Page 63 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
63
және оның өмір сүру механизмін меңгерген болсақ, оңда мына берілген сұрақтардың
қандай да бір бөлігіне жауап беруге тырысушы едік, уақытты біз жай ғана белгіленген
нүктеден емес, екі мыңжылдық даму жолындағы жақсы белгілі соңғы нүктесінен
қорытынды жасап отырмыз. Осы мысалға қарап, "паттерндер" түсінігіне көңіл бөлгеннен,
бұл сұраққа артық жауап табудың өзі қиын екендігі айқын, берілген дәлелді және
жартылай дәлелді жауаптар — болмай қалатындай мәдени материалдардың
паттерндермен, ал паттерндердің тұтас мәдениетпен байланысын түсінуге негізделеді.
Мәдениеттерді мон ретінде түсіндіруге бола ма? Мәдениетке — ескіру және өлу немесе
бәсекелестік нәтижесінде өлу тәрізді қасиеттер тән; басқа мәдениеттің өсерінен, игілікті
ұрықтануынан мәдениеттің өсуі мүмкін бе, немесе мәдениет соңында өзгере отырып
мүлде басқа мәнге ие бола ала ма, өздігінен және шексіз жасаруға қабілетті ме деген
сияқты сұрақтарды мен ашық күйінде қалдырамын. Біз барлық тарихи біліміміз
болғанына қарамастан, бұл сұраққа сенімді жауап беру үшін ол туралы өте аз түсінеміз.
Бұл жұмыста мені алдымен қызықтырған ірі өркениеттегі кейбір айқын көріністегі
паттерндердің даму траекториясы болды; олардың тұтас мәдени ауқымдағы өзара
байланыстары екінші кезекте тұрды.
§127. Шешімдер
Сонымен, қолайлылық үшін, бүл кітапта біз келген негізгі шешімдерді қорытындылайық.
Эстетикалық және интеллектуалдылық талпыныс, жоғары құндылықтардың жарыққа
шығуының аяқталуы, біз қарастырған жоғарғы өркениеттің уақытша аталуы немесе
дамудың шарықтау формасында көрсетілгендігі айқын. Аналогиялық ұшқын немесе
шарықтау — ереже бойынша саяси ұйымдар мен саяси экспансиялардың сәтті
қалыптасуын көрсететін сипатты және ұлттық дамуға тән. Феномен — әл-ауқатының
дамуына және халық санының өсуіне тән бе? — бұл ерекше сұрақ болғандықтан, мен бүл
мәселені қарастырмадым. Өйткені қазіргі есеп бойынша әртекті және уақыт аралығының
ұзақтығына байланысты оны жинақтау өте қиын. Молшылық пен халық санының өсуі
басқа түрдегі үдеріс болуы әбден мүмкін, себебі бұл феномендер табиғи үлгіде сандық
көрсеткішті қабылдайды, бүл кітапта көрсетілгендей феномен тәрізді, өз табиғи
сапалылығымен және даналығымен көрсетілген. Әртүрлі жағдайда, даналық — өз алдына
эстетикалық және интеллектуалдық дамудың пайда болуының бір сатысы. Әлемге
даналық пен байлықты жинақтау арасына қатаң корреляция жасау мүмкіндігі болған жоқ,
таза сандық қарастырылу байланысты халықты қоныстандыру, бүл басқа қатардағы
мәселе.
Бүл кітапта талдау жасалғандай шарықтау тақырыбы мен молшылық және халық санының
өсуі арасында байланыс бар екенін болжау әбден мүмкін. Ал шындығында халық
арасында шарықтау шегіне жеткен жоғары мәдени жетістіктерді болжау қиын. Олар
әрқашан сан жағынан тұрмыстық молшылығы төмендеп отырады. Бірақ бүл туралы
ауқымды мәселені толық қамтитын ешқандай зерттеулер болған емес, сондықтан әзірше,
ол туралы айтудың керегі жоқ.
Құндылықтың даму дәрежесі немесе сапасы алғы шартына қарағанда, мәдени құндылық
едәуір даналығында айқынырақ көрсетілген. Бұл кітаптың мазмұнында көрсетілгендей
ізденістің негізіне құндылықтың өсуіне екі дәлел езілген: танылған даналардың
уақытында және кеңістігінде шоғырлануы мен жалпы тілдің болуы.