Қазақстанның ашық кітапханасы
8
өтуімізге байланысты ұйымдасудың көлемдері мен қарқындылығы қаншалықты өседі?
Мәдениет деңгейлерден құралады, және олардың математикалық қырларын түсіну,
мәдениет туралы ғылым үшін үлкен маңызға ие болады. Әрине, әрбір эмпирикалық деңгей
басқаларға қарағанда белгілі бір дәрежеде дербес әрі тәуелсіз, бірақ та мәдениеттің өзі
эмпирикалық деңгейде (нақтырақ айтқанда, әлеуметтіктің эмпирикалық деңгейінде)
тіршілік етіп, төменгі деңгейлердің бәріне тәуелді болғандықтан, осы эмпирикалық
деңгейлерді біз қаншалықты тезірек зерттесек, соншалықты тезірек біз адамзат мәдениетін
түсіне аламыз.
2 - тарауда сенімнің психологиялық деңгейлері қарастырылады, ал ерекше көңіл мұнда
психиканың әлеуметтік мазмұның қамтитын қоғамдық сана деңгейіне бөлінеді.
Сенімдердің деңгейлері әлі күнге шейін лайықты түрде түсініліп, бір бірімен
байланыстырылған жоқ, бірақ олар өзімен бағалауға келетін тағы бір иерархияны
білдіреді. Бүл деңгейлердің әр қайсысының дәл шекараларын, сол сияқты олардың сандық
сипаттамаларын білгіміз келер еді. Жаңа сенімдерді қабылдап, ескілерден босану
жылдамдығын бағалауымыз керек; қоғамдық сананың кейбір сандық өлшемдерін білуіміз
жөн.
Бұл мәселелердің бәрі — психологиялық, бірақ та іс барысында бізге адамзат мәдениетін
зерттеуде әлеуметтік психология мәселелерін қозғау керек болғанымен, ол мәдениет
туралы әлеуметтік ғылымдардың міндетті түрде психологияға негізделу керек екенін
мүлде білдірмейтінін айтып кету қажет. Одан гөрі ол мүлде қарама-қарсы нәрсені
білдіреді: яғни, мәдениет күштері психикаға тереңдей еніп, әлеуметтік сенімдерді қолдау
жүретін санадан тыс деңгейлерге жетеді. Олай болса, әлеуметтік психология мәдениет
туралы ғылымдарда негізделеді. Біз адамзат мәдениетін зерттеуге байланысты пайда
болатын әлеуметтік-психологиялық мәселелермен, сол сияқты қоғамдық ғылымдардың
басқа да мәселелерімен айналысқан кезде, бізді ең алдымен психология емес, мәдениет
қызықтыратынын ескертуіміз керек. Мұндай бағдар мәдениетті зерттеуді жеңілдетеді
және әлеуметтік психологияның құбылыстары мен табиғатын айқындайды.
3 - тарауда этнос пен оның мифтегі мәдени көрінісі қарастырылады. Бұл тарауда эпос
мәдени координата ретінде қарастырылған. Мәдени байланыстардың кеңірек
контекстіндегі өзімен мифтің қарқынды жағып, ал түсіндірулер жиыны - оның қарқынсыз
жағын білдіреді. Эпоста кеңейтілген түрде мәдениетті ұйымдастыруда көрініс табатын
нәрсенің шоғырлануы орын алған. Бұл жерде біздерде мұндай пропорцияларды санды
түрде анықтау амалын таба алған кезімізде, түсіндіруге мүмкін болатын функционалды
математикалық пропорция бар. Ол мәдениет туралы ғылымның көрсеткіштерін
жаратудағы алғашқы қадамдардың бірі бола алатын еді.
4 - тарауда мәдениеттердің тұтастықтар ретіндегі логикалық ұйымдастырылуы, ал ең
алдымен олар айналасында ұйымдасатын мәдениеттердің сол негізгі элементі, дәлірек
айтқанда — басымды онтологиясы қарастырылады. Адамзаттың үш қажеттілігі ортаның
эмпирикалық деңгейлерінің жағдайларына шынайы тап болған кезде пайда болатын өзара
қатынастары санды түрде салыстырмалы қызметтер болып табылады. Басымды онтология
өзінің тұрақтылығы түрінде де, әрі оның көрініс табу ауқымы тұрғысында да өлшене
алады. Белгілі бір алғышарттардан және осы алғышарттардан дедуктивті түрде
шығарылатын салдарынан құралатын логикалық жүйе ретінде ол келісілген жүйені
құрайды және басқа да логикалық жүйелер секілді санауға келеді. Мәдениетті қоршаған
ортаның эмпирикалық деңгейлеріне сәйкес келетін деңгейлерге таңдаулы түрде болу,
мәдениет деңгейлерін 1-тарауда сипатталған тура сондай эмпирикалық деңгейлердегі
тәрізді амалдармен өлшеуге болатынын тұжырымдайды.