Page 10 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
10
Даму барысында мәдениеттер бір-біріне ықпал етеді. Олардың кейбіреулері, басқаларға
қарағанда мәдени араласу жағдайында, осындай ықпалдарға әлдеқайда табиғи түрде
қарсы тұра алады. Біз 7-тарауда мәдениеттердің өтімділікке және күштерді біріктіруге
деген тең қабілеттіліктерінің болу мүмкіндігін көрдік. Оларды сан тұрғысынан зерттеу
керек.
Біз айтып кеткендей, білім көрінісінің идеалды формасы — ол теңдеу мен мәтін.
Теңдеулерде математикалық функциялар белгіленеді, ал мәтінде осы теңдеулердің мәні
түсіндіріледі. Демек, мәдениет туралы ғылымның міндеттеріне ен алдымен адамзат
мәдениетінің өзгермелі әлеміндегі өзгермейтін қызметтерді іздеу кіреді. Бұл міндетті тек
шынайы мәдениеттерді зерттеу арқылы ғана, яғни, гипотезаларды шығарып, оларды
нақты эмпирикалық мәдени материалда тексере отырып шешуге болады. Биологиялық
деңгейдің ең қарапайым ұйымдасуына да, мысалы, прото - плазма құрылымына тән аса
күрделілікті сәл болса да көрген және әлеуметтіктің эмпирикалық деңгейінде
биологиялықпен қатар басқа да көптеген деңгейлердің бар екенін есте сақтаған адам,
қоғамды зерттеушінің (немесе біз оны атауға ұнататын, мәдени зерттеушінің) алдында
тұратын мәселелердің қаншалықты қиын екенін түсінеді. Ғылымды әлеуметтік деңгейге
қолдану сәл ығыстыруға ұшырағанымен де, ешбір эмпирикалық нәрсе ғылыми әдіс үшін
бөтен немесе жабық болуы мүмкін емес. Сондай-ақ, күрделі болатын нәрсе — өз бетінше
ол әлі мүмкін болмайтын нәрсе емес және де белгілі бір мәдениет туралы ғылым бәрібір
болады. Ол біртүтас ғылым емес, физикалық немесе биологиялық ғылымдардың топтары
тәріздес көптеген ғылымдар болуы да мүмкін. Бірақ қазіргі өз салаларында физика мен
биологияның басым болуы сияқты, оларда да бір ғана ғылым басымдылық ететін болады.
Ал мұндай ғылым ретінде адамзат мәдениеті туралы ғылым болады.
В. Мәдениет туралы ғылымның даму мүмкіндіктері
Бұл кітапта біз мәдениетті зерттеушілер алдындағы мақсатты, яғни, оны ғылымға
айналдыру мақсатын белгілеп, мәдениетті зерттеудің қалайша мәдениет туралы ғылымға
айналатыны жөнінде бірқатар пікірлер айттық. Мәдениетті зерттеудің ғылым бола
алатыны жөніндегі сұрақ ендігі жерде орынсыз, себебі, әрине, қазір біз оның бола
алатынын білеміз. Тіршілік ететіндердің барлығы өлшенеді, ал өлшенетіндердің барлығы
ғылыми зерттеу объектісіне айнала алады. Сонда да, мәдениетті зерттеу қашан ғылымға
айналатыны жөніндегі келесі сұрақ жауапты қажет етеді. Оған қанағаттанарлық жауап
беру үшін, онымен байланысты тағы екі сұраққа жауап беру керек.
Біріншісі — ол Батыс және Шығыстың дамыған мәдениеттеріндегі әлеуметтік топтар үшін
табиғи әлемнің түрлі салаларын шексіз зерттеуді мүмкін еткен жағдайлар туралы сұрақ.
Теңдессіз прогресс пен физикалық және биологиялық ғылымдарда қолданумен келісілген
қазіргі өмірдің шарттары, ғылыми зерттеулермен қатар бүкіл ұйымдасқан іс - әрекеттің
барлығын қауіпті етті. Мәдениет туралы қоғамдық ғылымдар өз зерттеулерін олардың
практикалық қолданылуы әлеуметтік іс-әрекеттің кездейсоқтық элементін болашақ
ғылыми іс-әрекеттің қауіпсіздік кепілдіктері орнағанға дейін жоя алатын кезге шейін
жеткізуге уақыттары жете ме? Әлемде бұл сұраққа нақты жауап бере алатын пайғамбар
жоқ. Осы жолдар жазылып жатқан мезетте, әлем қазір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстан
шықты, ал жеңіс нәтижелері және біздің алдымыздағы бейбітшілік сипаты әлі де күдік
туғызады. Осы соғысты бастан кешірген адамдардың өз ғылыми әрекетін, ол қайтадан
әлеуметтік даму және өзгеру күштерімен үзіледі деп қорқпай, жайлы жалғастыра
алатынын білгенше әлі көп жылдар өтеді.
Жауабынан мәдениет туралы қоғамдық ғылымның болашағы тәуелді екінші сұрақ
осындай ғылымның тез пайда болуы мүмкін бе дегенде тұйықталады. Оны біз екі бөлікке