерді зерттеу негізінде шешу жөн.