Page 7 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
7
мәдениет туралы ғылым біз антропология, этнология, әлеуметтану мен әлеуметтік
психология ретінде білетін ғылыми пәндерді өзінде қамтуы тиіс. Сонда да осы уақытқа
шейін бұл пәндер ең алдымен өзінің тар маманды мақсаттарын көздеп, белгілі бір
дәрежеде бұрыс бағытталған еді. Әлеуметтік антропология тек қарапайым әлеуметтік
топтарға ғана көңіл бөлді. Этнология да ұқсас әрі расалық мәселелерге деген ерекше
екпінмен сүйемелденетін бағытқа ие болды. Әлеуметтану дамыған мәдениеттердегі
институттардың шынайы қызмет етуін статистикалық зерттеулермен және кең ауқымды
гипотеза шығарумен шектелді, бірақ ол осы жорамалдарды растауға арналған
статистикалық деректерді қолдану мүмкіндігіне ие болмады. Әлеуметтік психология оз
пәнін анықтау мәселелеріне ешбір үңілмей, инстинктерді ойлап табумен айналысып,
жақында ғана зерттеудің эмпирикалық әдістерін жасақтады. Физикалық антропология оз
ізденістерінде істің таза деректік қырын, яғни, қанша болса да кең және айқын
жалпылауларды бермей, бас сүйегін, дене салмағының орталығын және т.б. зерттеумен
ғана шектелді. Мәдениет қозғалысын зерттеушілер, көбінесе теориялық жағынан
дайындалған тарихшылар ғана адам мәдениетіне қатысты кең жалпылауларды жасауға
батылы барды. Солай болғанымен, зерттеулердің әртүрлі салаларынан алынған бүкіл
білімдерді бір тұтастыққа біріктіруге әрекет жасаған ғылым болмады. Бүгінде ғылымның
ешбір саласы адамзат мәдениетін тұтастай зерттеумен айналыспайды. Ал бізге дәл сондай
ғылым қажет. Ғылыми білімді көрсететін идеалды форма, айтылып өткендей, оны
математикалық түрде, яғни, теңдеу мен мәтін түрлерінде көрсету болып табылады. Бірақ
та өзі де өлі қалыптаспаған ғылыми салада ешқандай математикалық білім болуы мүмкін
емес. Сондықтан, адамзат мәдениетін зерттеу өрісін ұйымдастыру, яғни, зерттеулердің
әртүрлі бағыттарын біріктіру, олардың алдына біртүтас мақсат қойып, зерттеудің жалпы
пәнін қалыптастырып, оны ғылымға айналдырудағы алғашқы қадам болу керек.
Бұл кітапта біз адам мәдениетін жалпы түрде бейнелеуге әрекет жасадық. Біз өз
көзқарасымызды адамзат мәдениетінің түрлі қырларын зерттейтін әр түрлі пәндердің
өзара қалайша байланысқанына бағыттап, қалыптастыруға тырыстық. Бірақ та бұл
мәселені барысында біз мәдени құндылықтарды өлшеу мүмкіндігі жөнінде де бірқатар
пікірлер айттық. Бұл адамзат мәдениетін зерттеулерді толық құнды ғылымға айналдыру
үшін өте маңызды. Әрі қарай осы пікірлерге назар аударайық.
Б. Мәдениет туралы ғылымның міндеттері
Бұл жұмыста ұсынылып отырған, адамзат мәдениетінің теориясы көбінесе алғашқы жеті
тарауларда көрсетіледі. Біз олардың әрқайсысын бөлек, мәдени құндылықтар өлшемдерін
бағалау бойынша біздің ой тұжырымымызды талдау тұрғысынан қарастырамыз.
1-тарау адам тұлғасының қоршаған ортамен өзара әрекеттесуі арқылы анықталатын
құраушы бөліктерінің бар екендігінің айқындығын дәлелдейді және бұл құраушылар
қызмет етуге міндетті эмпирикалық деңгейлерін сипаттайды. Мүмкін болашақта
адамдарды тамақ ішу, ұрпақ қалдыру және тану секілді үш қажеттіліктерінің әлеуметтік
топтар ішінде көріну күшін анықтау амалы табылатын шығар; ол өз кезегінде, алғашқы
екі қажеттілікті өтеуге және үшіншісінің ықпалының өсуіне көмектесетін болар еді. Тану
қажеттілігі қызмет ету тұрғысынан алғашқы екеуімен қалайша байланысқан?
Физикалық, химиялық, биологиялық, психологиялық және әлеуметтік эмпирикалық
деңгейлердің және олардың ішінде немесе арасында орналасқан басқа да деңгейлердің
көпшілігімен біріккендегі иерархиясы өлшеуге құнарлы негізді білдіреді. Эмпирикалық
деңгейлер сандық та, құрылымдық та тұрғысынан зерттелуі тиіс. Эмпирикалық саланың
құрылымы қандай және оның сандық көрсеткіштері қандай? Ұйымдастырудың өсу
дәрежесі қандай, немесе басқаша айтқанда, біздің бір иерархиялық деңгейден екіншісіне