Қазақстанның ашық кітапханасы
61
Қорытындысында мен айтар едім: паттерннің гүлденуінің қалыпты жағдайы жоқ немесе
шарықтау шегінің уақытша нүктесінен сапаны бағалаудың алыстауына байланысты
қалыпты жағдайы болуы өте қиын.
Бүгінгі күнде бізге бұл нүкте дамудың қисаюын анықтауға мүмкіндік бермейді.
§124. Мәдениеттің құлдырау мәселелері
Мынадай мәселе туындайды, мәдениет құлдырай алады ма, жоқ құлдырай алмайды ма?
Негізінде — бұл анықтау мәселесі.
Белгілі бір қоғам, белгілі бір регионда орналасқан мәдениетінен қол үзуі мүмкін емес
делік. Бізде мәдениетсіз өмір сүрген адамзат қоғамының куәлігі жоқ, археологиялық
көрсеткіштерге қарағанда кейбір мәдениеттер — рудиментты болса да — мәдениет
бірнеше он мыңжылдықтар өмір сүрген және сақталған. Әрине мәдениет ескіреді, мәдени
мазмұны солып, жоғарғы мәдени бағасын жояды. Бірақ біз мәдениеттің толық жойылып
кеткенге дейін осы үдерісте ұстауға мүмкіндік жасай алмаймыз. Шындығында, егер
мұның нәтижесінде қоғам өз мәдениетін толық жоятын болса, мұндай жағдайды қиялдау
оңай емес. Мұндай фантастикалық суретте барлық қанаулар, емшектегі баланың жасында
керемет, ал бүл тез арада жойылуы керек еді де, ал нәресте сырттың көмегінсіз өсуі керек
еді.
Екінші жағынан, нақты мәдениет, яғни географиялық шектеуі бар мәдениет формасы,
олар өле алады және өліп те жатыр. Олардың өлуі, Тасмания аборигендері сияқты, толық
тұрғын халықтың қырылып қалуына байланысты емес, сонымен қатар олардың қоғамына
ірі бөтен мәдениетті тасымалдаушылардың қосылуының салдарынан нәтижесінде бір
мәдениет екіншісін ығыстырып, жойылу қаупінен сақтайды және мәдениеттің өлімін
тасымалдаушы қоғам үшін қандайда бір қауіпті жағдайды болдырмайды. Осындай
жағдайда жабайы мәдениет "өркениеттің әсерінен" жылдан-жылға өліп отырады. Әдеттегі
жағдайда мұндай өлім оларды соңғы тасымалдаушылардың өлімі. Мұндай жағдай кейде
болады, кейде бүкіл тұрғын халық немесе оның бір бөлігі ретінде сақталады, ал оның ескі
мәдениеті өзгереді, кейде тіпті жаңа мәдениетке ауысады. "Соңғы бүгінде шынайы
могикан тұрғын халықты қарама - қарсы қоюға болады, бірақ могикан мәдениеті жүз
жылдай бұрын өліп кеткен.
Бұған ұқсас мысалды тілде кездестіруге болады. Біз осы уақытқа дейін өз тілін толығымен
жоғалтқан адамзат қоғамын кездестірген жоқпыз. Бізге белгілісі, өзінің бұрынғы тілдерін,
жаңа тілдерге әр түрлі жағдайларға байланысты ауыстырады. Біз көптеген тілдердің қайта
келмеске кеткенін білеміз, өлген тілдер одан да көп болуы керек, өздерінің бар
болғандығы жайлы із қалдырмаған.
Айғақты мәселе мынаған келіп тіреледі, неліктен нақты мәдениет өледі? Мұның себебі,
басқа мәдениеттермен (алдыңғы мәдениеттерге қарағанда күштірек, өміршеңдік
қасиеттері басым) қақтығысы болса керек. Оның күштілігі, кереметтігі неден тұратынын
біз білмейміз. Нақты оқиғаға қатысты спецификалық себептер - мәдениеттің шынайы
себебі бола алады немесе бола алмайды. Басқа мәдениетпен бәсекелестікте тірі қалушы
мәдениет өміршеңдік мәдениет болып саналады. Сол жетістіктеріне қарай біз оны жоғары,
дегенмен әртүрлі жағдайларға қарай оның кереметтігін хабарлау әртүрлі болады. Оларға
мыналар жатады: әскери жабдықтау, ұйым, физикалық шынықтыру, жақсы тұрмыстық
жағдайы, бірлік, фанатизм, механика облысында ойлап табу, икемделушілік, білім деңгейі
және оның жетіспейтін жақтары. Бұл немесе басқа жағдайда осы фактілердің біреуі
шешуші рөл атқарады.