Page 59 - МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ҒЫЛЫМ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРЫ

Basic HTML Version

Қазақстанның ашық кітапханасы
59
мен пьесаларында, ХІХ-ХХ г. Уайльд пен Шоу шығармаларында, прозалық комедияда
жасалған. Оларды паттерн жандануының жалғастырылмайтын кезеңдері деп елестетуге
болады, шын мәнінде өзін әлдеқашан тауысқан, бірақ, жоғалуға кесілді дегеннен кейін оз
өмірін екі жүз жыл жалғастырған.
Ағылшын драмасының дамуын қандай да бір бірегей және барлық өзінің қайталанбайтын
сапалы ерекшеліктерімен жеткілікті түрде сенімді көрінетіндей айқын конфигурациясын
қарастыру бір жұмыс. Басқа бір жұмыс — осы конфигурацияның графикалық және
сандық көрінісін басқалармен бір қатарға қою: конфигурацияның даралығы мен
тұрпаттық өзгешелігін айқындайтын ерекше белгілері қарастыру шеңберінің сыртына
шығарылады, ал көтерілу, шарықтауы мен құлдырауына арналған жылдар саны ақиқатқа
сәйкес келмей, шатастыруға апаруы мүмкін.
Егер бұл мысалды басқалармен салыстырса, қиындықтар одан да көбейе түседі. Мысалы,
гүлденуі бір уақытқа келген испан және француз драмасы, ағылшын драмасы да дәл солай
өміршеңдігін сақтады; дегенмен, олардың даму кезеңдері ұзағырақ, кезеңділігі мен және
түйсікпен қармайтындығымен ерекшеленеді, осыған байланысты олардың пайда болу
мерзімін анықтау қиынға соғады, ол жөніндегі пікірлер де тым айырымды.
Мәдениет аймағына орала отырып, жоғары құндылықтарды туғызатын кейбір паттерндер
таңқаларлық жылдамдықпен жинақталды, ол кезде басқалардың айырмашылығы, олардың
шығармашылық өнімділігі сондайлық тез азайып, жоғалды, бұл үдерістегі кемуді қандай
да бір сыртқы факторлардың ашық әсерінен деп түсіндіруге болмайтынын біз сенімді
түрде айта аламыз. Осу мен кемудің салыстырмалы түрде баяу және біртіндеп өтетін
үлгілері де бар. Дәл солай шарықтау кезеңі бір жағдайларда — қысқа, ал екіншісінде —
қысқа болады. Барлық бұл ерекшеліктердің бәрі, шамасы, бір-бірімен ауыстырылуы
мүмкін, сондықтан, нәтижесінде ұзақ және қысқа, төбесі үшкір және толық горизонтальді,
басында қиын немесе аяғында симметриялы да конфигурациялар болуы мүмкін.
Қорытынды шығара отырып, әрбір тұрпаттағы мысалдармен суреттеген артық болмас.
Конфигурацияның ерте шыңына жетуі
Неміс философиясы.
Қытай мүсіні.
Тям мүсіні.
Моғол - раджлут кескіндемесі (парсыдан шыққан).
Қытай кескіндемесі.
Ағылшын драмасы.
Латын драмасы.
Жапон поэзиясы (танка).
Грекия әдебиеті (берілген Гомер конфигурациясына қоса отырып).
Италиялық әдебиет тұтасымен.
Симметриялық конфигурацияға жақындар