Page 62 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
62
Енді қаралатын бір мәселе қалады, ол қазіргі уақытта кешілмейтін мәселе. Мүмкін сол
немесе басқа мәдениет, элементінің өзара байланысты кешені сияқты, яғни мәдени
мазмұнның жиынтығы қосылған байланыс, ішкі серіктерге байланысты өзінше өлу ме?
Қаншалықты "өлу" мәдениеттің толық жойылуы болмағанмен мәдениет материалының
коп бөлігінің орнын басуы керек, көп бөлігі мәдениет өзі бөліп шығарған жаңа мазмұнда,
жаңа үлгіде болуы тиіс. Орнын басу бастапқы мәдениеттен жаңа мәдениетке жүріп
отырады, оның салдарынан өзгеруі туындайды. Табиғатта мұндай іс - тәжірибенің
болмауына байланысты біз бұл сұраққа жауап бере алмаймыз. Мәдениеттердің қақтығысы
әрқашан бола береді, нәтижесінде ерте ме, кеш пе бірін ығыстырып шығарады немесе
мәдени гибриттеу болады. Мәдениет тарихындағы біреуі де ұзақ уақыт өмір сүрген емес,
біз олардың ешқайсысын "тамаша ұзақ уақыт сақталды" — деп айта алмаймыз.
Австралиялықтардың негізгі тұрғындары көптеген уақыт бойы оқшаулау жағдайында
болды, бірақ бізге олардың мәдениетінің қалай қалыптасқандығы жайлы қазіргі уақытқа
дейін ол дамыды ма, жоқ әлде құлдырады ма белгісіз. Анықтау үшін нақты мысалға
сүйенейік. Ежелгі египеттік мәдениет — өлі мәдениеттің жарқын үлгісі. Ежелгі египет
өркениетінің кейбір элементтері — қазіргі өмір сүруші мәдениеттің элементтеріне
айналды деп айта аламыз, базистік паттерннің біреуі ғана емес, осы уақытқа дейін
Египеттің өзінде де, басқа жағында да сақталмаған. Гүлдену дәуірі кейін автономиялық
маңызды дәрежесінде. 2000 жылдан аса созылған, ал египет өркениеті б.э.д. 1000 ж.
құлдырай бастады, б.з.д. 500 жыл құлдырау дәуірі болды, ал С).э. 500 жылы толығымен
жоғалып, бүгінгі күндегідей өлі мәдениетке айналады. Алдымен Египетті ливиялық мен
қол астына алды, одан соң бұл ел азиялықтар қарамағына өтті, одан соң А. Македонский
жаулап алды да, ел эллинизацияға тап болды. Рим империясы пайда болған соң, мұнда
христиан идеологиясы мен практикасы келді. Б.э. 500 жылына дейін өмір сүріп келген сол
мәдениет қалдықтары ислам мәдениетін бойына сіңіріп келді. Ежелгі тілдің өзін араб тілі
ығыстырып шығарғаны бізге мәлім.
Екі мәселе қарастыруды талап етеді. Египет мәдениеті азиялық, грек, христиан, ислам
мәдениеттерінің кереметтігінен ығыстырылып шығарылды ма? — деген сұрақ туындайды.
Немесе, египет мәдениет өзінің өміршеңдігін жоғалтуына себептері болды ма? Басқаша
айтқанда басқа дамыған мәдениетті египет мәдениеті басып кетті ме, жоқ әлде египет
мәдениеті осы мәдениетпен қақтығыста ол өзі ескі, әлсіз кезі ме еді?
Субъективті көзқарастың шеңберінен шығатын қандай да бір жауап беруді мен елестете
алмаймын. Кез келген бұл көзқарастарға айғақты келтіруге болады немесе екі үдерістің де
оз орны болғандығы жайлы дегенді анықтау оңай емес. Біз, барлық организмдердің
ескіріп, өлетінін білеміз. Сонымен қатар, қартаю туралы және жас адамның физиологиясы
мен кәрі адамның физиологиясының ерекшелігін біз жақсы білеміз. Бірақ, біз бұл
үдерістің бір қалыпты жүріп ағзаның қайта қалпына келмеске өзгеретінін біз білмейміз.
Биологиялық барлық жетістіктерге жеткенімен — өлім оның феномені болып қала береді,
біз өлімді соңына дейін түсінбесек те, оны айғақ ретінде қабылдаймыз және оның
нышандарын суреттей аламыз.
Дегенмен, жеке организмнің өлімі болмай қоймайтындығына дәлел жоқ, және мәдениетте
өле алады. Біздің айта алатынымыз — оңдай мүмкіндік жоққа шығарылмайды;
шындығында, біз өлімнің табиғатын түсінбестен, органикалық әлемдегі кәдімгі өлімнің
айғағын қабылдайтын болғандықтан, мәдени үдерістердің өлімінің түсіндірілмейтіні —
бұл тағы да оның себебін жоққа шығару емес.
Бұл сұрақтарға субъективті жауап беру оңай, шынын айтқанда, өз пікіріңнен басқа одан
көбірек ұсыну өте қиын. Тәжірибелік тексеріске жазып жеткізілмейтін жерлерде алдын
ала болжауларды күтудің қажеті жоқ. Егер біз мәдениет табиғатының фундамент білімін