Қазақстанның ашық кітапханасы
58
Сонымен қатар, әрекетке тағы бір фактор түседі. Сапаның уақытқа байланысты шарықтау
шегіне жеткен нүктесінен — алға немесе артқа қалай төмендейтіндігі — тарихи
қызығушылық пен әлбетте зерттеу шығармашылық сапасынан үлгі түрінің өзгеруіне
ауыса, тіпті, берілген үлгіге формасы бойынша жақын келетін жаңа мазмұнды енгізуге
дейін барады. Зерттеуге қолданылған шаралардан жоғарғы нүктелер жайлы пікірлерге
қарағанда мұнда төменгі дамудың нүктелеріне қатысты аздаған айғақтарды ғана табуға
болады. Мұны көрсетуге бір-екі мысал жеткілікті болады.
Драма әдебиет формасының ерекше түрі ретінде белгілеуге жеңіл көнеді, қазіргі заманғы,
ежелгі жерортатеңіздік, үнділік, қытайлық және жапондық өркениет оларды жеткілікті
түрде салыстыруға болатын ұқсас және сөзсіз эстетикалық құндылық болып табылатын
драма үлгілерін жасады. Ауқымды сала театрлы - драма өнері барлық құбылыс түрлерін:
биден бастап, салтанатты топтарды, шерулер мен құпиялылыққа дейін, моральдық
пьесаларды қамтиды. Бұл көрініс формаларының барлығын біз ресми діни бағыты және
эстетикалық тұрғыдан әлсіз өңделген деп, әрекет ретінде қарастырудан шығарып тастай
аламыз. Сонымен бірге, біз қарастыру аймағына жапондық театры пьесаларын олардың
діни сюжеттеріне қарамастан енгізе аламыз, өйткені, оларда саналы түрде әдеби
қолданылады.
Тұтас алғанда шынайы, эстетикалық, зиялылық драмасының пайда болу уақытын басқа
мәдениеттерде құндылық ретінде мойындалатын, оның дәл сол мезеттегідей перманент
сапаға ие болатындығын барынша нақты анықтауға болады. Бірақ, драманың
кульминациялық дамуына жетуден кейін,әдетте, ұдайы төменгі сапалы деңгейде жой
қарапайым түрде өндіріле бастайды, дегенмен, тіпті осы деңгейде қалғанның өзінде драма
өмір сүруін жалғастырады. Ол, мәдениетке мықты тамырланған және даусыз рахаттануды
қамтамасыз ететін, нақты белгіленген баз еті әрекет болады; егер, осы немесе басқа әрекет
жоғарғы құндылықтарға бағытталуын жоғалтса, енді ол оған жетуге жағдайсыз, бірақ,
нағыз істің білімімен орындалуы мүмкін. Дамуда симметрия бар, әлде жоқ екені жайлы
талқылау үшін дамудың аяқталу мезетін қай жерде белгілеуге болады?
Мысалға, ағылшын драмасын алайық. Алғашқы әдеби байқау шамамен 1560 ж. басталады.
1580 ж. нағыз халықтық өлең драмасы пайда болады. Ол Марло, кейіннен Шекспирлер
күшімен тез сапалы асқақтады. Шекспир драмалары мен басқа да авторлардың шарықтау
кезеңі күнін 1601-1616 ж.ж. деп нақты атауға болады. Әрі қарай жылдам құлдырау жүріп,
1642 ж. драма театрларының жабылуымен аяқталады.
Сонымен, біз бұл жағдайда таза симметриялық дамуды қарастырамыз: егер
фальстарттарды санамағанда паттерн қалыптасқанға дейін 20 жылдық осу, немесе, 40 жыл
олармен бірге және 26 жыл құлдырауда болған. Оның арасында драмалық өнер
тұрғысынан қарағанда азаматтық соғыс сыртқы катаклизманы көрсетті. Даму профилін
осы уақыт нүктесімен аяқтаған заңды болар ма екен? 1660 ж. өзіне рифмделген батырлық
пьесаларын, Елизавета уақытының қойылымдары көрінісі мен прозалық Реставрация
комедиясын жинақтай отырып, драма қайта өркендейді. Соңғысы 1700 ж. даусыз
шарықтау шегіне жетеді де, одан соң тез өледі. 1660- 1700 ж.ж. кезеңін кейінге
қалдырылған қорытындылаушы фаза деп есептеуге, немесе ханшайым Елизавета уақытты
шарықтауының ұлы эпилогі «Драмаң атты тарауда қарастырылған, біз онда бұл сұраққа
ерекше бекітемін жауап бердік. Бірақ, бүл эпилог болатын болса, онда: даму биігіне
дейінгі 20 немесе 40 жыл, одан соң 85-95 жыл конфигурацияның симметриялы емес
екенін анықтайды.
Бұл осымен бітпейді, 1700 ж. институт ретінде де өлген жоқ. Ол тек жоғары сапаларын
жоғалтты. Шынында, оның қайта өркендеуіне жаңа қадамдар: шамамен 1775 ж. Шеридан