Page 57 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
57
анықталған, дегенмен, шектелген поэтикалық форма мен көптеген мазмұнды
тақырыптарды туғызды. Кейінгі әдебиет эпикалық тақырыптарға сүйене отырып, басқа
формаларды қосты, бірақ, оларды әр қилы өңдеді және өзгертті. Сондықтан, эпикалық
поэмалар белгілі бір мағынада келесі едәуір күрделі даму үдерістерінде ұстануға болатын
идеялар жүйесін де берді. Айта кететін нәрсе, осындай соңғы даму үдерістерінің бірінде
шет елдік ықпал келіп байлануы да мүмкін. Жаны бар, бірақ өнімсіз, "санскриттік драма
Грекиядан шықты ма?" деген пікірталастар да жүргізіліп жүр. Белгілі бір ықтималдық бар,
мұнда біз тағы бір ынталандыратын сыртқы оятушы оқиғаның қабылдануымен
байланысты іске араласамыз, ол тарихи қарызданудың мысалы болып қызмет жасай
алады.
Араб өркениетін — ерте безендірілген идеялардың базисті жүйесі арттырылып жатқанда
және шарықтау шегіне әлдеқайда кейін жетсе, белгілі бір деңгейде осы берілген тұрпатқа
қатысты деп есептеуге болады. Араб өркениетінің қалыптасуы Мұхамметпен жасалған
идеялар жүйесінен басталады. Оған дейін араб мәдениеті лирикалық поэзиясын
есептемегенде, ешқандай сапалы көз тартатынды болған жоқ. Ислам бекітілгеннен кейін
кең масштабтағы мәдени материалды игеру басталды, философия, ғылым, әдебиет пен
соулет өнері дами бастады. Дегенмен, бұлар басты түрде парсы, сириялық, египеттік және
т.б. шығармашылығы болды, оларды ең алдымен өздері жасаған осы тіл мен діни
жалпылықтың дәстүрдің жалпылығымен толықтырылған тіл мен діннің ортақтығы
біріктірді, сонымен қатар, олар көбінесе алдыңғы өркениеттен мұра етіп алған
материалмен жұмыс істеді. Арабтар мәдени шығармашылық сахнасынан тым тез кетті.
Дамудың тарихи аренасынан ұрықтандырушылар мен ынталандырушылардың кетуі —
бірегей оқиға еместігі өздігінен белгілі, грек-римдік өркениет те әлемдік маңыздылыққа
ие болған. Қандай да бір деңгейі жағынан ұқсас феноменді жаппай табуға болады, оны біз
төменде қарастырамыз. Шынымен араб мәдениетінің айырмашылықты ерекшелігі болып,
мұсылмандық діни жүйе кейіннен айналасына күшті және бай өркениетті ең жалғыз
құбылыс болып табылды. Бұл қатынаста — нақты айтқанда адам сенімі мен тәртібіне
қатысты формулалар кешені ірі мәдениеттің дамуы мен оның өзегі болып өтті, — араб
өркениеті үнді және қытай өркениеттерін еске түсіреді.
§116. Дамудың қисықтық мәселесі
Мәдениет дамуының траекториясы өзінің конфигурациясымен қаншалықты қалыпты
симметриялық қисықтыққа жақындайды деген сұрақ туындайды. Олардың әрқашан
мұндай жолды таңдайтындығы айқын. Мәдениет дамуының профилі бұл сызықтан
ауытқитындығы да кездеседі. Олай болатын болса, коп жағдайларда көтерілу мен
құлдырау негізінен симметриялы деп тұспалдауға болады. Сондай - ақ, егер мәдени қуат
шығармашылық паттерндерде жүзеге асқанда оның босатылуы көтерілуде ұмтылысты
өтеді, сол уақытта құлдырауы біртіндеп жүреді деп те тұспалдауға болады. Екінші
жағынан, паттерннің дамуын адамдардың ұзын тізбектелген тармағы он бойымен баяу
өтетін үдеріс ретінде де елестетуге болады, ол өзін қалай толыққанды түрде жүзеге
асырып, алдын-ала анықталған мүмкіндіктері тауысады, дәл сол мезетте оның құлдырауы
басталады. Мәселенің мәні келесіде: тарих айғақтарына оралатын болсақ бұл даму
қырларының қайсысы адам тәжірибесінде жиі кездеседі?
Бұл сұраққа жауап берудің қиындығы біріншіден өлшемнің күрделілігінде. Қисықтың
төбелік нүктесін анықтау әртүрлі пікірде болуы сирек және бұл өлшемге енудегі алғашқы
қадам. Дегенмен, біздің қалай дамудың шыңынан алыстайтындығы байланысты — мұнда
алға немесе артқа кетуіміз маңызды емес, қарастырылатын сапаның көрінісі барған сайын
анықталуы азаяды, ол туралы түсінік пікірталасты, әрі шешімсіз бола түседі.